75. Стильаралық бейтарап лексикаға қандай сөздер жатады? Оның функционалды стиль лексикасынан айырмашылығы неде?


Фразеологизм деп тану шарттарын атаңыз. 5 фразеологизмге мысал келтіріп, аталған шарттарға сәйкестігін дәлелдеп жазыңыз



бет5/9
Дата18.12.2022
өлшемі53,68 Kb.
#57908
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
75-90 Сессия

81. Фразеологизм деп тану шарттарын атаңыз. 5 фразеологизмге мысал келтіріп, аталған шарттарға сәйкестігін дәлелдеп жазыңыз.
Фразеологизмдер дегеніміз -Тіл білімінің тұрақты тіркестерді зерттейтін саласы.
Негізгі үш шарты
Даяр қалпында жұмсалуы
Мағына тұтастығы
Тіркес тиянақтылығы
Мысалы:
Төбесі көкке жетті
Жерден жеті қоян тапқандай
Мұрнын шүйірді
Ескі жараның аузын ашты
Ағама жездем сай
82. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев еңбегінің негізінде фразеологизмдердің түрлерін атап, жеке-жеке сипаттама беріңіз, фразеологизмдердің сөз табына қатысын талдаңыз.
Фразеологиялық тұтастық.
Бұл топқа құрамындағы сөздер бір- бірімен тұтасып,әбден жымдасып кеткен олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға келмейтін тұрақты тіркестер жатады .Мәселен,мұрнынан шаншылып жүр,су жетпеді,қол тимеді,иегінен тағалы ат тайып жығылғандай.
Фразеологиялық тізбек бұларда фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады .Мысалы: Бота көз,қоян жүрек,тоң мойын , сойдақ тіс,жүйке тамыр.
Фразеологиялық бірлік фразеологиялық тұтастық сияқты орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді.Мысалы: ескі жараның аузын ашты( қайта қозғады,өткенді еске салды).Көз көрмес,құлақ естімеген жер
Қазақ тілінде фразеологияның сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен 4 топқа бөлінеді:
1) Етістік 2)Сандық мағына 3)Заттық мағына 4)Үстеу мағына

83. Фразеологизмдердің семантикалық категорияларына түсінік беріңіз. Г.Смағұлованың еңбектері негізінде фразеологиялық синоним, антонимдерге сипаттама беріңіз, стильдік қызметін талдаңыз.
Фразеологияның семантикалық категориялары: Омоним ,Синоним,Антоним.
Омоним дегеніміз компоненттері бірдей фразеологизмдердің басқа- басқа мағынаға ие болуы.Мысалы: ат қою- балаға ат қою,өлген кісінің үйіне атпен шауып бару шабуылға шығу,көзі ашылу
Синоним фразеологиялық тіркестердің өзара синонмдес болып келуі жиі кездеседі.Фразеологиялық синонидер стильдік варианттар есебінде қолданылуға ыңғайлы келеді.Мысалы: қаз пен көздің арасында- көзді ашып жұмғанша,тайға таңба басқандай- соқырға таяқ ұстатқандай ,зыр жүгіру- дедек қағу- қол аяғы жерге тимеу
Антоним Қазақ тілі фразеологизмдердің ішінде антоним жиі кездеседі .Мысалы: тастай қараңғы- шайдай ашық,ақ көңіл - қара жүрек,көңіл суылды-іші жылы,ер жүрек - су жүрек


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет