№8 (1348) 22 ақпан 2017 жыл, сәрсенбі «экспо-2017» көрмесі қарсаңында өңірде қызғалдақ, қымыз және Қазақ хандығы фестивалі өтеді. 107 күн қалды



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата24.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#10230
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

www.z-taraz.kz

 №8 (1348) 22 ақпан

 

2017 жыл, сәрсенбі



«ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында өңірде қызғалдақ, қымыз және 

Қазақ хандығы фестивалі өтеді. 



107 күн қалды

 

„



28 ақпан – жыр 

алыбы Жамбылдың 

дүниеге келген күні. 

Халық поэзиясының 

көрнекті өкілі, 

сөз сүлейі, дүлей 

жырдың дүлдүлі, 

жырау, жыршы, 

КСРО Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты 

Жамбыл Жабаевтың 

шыңыраудай 

шығармашылығы, 

жанартаудай жыр 

мұрасы Ұлы Дала 

Елінің ұрпағына 

мәңгілік аманат. 

Жырдың қызыл 

жолбарысы атанған 

Жамбылдың жауһар 

мұрасы ел арасында 

өміршең өнер мектебін 

қалыптастырып, 

ұрпақтың рухын 

қанаттандырып, 

ұлттың мәдениеті мен 

әдебиетінің абыройын 

жыл сайын жер-

жаһанға асқақтатып 

келеді. 


 

„

Қыс – қатал сыншы. Желтоқсанның желді күндеріне, қаңтардағы қалың қарға, ақпанның аязына 



қарамастан, қаладағы барлық жауапты мекемелер шаһар тазалығына бір кісідей атсалысып, белсенділік 

танытты.


 

7-бет

 

11-бет

ЖОлың бОлСын, ЖаС МаМан!

 

9-бет

 

8-бет

қыс қаһарлы,

іс қарқынды


Қала-ҚаРбалаС

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348),  22 ақпан  2017 Жыл  //



 

„

Елбасы нұрсұлтан назарбаевтың ұсынған конституциялық реформа мен Жолдаудағы міндеттерді 



өңір халқына насихаттау мақсатында қазақстан республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара 

Әбдіқалықова жұмыс сапарымен облысқа келді.

кЕлісіМ МЕн тұрақтылықтың 

даңғыл Жолы

Арайлым ШАбденовА

Гүлшара Наушақызы әуелі Достық 

үйінде жұртшылықпен жүздесті. Содан 

кейін электронды «Тілек ағашына» Жам-

был халқына арнаған ақ тілегін қалдырды. 

Сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы 

Ассамблеясының  қызметіне  және 

облыстың  әлеуметтік-экономикалық 

дамуына арналған көрме жұмысымен 

танысты. Мемлекеттік хатшы Гүлшара 

Әбдіқалықованың  қатысуымен 

Достық үйінде «Қазақстанның Үшінші                        

жаңғыруы  –  өсудің  жаңа  моделі» 

тақырыбында облыстық Қазақстан халқы 

Ассамблеясы  жанындағы  Қоғамдық 

келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы 

өтті. Кеңес отырысына Қазақстан халқы 

Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, 

хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, 

облыс  әкімі,  өңірлік  Ассамблеяның 

төрағасы Кәрім Көкірекбаев, Тараз қаласы 

мен аудан әкімдері, Жамбыл облысының 

этно-мәдени  бірлестік  жетекшілері, 

Алматы  қаласы,  Алматы,  Оңтүстік 

Қазақстан және Жамбыл облыстарының 

Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері 

қатысты.  Гүлшара  Әбдіқалықова  өз 

сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

«Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруы: 

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 

Жолдауында  Қазақстанның  Үшінші 

жаңғыруын  іске  асыру  жөніндегі  бес 

басымдықты айқындап бергенін атап өтті. 

–  Ел  Пре зиденті  Жолдауда: 

«Болашағын айқындап, сын-қатерлерді 

күтіп отырмастан, оған табанды түрде 

қарсы тұра алатын халық қана жеңіске 

жетеді» – деп атап көрсетті. Сонымен 

бірге Конституциялық реформа, Мем-

лекет басшысы атап көрсеткендей, осы 



 

„

облыстық ақпараттық үгіт-насихат тобы ұлттық банктің Жамбыл облыстық 



филиалы қызметкерлерімен Мемлекет басшысының «қазақстанның үшінші 

жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады. 

салаға серпін берген басымдық

Шынболат СеЙдУАЛИев

Банк қызметкерлерімен болған кездесуге облыстық 

ақпараттық  үгіт-насихат  тобының  мүшелері,  ІІД 

облыстық  жергілікті  полиция  қызметінің  басшы-

сы  Бақытжан  Бейсеев,  еңбек  ардагері  Амангелді                                                                                                    

Карентаев,  ТИГУ  қамқоршылық  кеңесінің  төрағасы 

Қайрат  Байжанов  және  Ұлттық  банктің  Жамбыл 

облыстық филиал директоры Евгений Шарыгин қатысты. 

Олар  биылғы  Жолдауда  көзделген  мақсат-міндеттер 

мен атап көрсетілген басым бағыттар туралы хабарлама 

жасап, қызметкерлермен пікірлесті. 

Шарада  алғаш  болып  сөйлеген  еңбек  ардагері 

Амангелді  Карентаев  Жолдауда  аграрлық  салаға  да 

басымдылық  беріліп  отырғандығын  айтып,  өңірдің 

бүгінгі ауыл шаруашылығының жағдайын тәуелсіздік 

алған  жылдардағы  кезеңмен  салыстырды.  Облыстың 

ауыл шаруашылығы басқармасын 10 жылдай басқарған 

еңбек  ардагері  егемендік  алған  жылдары  осы  салаға 

350 млн теңге ғана бөлінетіндігін тілге тиек етіп, бұл 

қаржымен он ауданды қамтамасыз ету қиын болғандығын 

да жасырмады. Сондай-ақ ол азық-түлік, сүт өнімдерін 

өңдейтін орталықтардың жұмыс жасамағандығын алға 

тартып, қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікке ден 

қоюдың арқасында бұл сала өркендеп келе жатқандығын 

жеткізді. 

–  Ел  егемендігін  алған  тұста  еліміздің  ауыл 

шаруашылығындағы  жағдай  да  мәз  емес  еді.  Бертін 

келе, Елбасының осы салаға серпін беруінің арқасында 

дамып  келеді.  Биылғы  Жолдауда  Елбасы:  «Аграрлық 

сектор  экономиканың  жаңа  драйверіне  айналуы                                                                                                            

керек» – деп атап көрсетті. Демек, еліміздің агроөнеркәсіп 

кешенінің болашағы зор. Сондай-ақ Мемлекет басшысы 

«Қазақстанда  жасалған»  деген  бренді бар өнімдердің 

санын көбейтуді қолға алып отыр. Бұл бағыт бойынша 

облысымыздың  өзінде  аз  жұмыс  атқарылып  жатқан 

жоқ.  Халықаралық  нарықта  бәсекеге  қабілетті  болу 

үшін Елбасы Үкімет пен облыс әкімдеріне тапсырмалар 

берді. Егер ол тапсырмалар іске асатын болса, бес жыл 

ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен 

шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік 

жасалатын  болады.  Бұл  аграрлық  салаға  тың  серпін                                    

бермек, – дейді Амангелді Карентаев. 

Мұнан  кейін  сөз  тізгіндеген  ТИГУ  қамқоршылық 

кеңесінің  төрағасы  Қайрат  Байжанов  Жолдаудағы 

елдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын  арттыруға 

бағытталған  іс-шараларға  тоқталды.  Оның  сөзінше, 

1991  жылы  еліміздегі  жалпы  ішкі  өнім  жан  басына 

шаққанда  700  АҚШ  долларын  құраса,  қазіргі  таңда 

экономикалық саясатты дұрыс қолданудың арқасында 

бұл көрсеткіш 20 есеге өскен. Сондай-ақ ол мемлекеттік 

билік тармақтарының арасында өкілеттіктерді қайта бөлу 

туралы Елбасы Үндеуіне де егжей-тегжейлі тоқталып 

өтті. Сонымен қатар ІІД облыстық жергілікті полиция 

қызметінің  басшысы  Бақытжан  Бейсеев  Жолдаудағы 

бесінші басымдылық – институционалдық өзгерістерге, 

қауіпсіздікке  және  сыбайлас  жемқорлықпен  күреске 

қатысты мәселелерді атап өтіп, қылмыстардың  алдын 

алу мақсатында жұмыс жасап жатқандықтарын жеткізді. 

Шара  барысында  филиал  директоры  Евгений                     

Шарыгин  Елбасы  мемлекетіміз  үшін  маңызы  бар 

құжатта Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа келтіру 

жөнінде  шаралар  кешенін  әзірлеуді  тапсырғандығын 

айтты. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының Жолдауында 

банктердің ахуалына жедел бақылау орнату үшін Ұлттық 

банкке  көбірек  құқық  берген  жөн  деп  айтқандығына 

тоқталып, жұмыс жасау күшейетіндігін мәлім етті. 

Кездесуге  жиналған  банк  саласының  ұжымы 

маңызы  бар  құжат  турасында  өздерінің  пікірлерін 

білдіріп,  Елбасының  тың  бастамалар  көтеріп,  барша 

қазақстандықтар алдына үлкен міндеттер қойып отырған 

бұл Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын білдірді.

аймақ тіршілігімен танысты.   суретті түсірген н.тұрғынбек.

күнге дейін жүргізіліп келген қоғамдық 

істерді одан әрі демократияландыруға 

бағытталған  мемлекеттік  саясаттың 

жүйелі жалғасы болып табылады. Қазір 

еліміздің барлық өңірінде осы екі айтулы 

құжаттың  маңыздылығы  жан-жақты 

талқыланып,  халыққа  түсіндірілуде. 

Конституциялық өзгерістердің алдын 

ала  шығарылуы,  биліктің  ашықтық 

қағидатын  ұстанып  отырғанын  атап 

өткіміз  келеді.  Қазақстан  халқы  Ас-

самблеясы Елбасы қабылдаған саяси 

шешімді  алғашқылардың  қатарында 

қолдап, заман талабына сай реформа-

ны Қазақстанның серпінді дамуының 

жаңа үлгісі деп атады, – деді Гүлшара 

Наушақызы. 

Сондай-ақ жиында Қазақстан халқы 

Ассамблеясы  Төрағасының  орынба-

сары  Ералы  Тоғжанов  Елбасы  Жол-

дауында  айтылған  мақсаттар  мен 

міндеттерге  тоқталды.  Өз  сөзінде 

хатшылық  меңгерушісі  өңірлермен 

қатар,  облыстық  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  да  қоғамдық 

келісімнің нығаюына қосқан үлесін атап 

өтті. «Қазақстандық әрбір азаматтың 

өмір  сапасын  арттыру  ұлттық, 

мемлекеттік  жауапкершілігі  мол  аза-

мат  тәрбиелейді.  Негізінен,  Елбасы 

Жолдауын экономикалық, әлеуметтік, 

технологиялық  және  ғылыми-рухани 

дамудың  стратегиялық  жоспары  де-

сек артық болмайды. Екіншіден, бұл                                                                                           

Жолдау  –  Қазақстандағы  бірегейлік 

пен  бірліктің,  қоғамдық  келісім  мен 

тұрақтылықтың,  экономикалық-

әлеуметтік нығаю мен дамудың тиімді 

жолы» – деді Ералы Лұқпанұлы. 

Басқосуда  «Қазфосфат»  ЖШС 

жанындағы  Қоғамдық  келісім  кеңесі 

төрағасының  орынбасары  Жанар                 

Оразымбетова кәсіпорынның Қоғамдық 

келісім  кеңесінің  жұмысы  туралы 

баяндады.  Сондай-ақ    Шу  аудандық 

қоғамдық  келісім  кеңесінің  мүшесі, 

жеке  кәсіпкер  Ләйлә  Жүнісалиева 

аудандық  кеңестің  қайырымдылық 

жұмыстары туралы айтты. Ал Алма-

ты  облысы,  Іле  аудандық  қоғамдық 

келісім  кеңесінің  төрағасы  Сакид                                                                       

Чатуев  еліміздегі  татулық  пен 

тұрақтылық  жайлы  өз  ойын  ортаға 

салса, Меркі ауданының әкімі Мейірхан 

Өмірбеков Қоғамдық келісім кеңестері 

мен жергілікті атқарушы органдардың 

өзара іс-қимылы туралы пікірін білдірді. 

Жиын  соңында  Қоғамдық  келісім 

кеңестерінің  қызметін  жандандыру 

және олардың әлеуметтік мәселелерді 

шешудегі  рөлін  арттыру  бойын-

ша  шешімдер  қабылданды.  Бұдан 

кейін  Мемлекеттік  хатшы  Гүлшара 

Әбдіқалықова облыстық перинаталдық 

орталығында болып, оның жұмысымен 

танысты. Әр палатаны жеке аралаған 

Мемлекеттік  хатшы  отадан  кейінгі 

аналардың хал-жағдайын сұрап, заман 

талабына  сай  жабдықталған  боса-

ну  блоктарын  көрді.  Сонымен  қатар 

Гүлшара Наушақызы осы күні Жамбыл 

атындағы  «Руханият»  орталығының 

жұмысымен де танысты. 

Кешегі сарбаз – бүгінгі ел ағасы.   суретті түсірген н.тұрғынбек.



 

„

ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 



28 жыл толуына орай қала жұртшылығы 

жауынгер-интернационалист ескерткішіне гүл  

қойды.

қаруластарына құрмет

Сейділдә ТӨРен

Шараға келген көпшілік ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Ауғанстанда шейіт 

болған жауынгерлердің рухына тәу етті. Сондай-ақ гүл қою рәсіміне қатысушылар 

10 жылға созылған соғыста ерлікпен қаза тапқан жауынгер-интернационалистерді 

бір минут үнсіздікпен еске алып, аспанға бірнеше дүркін оқ атылды. Ардагерлер 

өздерінің қаруластарымен жолығып, шейіт болған достарын еске алды. 

– Біз Ауған жеріне ол мемлекетті жаулап алу үшін кірген жоқпыз. Ондағы 

қарапайым халыққа қол ұшын созып, көмек көрсету мақсатында кірдік. Дегенмен 

Ауғанстандағы халық екіге жарылып, бір-бірімен соғысты. Біз, Кеңес әскері халық 

жағында болдық. Оқ пен оттың арасында жүріп, біраз жауынгер достарымыз ажал 

құшса, қалғандары мүгедек болып оралды. Содан бері қанша уақыт өтсе де, тән 

жарасы жазылғанымен, жан жарасы жазылмайды, – деген облыстық Ауған соғысы 

ардагерлерінің төрағасы Рақымжан Малыбаев бүгінгі жастардың соғыста батыр 

болғанша, бейбіт күнде батыр болса екен деген тілегін білдірді. 

Мұнан соң Ауған соғысы ардагерлері қала шетіндегі қорымға барып, майдандас 

достарының рухына құран бағыштап, еске алды.  



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348), 22 ақпан  2017 Жыл  //

ЕСЕП


3

 

„

тараз қаласының әкімі нұржан календеровтің 2016 жылдың 



әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша қала 

тұрғындары алдындағы қорытынды есебі оң бағасын алды.

Шаһар Шырайланып кЕлЕді

ерман ӘбдИев

Шаһар басшысының есебіне облыс әкімі Кәрім 

Көкірекбаев қатысып, онда бірқатар мәселелер 

назарға алынды. Алдымен қала әкімі көпшіліктің 

алдында өткен жылы атқарылған жұмыстарды 

баяндап өтті.

–  Баршаңызға белгілі, Елбасы 25 қаңтар күні 

билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта 

бөлу мәселелері жөнінде Үндеуін жариялады. 

Мемлекет  басшысының  халық  алдындағы 

Үндеуі елді басқарудың тиімді, тұрақты және 

заманауи жүйесін құруға бағытталған. Билік 

тармақтарының ел тұрғындарымен байланысын 

нығайтып, әлеуметтік-экономикалық салалардағы 

жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұл тарихи 

шешім елімізді дамудың жаңа кезеңіне бастай-

тын, баянды болашаққа жетелейтін қадам болары 

сөзсіз. Бүгінде Үндеу өңірлерде қызу талқылануда 

және  Сіздерді  Конституциялық  өзгерістерді 

талқылауға  белсенді  қатысуға  шақырамын. 

Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші 

жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 

Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы 

ел дамуы үшін аса маңызды. Елбасы халыққа 

Жолдауында жеделдетілген технологияларды 

қолдану арқылы индустрияларды өркендетуге, 

бизнес-ортаны  түбегейлі  жақсартуға,  адами 

капитал сапасын арттыруға және тұрақтылық 

пен қауіпсіздікке негізделген бес басымдықты 

ерекше атап өтті. Қалада қазіргі уақытта 31 123 

кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, оның ішінде 

25 645 жеке кәсіпкер,  5445 шағын және 33 орта 

кәсіпорын субъектілері. Шағын, орта бизнес 

субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесі 

24 млрд 349 млн теңге немесе жалпы өнеркәсіп 

кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің 12,1%-ын  

құрады. 2016 жылы «Бизнестің жол картасы- 

2020»  бизнесті  қолдаудың  және  дамытудың  

бірыңғай бағдарламасының барлық тетіктері  

бойынша жалпы 18 млрд 928 млн теңгеге 113 

жоба аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданды. 

Оның ішінде банктің жеңілдетілген несие беру 

және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі 

бойынша  18 млрд 774 млн теңгеге 88 жоба, 

өндірістік инфрақұрылымды дамыту тетігі бой-

ынша 85 млн теңгеге 2 жоба және жаңа бизнес 

бастамаларға грант бөлу тетігі бойынша 69 млн 

теңгеге 23 жоба іске асырылуда. Бұл жобалар 

арқылы қосымша 994 жаңа жұмыс орындары 

құрылды, – деген Нұржан Сәбитұлы ұзатылған 

жылы қала аумағында экономикалық-әлеуметтік 

бағытта  атқарылған  жұмыстарды  баяндады. 

Бүгінгі күні қала халқын толғандырып отырған 

мәселе – жеке тұрғын үй құрылысына жер алу 

және баспана жайы. Бұл бағытта 2016 жылғы 9 

қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысын-

да Президент тұрғын үй құрылысы бойынша 

«Нұрлы жер» бірыңғай бағдарламасын әзірлеуді 

және оған қолданыстағы бағдарламадан барлық 

тұрғын үй мәселелерін біріктіруді тапсырған 

болатын.

– Қала деңгейінде жеке тұрғын үй құрылысына 

арналған алаңшаларды дайындау жұмыстары 

жүргізілуде.  Атап  айтқанда,  Сүлейменов 

көшесінің соңындағы 362,2 га жерге тұрғын 

алқаптың құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 

150 га жер жеке тұрғын үй құрылысына, ал 

қалғаны 15-ші мөлтек ауданның құрылысына 

арналған.  Осы  жеке  тұрғын  үй  құрылысы 

жүргізілетін аумақтағы 7 көше және 18 қиылыс 

бойында 800-ден 914-ке дейін жер телімдерін 

орналастыруға мүмкіншілік бар. 2017 жылдың 

аяғына дейін жалпы алқапқа газ, жылу, су бұру, 

байланыс  желілері  және  сумен  қамтамасыз 

ету құрылыс жұмыстары аяқталатын болады. 

Бұдан  бөлек,    Асқаров  көшесінің  соңында 

312  га,  «Хамукат»  125  га,  «Қарасай»  126,6 

га және «Құмшағал-Шалғай Қарасу» тұрғын 

алқаптарындағы  369  га  жерге  инженерлік-

коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының 

жобалары  әзірленуде.  Жалпы  бұл  тұрғын 

алқаптарда 3752 жер телімдерін  орналасты-

ру жоспарланған. Болашақта «Арай» тұрғын 

алқабында 35 га, «Автобекет» аумағында 166 

га және «Казарма» тұрғын алқабында 315 га 

жерді жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін 

дайындауға мүмкіншілік бар. Болашақта көп 

қабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу 

мақсатында, ағымдағы жылы «Бәйтерек» мөлтек 

ауданында 80 пәтерлі 2 үйдің және Сүлейменов 

көшесінің соңындағы 15-ші мөлтек ауданда 80 

пәтерлі 10 үйдің жобаларын әзірлеу жұмыстары 

аяқталады.  Сонымен  қатар  ағымдағы  жылы                     

15-ші  мөлтек  ауданда  жалпы  1780  пәтерді 

құрайтын 25 үйдің жобаларын бастау жоспарла-

нуда. Бұл жобалар 2018-2020 жылдары жүзеге 

асырылатын болады, – деді қала әкімі. Және алдағы 

міндеттерді де айтып өтті. Қала әкімінің есебін 

тыңдаған бірқатар азаматтар жарыссөзге шығып, 

қала аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға 

оң баға берді. Ал мінберге көтерілген облыс әкімі 

Кәрім Көкірекбаев облыс орталығында атқарылған 

жұмыстар ауқымды болғанымен, әлі де шешімін 

күтіп отырған мәселелер бар екенін алға тартты.

–  Қала әкіміне бірінші кезекте халықтың өмір 

сүру деңгейін жақсартуға бағытталған салаларға 

жан-жақты талдау жасап, нақты жұмыстар атқару 

қажет.  Тараз  қаласындағы  1235  көп  пәтерлі 

үйдің (76%, 33 пәтер иелері кооперативі) 287-сі 

техникалық қараусыз қалпында қалуда. Бүгінге 

Тараз қаласында пайдалануға қауіпті 79 қазандық 

анықталып отыр. Оның ішінде 78-і көп пәтерлі 

тұрғын үйлердегі қазандықтар. Оларды қауіпсіз 

аймаққа  шығарып,  пәтер  иелерімен  жүйелі 

жұмыстар жүргізу керек.  Қаладағы жабайы сауда 

мәселесі әлі күнге шешімін толық таппай отыр. 

Тіпті базарлардың төңірегі де заңнама талаптарына 

толық сәйкес келмейді. Мәселен, «Ауыл береке» 

сияқты  ірі  базарлар  мен  орталық  көшелердің 

бойындағы заңсыз сауда орындары шоғырланған. 

Ондағы  сатушылар  ешбір  салық,  жалға  алу 

құндарын  төлемейді.  Бұл  өз  кезегінде  сауда 

саласының көлеңкелі экономикаға кетуіне ықпал 

етеді. Тұрғындарды толғандыратын мәселелердің 

бірі – қоғамдық көлік тасымалы.  Бүгінде қалада 

мектепке дейінгі мекемелерге  22 мыңнан астам 

бала кезекте тұр. Бұл – үлкен мәселе. Біз бұрынғы 

«Шахристан» базарының орнына Оқушылар сарай-

ын салуды жоспарлап отырмыз. Аталған базардың 

орнындағы жер телімдерін мемлекет меншігіне 

қайтару жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтау қажет. 

Қаладағы  қылмыс  пен  жол-көлік  оқиғаларын 

төмендету және олардың алдын алу мақсатында 

біз нақты шаралар қабылдап, кешенді жоспар 

әзірлеуіміз керек. Осы орайда, «Қауіпсіз қала 

Тараз» жүйесін енгізу бойынша нақты ұсыныстар 

беруді облыстық ішкі істер департаменті мен 

жергілікті полиция қызметінің басшыларына тап-

сырамын, – деді Кәрім Нәсбекұлы.

Қала әкімінің тұрғындар алдындағы қорытынды 

есебінде  қаланың  әлеуметтік-экономикалық 

даму көрсеткіштері, мемлекеттік және салалық  

бағдарламалардың  орындалуы  жан-жақты                           

баяндалды. Әсіресе, қаламызда Индустриалды-

инновациялық даму және «Бизнестің жол карта-

сы–2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың 

бірыңғай  бағдарламасы  аясында  атқарылған 

жұмыстар тараздықтардың ой үдесінен шықты 

деп санаймын.

Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік 

бағдарламасы аясында 2015-2016 жылдары 12 

млрд 765,5 млн теңгеге 6 жоба жүзеге асырылып, 

132 жаңа жұмыс орындары ашылса, оның 5-і                                       

2016 жылы іске қосылды.

Ал 2016 жылы «Бизнестің жол картасы–2020» 

бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай 

бағдарламасының барлық тетіктері  бойынша 

жалпы 18 млрд 928 млн теңгеге 113 жоба аймақтық 

үйлестіру кеңесімен мақұлданды. Бұл жобалар 

арқылы  қосымша  994  жаңа  жұмыс  орында-

ры құрылды. Осы бағдарлама аясында қалада                   

жолаушылар тасымалы, қонақ үй қызметі, сауда, 

т.б. салалардағы бизнес өкілдері жеңілдетілген не-

сие алып, өз кәсіптерін дамытуға мүмкіндік алды. 

Қалада шағын кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары да 

дамып келеді. 2016 жылы «Микрокредиттік мекеме 

«KazMicroFinance» ЖШС-і арқылы 2 млрд 420,5 

млн теңгеге шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 5691 

несие берілді.

Осы бағдарламалардың қалада табысты іске 

асуы облыс және қала әкімдіктерінің алға қойған 

міндеттерді өз деңгейінде орындап жатқандығын 

көрсетеді.

нариман МАУЛенов,

«DIAMOND» Халықаралық әмбебап тауар 

биржасы» АҚ президенті.

кәсіпкерлік 

өркендеп 

отыр

Тараз  жылдан-жылға көркейіп  келеді.  Оның 

сыртқы келбеті көркейіп, жаңа кәсіпорындар ашыл-

са, ескі өндіріс орындары қайта жандануда. Тараз 

Ұлы Жібек жолы бойындағы көне әрі көркем қала 

ғана емес, өндіріс орталығы ретінде де алар орны 

ерекше. Оған қала әкімі Нұржан Календеровтің 

есебінде айтылған әлеуметтік-экономикалық даму 

қорытындылары айқын дәлел.

 Қазақстандағы химия саласының алдыңғы қатарлы 

өндірістерінің бірі саналатын «Қазфосфат» ЖШС-і 

жаңа жобаларының іске қосылуы қала тұрғындарын 

қуантуда. «Таразкожобувь» ЖШС қайта жанданып,  

өндіріс көлемін 2015 жылмен салыстырғанда 8 есеге 

өсіріп отыр. Қалаға тартылған инвестиция артуда, 

құрылыс қарқыны мен пайдалануға берілген тұрғын 

үйлер құлаш жайып келеді.

 Халықтың болашаққа деген сенімі одан әрі 

артуда.  Қала  тұрғыны  ретінде  мені  қауіпсіз 

жағдайда өмір сүретіндігіміз, ұрпақ тәрбиесімен 

айналысып, белсенді түрде спортпен шұғылдануға 

мүмкіндігіміздің бары қуантады. Ол үшін бізде 

барлық жағдай жасалған.

 Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік мүшесі 

және ана ретінде қала әкімі үлкен істерді атқарып 

отырғанын көріп-біліп жүрмін. Десек те, қала 

жолдарының қауіпсіз болуын, халықтың игілігі 

үшін жаңадан мәдени-сауықтыру және ойын-сауық 

кешендерінің ашылғанын қалаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет