8 класқа арналған тест сұрақтары II нұсқа
Қосылу реакциясын анықта
а) бірнеше жай зат түзеді б) бірғана зат түзеді
в) бір ғана күрделі зат түзеді г) бірнеше күрделі зат түзеді
2. Қай қосылыста хлордың валенттілігі 7 ге тең?
а) H CI O2 б) HCI в) HCIO4 г) HCIO
3. Химиялық құбылысқа жататындар:
а) автомобил қозғалтқышында бензиннің жануы
б) сүттің ашуы
в) қардың еруі
г) ағаштарда қыраудың пайда болуы
4. Мыналардың қайсысының салыстырмалы молекулалық массасы үлкен?
а) хлорсутек HCI в) су H2 O
б) фторсутек HF г) күкіртті сутек H2 S
5. Күкірт (IV) оксидінің формуласында оттектің индексі
а) 1 ге б) 2-ге в) 3-ке г) 4-ке
6. ...Ва + О2 = ...ВаО теңдеуінде қалдырылып кеткен коэфициенттердің мәнін көрсетіңдер:
А) 1,1 б) 2,2 в) 3,3 г) 4,4
7. Қай қосылыста оттектің массалық үлесі көп?
а) AI2 O3 в) B2 O3
б) Fe2 O3 г) P2 O5
8. Берілген реакция теңдеуіндегі Х және оның алдындағы коэфициент
H2 S + O2 = x + H2 O
а) S б) H2 в) SO2 г) 2SO2
9. Зертханада сутекті қандай заттар бір-бірімен әрекеттескенде алады?
а) темір мен су б) кальций оксиді мен су
б) натрий мен су г) мырыш тұз қышқылымен
10. 300 гр 15 - тік ерітіндіні дайындау үшін қанша тұз, қанша су қажет?
а) 25 гр тұз және 75 гр су б) 35 гр тұз және 65 гр су
б) 45 гр тұз 255 гр су г) 55 гр тұз және 245 гр су
11. Қай реакция тобын сілтілер алу үшін қолданылады?
a) Li2O + H2O = в)CaO + H2O =
CuO + H2O = K2 O + H2 O =
б) SO3 + H2O = г) CO2 + H2 O =
P2O5 + H2 O = Na2 O + H2 O =
12. Қышқылдардың формулаларын көрсетіңіз
а) MgSO4 б) H2 SO4 в) MgO г) HCI
13. Тұз қышқылымен әрекеттеспейді
а) Ag б) AI в) Zn г) Fe
14. Э -----Э О2 --------Н2 ЭО3 тізбегіндегі «Э» элементі :
А) CI б) S в)N г) H
15. Сілті ерітінділерінде фенолфталейннің түсі қалай өзгереді?
а) түссіз б) таңқурай түстес в) көк г) сары
16. Бейтараптану реакциясы деп:
а) қышқылдың металл оксидімен б) қышқылдың металмен
в) қышқылдың негізбен г) қышқылдың тұзбен
реакциясын айтады
100 гр ерітіндіде 10 гр тұз бар. Осы ерітіндідегі тұздың массалық үлесі?
А) 100г б) 20г в)0,05г г) 0,1 г
18. Төменде айтылғандардың қайсысы дұрыс емес
А) қышқылдар дегеніміз- сутек атомдарынанжәне қышқыл қалдықтарынан
тұратын күрделі заттар
б) қышқылдар индикатордың түсін өзгертеді
в) негіздермен әрекеттеседі
г) қышқылдық оксидтермен әрекеттеседі
19. Атомдағы энергиялық деңгейлер қалай анықталады?
а) элементтің реттік нөмірімен в) топтың нөмірімен
б) қатардың нөмірімен г) периодтың нөмірімен
20. Элементтің электрондық формуласы 1s2 2s2 2p3. Оның реттік нөмірін анықтаңдар
а) №2 б) №3 в) №5 г) №7
21. Қай элементтің атомдары электрондарды қосып алып, теріс зарядталған иондарға айналады?
а) Са б)Ғ в) Na г) Br
22. Электртерістіктері әртүрлі атомдар арасында қандай байланыс түзіледі?
а) иондық в) коваленттік полюсті
б) металдық г)ковалентті полюссіз
23. Қай қосылыста көміртектің тотығу дәрежесі -4
а) CO2 б) CH4 в) CCI4 г) H2CO3
24. Химиялық реакция теңдеуіндегі тотықтырғыштың алдындағы коэфициент қандай?
NO + O2 = NO2
А) 6 б) 3 в) 2 г) 1
25. Құрамында 9,8 г күкірт қышқылы бар ерітінді натрий гидроксидінің артық мөлшерімен бейтараптанады. Сонда түзілген тұздың мөлшері:
А) 0,05 г/моль б) 0,1 г/моль в) 0,01г/моль г) 0,2г/моль
Достарыңызбен бөлісу: |