75. Стильаралық бейтарап лексикаға қандай сөздер жатады? Оның функционалды стиль лексикасынан айырмашылығы неде?


Қазақ тілі фразеологиясының зерттелу тарихын хронологиялық кестеге түсіріңіз. Кестеде автор, ғылыми еңбек атауы, шығыс мәліметтері, көтерілген мәселелері қамтылсын



бет4/9
Дата18.12.2022
өлшемі53,68 Kb.
#57908
1   2   3   4   5   6   7   8   9
80.Қазақ тілі фразеологиясының зерттелу тарихын хронологиялық кестеге түсіріңіз. Кестеде автор, ғылыми еңбек атауы, шығыс мәліметтері, көтерілген мәселелері қамтылсын.
Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болды:

— ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы – қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.

— 60 – 70 жылдар – қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.

— ХХ ғасырдың соңғы он жылы – фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салыстырмалы фразеология.

Қырықыншы жылдардан бері қазақ тілінің фразеологизмдері әр қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып, диссертциялық зерттеулер обьектісіне айналды. Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зеттеуге алғашқа кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар дені түгел назар аударды. Фразеологизмдердің теориялық – практикалық мәселелерін І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев және кейінгі буын зерттеушілер А. Байтелиев, Қ. Қалыбаева, Н. Қашанова, С. Сәтенова т.б. фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтарын, синтаксистік қызметін арнайы зерттеп, тұжырымдар жасады

Фразеологияны дербес пән ретінде қарастыру туралы ой тастап, түркі тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге байланысты зерттеудің тууына игі әсер еткен, қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І. Кеңесбаев болды [39].



Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың фразеология мен лексикографияны зерттеу саласындағы кызметі орасан зор. Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев 10000 қазақ фразеологизмдерін жинап қана қоймай оған талдау жасап, зор жауапты да, ауқымды енбекті бастан атқарды. Окымыстының бұл саладағы деректерді жүйеге келтіріп, зерттеуге ынтасының ауа бастағаны 1930 жылдардың аяқ шені болатын. Жергілікті халықтық ауызекі тілін тікелей бақылау әрі жазба нұсқаларға зер салу ғалымнық қазақ фразеологизмдерін сөз- тіркестерінің өзге тобынан ажыратып бөлек қарастыруына себеп болды. Автордың бұл саладағы дамылсыз ізденістерінің нәтижесінде «Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері» деген еңбек жазылды да, ол кейін (1944 ж.) докторлық диссертациясына негіз болды. Бұл — фразеологизм туралы түркологиядағы алғашқы еңбек болатын. Бұл салада ғалымның, әсіресе, көп жылдық еңбегінің жемісі 1977 ж. басылып шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» ерекше атау қажет. Мұнда бай фразеологиялық қор жүйеге келтіріліп, қыруар дерек пайдаланылған. Бұл шынында, бүкіл отандық сондай-ақ, шетелдік түркологияда да көлем жағынан да (88 баспа), сапа жағынан да осы саладағы тұңғыш еңбек болып отыр. Сан жылдар тірнектеп жиған мол тілдік деректерін былай қойғанда, сездік шықпай тұрғанда да I. Кеңесбаев қазақ тілінің мүлдем қозғаусыз тың жатқан проблемасы жайында ғылыми журналдардың бетінде бірнеше дүркін мақала зерттеулер жариялаған-ды. Сөздікте фразеологияның өз объектісінің басы айқын сараланып, оның түр-сипаты, мақал-мәтел, афоризм секілді тіркестердің өзге түрлерінен айырмашылығы тәптіштей көрсетіледі. Сөздікте фразеологизмдердің лексикалық мағынасы ғана көрсетіліп қоймай, олардың кейбір нәзік стильдік жақтарына дейін салиқалы сипаттама беріледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет