75. Стильаралық бейтарап лексикаға қандай сөздер жатады? Оның функционалды стиль лексикасынан айырмашылығы неде?


Қазіргі қазақ тіліндегі неологизм сөздерге сипаттама беріңіз. Неологизм сөздердің жасалу тәсілдерін талдаңыз



бет2/9
Дата18.12.2022
өлшемі53,68 Kb.
#57908
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
75-90 Сессия

77.Қазіргі қазақ тіліндегі неологизм сөздерге сипаттама беріңіз. Неологизм сөздердің жасалу тәсілдерін талдаңыз.
77.Неологизм– (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.
Неологизм лексикалық және семантикалық болып екіге бөлінеді.Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатады. Семантикалық неологизм деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады.
Неологизм тілдің лексикалық құрамына ауызша және жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мәдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген неологизм ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған неологизмнің көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, антропогендік фактор, компьютерлік жүйе, компьютер орталығы, т.б
Неологизм төрт түрлі жолмен жасалады.
Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы, революция, колхоз, совхоз, кино, театр, телевизор, спутник, ракетчик, бригада, фермер т. б.
Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Неологизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мәні зор. Мысалы: зейнетақы, жарғы, төлемақы және т.б.
Сөздердің бірігуі арқылы: жеделсаты, жылыжай, төлқұжат, жеделхат, әуежай т.б.
Сөздердің тіркесуі арқылы: эл. күнделік, жан сақтау, органикалық тыңайтқыштар т.б.
78.Қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті лексикаға жататын сөздерді айқындаңыз, стильдік қызметін талдаңыз.
Сөздер зат, құбылысты олардың белгі қасиетін ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы эмоционалды-экспрессивті лексикаға жатады.
Бұл сөздер тобы әр түрлі жолмен пайда болған
Бірқатар сөз ешбір қосымшасыз жеке тұрып эмоционалдық бояуға ие болады
Мысалы: Уа, кемпір, шүйінші шүйінші! Сатан келді, Сатан! Деп қозы тартқыш Үйрекбай айғайлады(І,Жансүгіров)
Кейбір сөздер белгілі бір текст ішінде эмоционалды бояуға ие болады.
Қарағым, неткен сұлу ең?!
Деп таңырқап, таңданды.
Неткен мойын, неткен көз!
Морфологиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер
Мысалы: құлыншақ, ағеке, ағатай, ағажан, алпамсадай



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет