77. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқайдың естеліктері



бет3/3
Дата26.04.2023
өлшемі23,67 Kb.
#87108
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
тарихбилет4

79.Қазақстандағы Жер-су реформасы.
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған eді. Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқытып - үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.
Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден “ауылшаруашылығы пролетариатының” мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды.

80. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат(ЖЭС):мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
Жаңа экономикалық саясат- халық шаруашылығына әкімшіл-әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде нарықтық қатынасқа уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекетінің ерекше саясаты. Жаңа экономикалық саясат аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртұтас қамтыған жүйе болып қалыптасып үлгермеді.
Кеңестердің Қазақстандағы 1921-19256 жылдардағы жүргізілген экономикалық саясаты қарама-қайшылықтарға толы болды. Революцияның шалғай аудандар мен ұлттық шеткері аймақтарға көрсеткен қолдауының маңызы жөнінде көп айтылды. Жаңа билік Кеңес өкіметінің Ресейдің негізгі астықты аудандарында нығаюына көп көңіл бөлді. Ұлттық аудандар мемлекеттің шеткері аймақтарға көрсеткен қолдауының маңызы жөнінде көп айтылды. Жаңа билік Кеңес өкіметінің Ресейдің негізгі астықты аудандарында нығаюына көп көңіл бөлді. Ұлттық аудандар мемлекеттің шеткері бөліктері ретінде қарастырылды. Орыс емес халыөтардың мұқтаждықтары мен оларға қамқорлық жасау іс жүзінде емес, көбінесе сөз жүзінде айтылды. Сәтсіздіктердің себептері шаруаларды жермен,тұқыммен,керекті құрал-саймандармен қамтамасыз ете алмаған,ауыл шаруашылығының дамуын қандай да бір жоспарлы арнаға бағыттай алмаған мемлекеттің өзінде болды. Қазақтарға сол кез үшін ең қажетті нәрсе- олардыі мал шаруашылығымен айналысуға , дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар мен мәдени салттарды сақтауға мүмкіндік беретін экономиканы қалпына келтіру еді. Халықшаруашылығын қалпына келтіру басталғанымен, ол баяу жүрді. Халықтың жаппай наразылығы жалғаса берді, өйткені рынок іс жүзінде қаңырап қалған еді. Дегенмен Қазақстанның мал шаруашылығы мен ауылшаруашылығы біртіндеп күш ала бастады. Егілген жер көлемі ұлғайып, 3,0 млн гектарды құрады. Олар,Ақмола,Семей губернияларының астықты аудандарында бұл көрсеткіш соғысқа дейінгі деңгейге жетті. 1925 жылы 1914 жылғы көрсеткішпен бірдей 92 млн пұт астық жиналды. Мал басының саны екі еселеніп,көшпелі мал шаруашылығы біртіндеп қалпына келе басьады. 1925 жылдың соңына қарай өнім өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 6 есе дерлік өсіп, шамамен соғысқа дейінгі деңгейдің үштен екісіне жетті. Өнеркәсіп орындарының 60% -ынан астамы іске қосылды. Сауда кеі құлаш жайды. 1926 жылы Қазақстан аумағында 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс істеді. Осылайша, республиканың халық шаруашылығында байқалған серпіліс дағдарыстан шығудың,экономиканың дами бастағанына дәлел болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет