№8 (1348) 22 ақпан 2017 жыл, сәрсенбі «экспо-2017» көрмесі қарсаңында өңірде қызғалдақ, қымыз және Қазақ хандығы фестивалі өтеді. 107 күн қалды


қолӨнЕрШілЕрГЕ қолдау кӨрсЕтілЕді



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата24.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#10230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

қолӨнЕрШілЕрГЕ қолдау кӨрсЕтілЕді

 

„

Ел мәртебесін еселейтін «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің жоғары дәрежеде өтуіне 



өңірдегі кәсіпкер әйелдердің де үлесі зор. 

нұржан СеРІКХАнҰЛЫ

Халықаралық  көрменің  ашылу 

салтанатына да санаулы уақыт қалды. 

Тарихи сәт таяған сайын алыстан ат 

басын бұрып келетін қонақтарды 

күтіп алу және оларға жағдай жа-

сау  мәселесі  қызу  талқыланып, 

дайындық жұмыстарының қарқыны 

артуда. Осы  ауқымды іс-шара ба-

рысында  өңіріміздің  мәртебесін 

асқақтатып, абыройын арттыруға 

Жамбыл  облыстық  кәсіпкерлер 

палатасы Іскер әйелдер кеңесі де 

атсалысуда. Кеңестің кезекті отыры-

сына шақырылған сала мамандары  

халықаралық көрме қарсаңындағы 

сервистік қызмет және жан-жақты 

жүріп жатқан жалпы дайындықты 

басты  назарға  алды.  Басқосуда 

көтерілген басты мәселе – өңірде 

туризм саласын түбегейлі дамытуға 

бағытталды.  Шараға  облыстық 

туристік индустрия қауымдастығы 

мен туристік ақпараттық орталықтың 

басшылары Валерия Батуева және 

Ескендір Торбеков қатысты. 

–  2017 жылы өңірдегі туристік 

саланы  дамыту  –  кеңестің  күн 

тәртібінде  тұрған  өзекті  мәселе.  

М е м л е к е т т і к   м а ң ы з ы   б а р                                                                       

«ЭКСПО-2017»  халықаралық 

көрмесі қарсаңында өңірдегі іскер 

әйелдер  күш  біріктіріп,  сырттан 

келетін қонақтарды салтанатты түрде 

әрі жоғары  деңгейде күтіп алу қажет.  

Бұл бағытта біз өңірдегі туристік ин-

дустрия қауымдастығы мен туристік 

ақпараттық орталықпен тығыз байла-

туризмді дамыту – басты назарда.   суретті түсірген Е.пак.

 

„

 «қазақстан республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар 



енгізу туралы» Заң жобасы әзірленіп, ол көпшілік талқысына ұсынылып отыр. 

«Әркім» деген сөзден үркудің қажеті жоқ

Саяси  сарапшылар  Қазақстанда  жүргізілетін  жаңа 

реформаның мәні мен маңызын тұрғындарға кеңірек талдап, 

түсіндіруде. Мемлекеттік басқару жүйесіне өзгеріс енгізу 

туралы бастаманы көпшілік те қолдап отыр. Тек бір ғана 

26-баптың 1 және 2-тармақтарын мынадай редакцияда:                  

«1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке 

меншiгiнде ұстай алады. 2. Жеке меншік құқығына қол 

сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына 

заңмен  кепiлдiк  берiледi.  Егер  Конституцияда  өзгеше 

көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын 

шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де 

құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді» деп өзгерту 

туралы ұсыныс төңірегінде түсініспеушіліктер туындағаны 

болмаса. 

Аталған бапқа мұндай түзету енгізу не үшін қажет бол-

ды? Алдымен осыны саралап көрейік. Біріншіден, елімізде 

Қазақстан азаматтарымен қатар, азаматтығы жоқ шетелдіктер 

де өмір сүруде. Олардың мемлекетімізге келуі визалық 

режимді сақтау және көші-қон заңдары және халықаралық 

келісімдер арқылы реттелген. Әлбетте, олардың өздеріне 

тиесілі қаржысы, құнды қағаздары, сондай-ақ жылжымайтын 

мүлкі болуы заңдылық. Ол мүлік заңға қайшы келмейтін 

жеке  және  кәсіпкерлік  мақсатта  қолданылуы  мүмкін. 

Бұл өзгеріс әркімнің заңды жолмен тапқан мүлкін қорғау 

мақсатында ұсынылып отыр. Қазақстан кез келген зайырлы 

мемлекет секілді өз азаматтарымен қатар, ел аумағындағы 

шетелдіктердің де құқын қорғауы тиіс.

Бұл ұсыныс қандай негізге сүйеніп жасалып отыр? ҚР 

Азаматтық кодексінде азаматтардың теңдiгiнің, меншiкке 

қол сұқпаушылықтың, еркiндiгiнің сақталатыны, азаматтық 

құқықтардың  кедергiсiз  жүзеге  асырылатыны,  нұқсан 

келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлетіні көрсетілген. 

Мәселен,  Қазақстанның  тарихи-мәдени  орындарын 

тамашалауға шетелден келген турист ақшасын, фотоаппара-

тын ұрлатып алды делік, мұндай жағдайда мемлекет оның 

құқығын қорғау үшін тиісті шаралар қолдануы қажет. Соны-

мен қатар біз шетелдік азаматтан Конституцияның 6-бабының  

2-тармақшасында  көрсетілгендей,  меншігіндегі  мүлкін 

қоғам игілігіне қызмет етуін талап ете аламыз. Екіншіден, 

26-баптың 1-тармақшасына ұсынылған өзгеріс шетелдік 

азаматтың Қазақстанда кез келген нәрсені иеленуіне құқық 

бермейді. Бұл тек заңды жолмен тапқан меншік мүлкіне 

қатысты айтылған. Заңды иеленуге құқық берілген мүліктер 

Конституцияда және бірқатар заң актілерінде көрсетілген. 

Ал заң актілерінде азаматтығы жоқ шетелдік азаматтардың 

иелігіне берілмейтін мүліктер нақтыланған. Мұндай шектеу-

лер БАҚ пен телекоммуникацияларға да, ауыл шаруашылығы 

мақсатында пайдаланылатын жер учаскелеріне  де қатысты. 

Жер туралы кодексінде бұл тайға таңба басқандай айқын 

жазылған.

Жер мәселесі, яғни мемлекеттік меншіктің қорғалатыны 

Ата Заңымыздың 6-бабында айқын жазылған және бұл бап 

өзгертілмейді. Сондықтан 26-баптың 1-тармақшасындағы 

«әркім» сөзі жерді иеленуге қатысты талапты өзгерте алмай-

ды. 6-баптың 3-тармақшасында: «Жер және оның қойнауы, су 

көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи 

ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда 

белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде, жеке меншікте 

де  болуы  мүмкін»  деп 

көрсетілген. Ал жерді 

жеке  меншікке  беру 

тәртібін  Жер  туралы 

кодекс  айқындайды. 

Ал  кодексте  бұған 

т ү б е г е й л і   т ы й ы м 

салынған.  Жер  тура-

лы кодекске енгізілген 

өзгерістерге Президент 

Жарлығы бойынша 2016 

жылдың 6 мамырынан                              

бастап 2021 жылдың 31 

желтоқсанына дейін мо-

раторий жарияланған.



Қасымхан ТӨЛендИев,

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық 

бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы.

Тараз қаласы.

ныс орнатқымыз келеді, – деді Іскер 

әйелдер кеңесінің мүшесі, «Марра-

кеш» мейрамханасының директоры 

Айгүл Ақшалова. 

Ал  кеңес  төрағасы,  облыстық 

кәсіпкерлер палатасының басшысы 

Қарлығаш Аралбекованың айтуын-

ша, кеңес мүшелері ел өміріндегі 

маңызды  сәт  –  халықаралық 

жәрмеңке барысында қонақ күтуге 

жұмыла атсалысып, белсенді жұмыс 

атқаруға  сақадай  сай  екен.  Және 

бұл мақсатта мейрамханалар, қонақ 

үйлер мен кәдесый жасау, мұражай 

мен театр салаларынан арнайы топ-

тар құрылыпты. Нақты уақытта кеңес 

мүшелері өңірдегі туризмді түбегейлі 

дамытудың жолдарын жан-жақты 

саралау  үстінде.  Атқарылуы  тиіс 

ауқымды істердің басым көпшілігі 

кәсіпкер  қыз-келіншектердің  өз 

қаражатына жүзеге асуы да мүмкін. 

Аталған іс бойынша халықаралық 

талаптарға  сай  келетін  өңірдегі 

қонақ үйлер мен мейрамханаларға 

жұлдызды  дәрежелер  берілмек. 

Бұдан бөлек «ЭКСПО-2017» көрмесі 

қарсаңында облыста үш фестиваль 

ұйымдастырылатын болады. Атап 

айтқанда, маусым айында қызғалдақ, 

шілдеде қымыз және тамызда Қазақ 

хандығы фестивалі өтпек. Аталған 

ауқымды  іс-шаралардың  нақты 

уақытта сценарийі әзірленуде. Бұл 

мақсатта атқарылатын жұмыстарға 

қаражат облыс әкімдігі тарапынан 

қарастырылады деп жоспарланыпты. 

Және осы уақытқа дейін шашырап 

жүрген  шеберлердің  де  бастары 

бір  шаңырақтың  астына  жинала-

тын болды. Яғни олар «Қоғамдық 

келісі» КММ-і ғимаратының  екінші 

қабатында,  ал  жаз  мезгілінде 

қолөнершілер өз өнімдерін «Төрткүл» 

керуен  сарайында  қонақтарға 

ұсынатын болды. Жиын барысында 

туристік бағыттардың жайы да ай-

тылды. 

–  Бүгінгі  таңда  нақты  бес 



бағыт анықталды. Өкінішке орай, 

уақытымыз санаулы. Дегенмен зер-

деленген бес бағыт бойынша өңірдегі 

туризм  саласына  жауаптылармен 

жұмыла жұмыс жасап, мәселелердің 

оң шешімін табатын боламыз, – деді 

Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы. 

Басқосу  соңында  Іскер  әйелдер 

кеңе сі,  туристік  индустрия 

қауымдастығы  мен  туристік 

ақпараттық  орталық  басшыла-

ры  өзара  бірлесіп  жұмыс  жасап,                                                                            

облыста туристік кластерді жетілдіріп, 

жан-жақты  дамытуға  уағдаласып, 

үшжақты меморандумға қол қойды.       

 

„

2016 жылы 15 желтоқсанда астанадағы 



қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

арналған салтанатты жиында Мемлекет 

басшысы нұрсұлтан назарбаев билік 

өкілеттілігін қайта үйлестіру мәселесін 

көтерген болатын. 

Өкілеттілік беру 

жауапкершілікті арттырады

Алқалы  жиында  Елбасы:  «Жаңа  мемлекет  құру  мен 

реформалардың ең алдымен күшті президенттік билік арқылы 

ғана қамтамасыз етілетінін Тәуелсіздік тарихы көрсетіп берді. 

Мемлекет дамуының жаңа сатысы елдегі істердің жағдайы үшін 

Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін күшейту мәселесін 

күн тәртібіне қойып отыр. Қазақстан біздің Конституциямызда 

көрсетілгендей, президенттік басқару формасындағы мемлекет 

болған, қазір де солай және алда да солай бола береді. Сонымен 

бірге, өкілеттіліктерді Президент, Үкімет және Парламент ара-

сында бөліске салу мәселесін қарайтын уақыт та келді. Арнайы 

комиссия осы мәселелерді зерттеп, тиісті заңдарға, мүмкін 

Конституцияға да өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс енгізуі 

тиіс» – деген еді. Бұл күнде қоғам бұл мәселені қызу талқылауда. 

Елбасы ұсынған жаңа бағыт мемлекетімізді одан әрі нығайтуға 

және биліктің барлық тармақтарының жауапкершілігін күшейтуге 

арналған.  Қазір  Үкіметке,  Парламентке  қосымша  өкілеттік                   

беру – жауапкершілікті арттыру деген сөз. Себебі мемлекетімізді 

дамытуда, экономикалық, әлеуметтік дамуда, халықтың тұрмыс-

тіршілігін арттыруда Үкімет тікелей бірінші жауапты болуы 

керек.  Яғни әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде 

Үкімет, министрліктер мен әкімдіктерге артылатын жауапкершілік 

күшейеді. Бұл  қоғам өміріне елеулі өзгерістер енгізеді. Мұнда 

мәселе тек қана өкілеттіктерді бөлу емес, бұл жерде ең басты-

сы, қоғамның жауапкершілігі артады.  Оның үстіне бұл бірінші 

өзгерістер емес, 1995 жылы Конституция қабылдағаннан бері 

Елбасы ұсынып отырған 4-ші бастамасы. Сондықтан бұл бастама 

еліміздің демократиялық даму жолындағы бағдардан жаңылмауын 

қамтамасыз етеді. Ал Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен 

толықтырулар жалпыхалықтық талқылауға шығарылып отыр.



Мақсұт ТАЗАбеКов,

Жамбыл станциясының ЖІІб бастығы

полиция полковнигі.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348), 22 ақпан  2017 Жыл  //

әлЕуМЕт


9

талапшыл ұстаз

Жолың Болсын, Жас МаМан!

 Халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүргізеді. Тек 

бертін келе ғана оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезеңде 

ғылыми педагогика дүниеге келді.   Ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, халық 

ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, 

шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда 

дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары 

болып табылады. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ  жастар-

ды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.  Міне, бұл орай-

да  ұлттық салт-дәстүрлерді үйретуде сабақта және тәрбие сағаттарында көрсету 

үрдіске айналып келеді. Еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор 

ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп келеміз. Сондай-ақ  ежелгі ата-бабала-

рымыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, 

тарихымызды балалардың жадына жастайынан сіңіріп өсіруіміз шарт.

 Осы жолда «Тәуелсіздігім – тұғырым», «Желтоқсан ызғары», т.б. тәрбие 

сағаттарын өткіземін. Ол болашақ ұрпақтың ұлтын сүйе білуіне мүмкіндік береді. 

Бұл, бір жағынан, студенттердің егемен еліміздің тарихы мен тәуелсіздігіміздің 

тартуы – рәміздерімізді таныстыруға мол мүмкіндік туғызады.



 

„

 тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш 



сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы 

да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің 

алатын орны ерекше. қазір оқу орындарында 

ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде.

 

„

2017 жылғы 31 қаңтар 



күнгі Мемлекет басшысы 

н.назарбаевтың қазақстан 

халқына Жолдауында жоғары 

білім беру жүйесі сапасына 

ерекше назар аударылады. 

Жоғары оқу орындарының 

кадрлық құрамына, 

материалдық-техникалық 

жабдықталу деңгейіне, білім 

беру бағдарламаларына 

қатысты бақылау мен талап 

күшейтілуі қажет. 

Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі 

өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді 

экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық 

буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын 

сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену 

дағдыларын дамытуға бағыттау қажет деген 

болатын.


 М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 

университетінің «Су шаруашылығы, эколо-

гия және құрылыс» факультетінің «Сәулет 

және құрылыс өндірісі» кафедрасында Жол-

дауда келтірілген білім беру сапасына және 

студенттердің заман талабына сай мамандық 

иесі болуларына үлкен жауапкершілікпен 

қарап жұмыс атқарылуда. Қазіргі білім берудің 

басты мақсаты — шығармашыл, ұлтжанды 

тұлға қалыптастыру. 

Студенттердің шығармашылық қабілетін 

ашу, оны алға қарай дамыту үшін оқытушы 

үнемі ізденісте болуы қажет. Осы келтірілген 

талаптар деңгейінде кафедрамызда ұлағатты 

ұстаз Ибрагим Момбеков 1982 жылдан бері 

студенттердің  мамандықтың  қыр-сырын 

меңгеруіне,  олардың  адами  тұлға  болып 

жетілуіне  көп  еңбегін  сіңіруде.  Ибрагим 

Абдуанұлының 70-тен аса ғылыми-әдістемелік 

еңбектері  отандық  және  шетелдік  баспа-

ларда жарияланған. 2012 жылы «Қазақстан 

Республикасының  Құрметті  сәулетшісі» 

атағын алған. 2016 жылы аймақтық құрылыс 

саласына қосқан сүбелі еңбегі үшін облыс 

әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

«Ұстаздан  шәкірт  озар»  демекші,  қазіргі 

таңда ұстаз шәкірттері республикамыздың, 

облысымыздың  түрлі  салаларында                                 

лауазымды қызметтерде еңбек етуде және 

еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуына 

үлестерін қосуда.  

Өзі  басшылық  жасайтын  топта  қазіргі 

заманда дүние жүзінде өте қауіпті күшке 

айналған діни экстремизм мен терроризмнің 

мемлекетіміздің тұтастығына төндіретін қаупі 

жөнінде облыстық дін істері басқармасына 

қарасты  Дін  проблемаларын  зерттеу 

орталығының бөлім басшыларымен  бірге 

өткізген ашық сабағы өте мағыналы, маңызды 

болды.  Ибрагим  Абдуанұлы  студенттерге 

сенімді серіктес, білім беруде  студент пен 

оқытушы  арасындағы  шығармашылық, 

педагогикалық байланыстарды өте жоғары 

деңгейде  ұштастыра  білген білікті маман 

ретінде танылған ұстаздардың қатарында. 

Оқытушы өткізетін әрбір сабағына мұқият 

дайындықпен келетіндігі ұстаздың болашақ 

мамандардың маман болып қалыптасуына 

жауапкершілігінің  аса  маңызды  екендігін 

сезінетіндігінде. Бұлардың бәрі педагогке 

берілген бағаның өлшем деңгейінің биіктігін 

білдіреді.  Ибрагим  Момбековті  «Сәулет 

және құрылыс өндірісі» кафедрасы ұжымы 

60 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор 

денсаулық,  университет қабырғасында  шәкірт 

дайындаудағы  шығармашылық және ғылыми 

еңбектерінің  жемісті  болуына  тілектестік 

білдіреді.



Сарсенғали ҚоСбоЛ,

«Сәулет және құрылыс өндірісі»

 кафедрасының аға оқытушысы.                   

 

„

күні ертең жоғары оқу орнын тәмамдап, қолдарына диплом 



алатын жастарды жұмыспен қамту мәселесі қашанда маңызды. 

осы орайда, тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде  

кезекті рет педагогикалық мамандықтар бойынша                                                                                                        

«Бітіруші – 2017»  бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 

ұйымдастырылды. 

ұлттық тәрбие – сапалы білім негізі

Индира бАЙҚонЫС  

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қала 

әкімдігінің  жұмыспен  қамту  орталығы 

«Жастар тәжірибесі» бөлімі басшысының 

міндетін атқарушы Мәди Молдажанов, «Нұр 

Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы 

жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының 

төрағасы  Уәлихан  Болатбекұлы  және 

аймақтағы орта білім беретін мекемелердің 

өкілдері  қатысты.

Жиында  сөз  алған  меймандар  жас 

мамандардың  тұрақты  жұмысқа  орнала-

суларына бірнеше жылдан бері мұрындық 

болып келе жатқан «Дипломмен ауылға», 

«Сәтті қадам – 2020», «Жастар тәжірибесі» 

бағдарламалары жөнінде жан-жақты ақпарат 

беріп өтті. 

Жәрмеңкеге үкілі үмітін арқалай келген 

жас  мамандардың  қарасы  қалың  болды. 

Олардың  әрқайсысы  білім  саласындағы 

жұмыс берушіге өздерінің түйіндемелерін 

тапсырды. Соңыра белгілі болғандай,  218  

адам әңгімелесуге шақырылса, 1 университет 

түлегі жұмысқа орналасатын болып шешілді. 

Жас әрі алғыр мамандарды іздеушілердің 

айтуынша, мектептерде математика, физи-

ка және орыс тілдері пәндері ұстаздарына 

сұраныс жоғары.  

–  Оқу  ордамызда  дәстүрге  айналған  

бос  жұмыс  орындар  жәрмеңкесінің  жас 

мамандарға беретіні көп. Мұнда еңбек жо-

лын енді бастайын деп отырған жастар өз 

біліктіліктеріне ғана сеніп, жұмысқа орналаса 

Мол мүмкіндік.   

алады. Ағымдағы жылы оқу ордамызды 11 

педагогикалық мамандық бойынша 220-ға 

жуық түлек  бітіреді. Бұл – жастарға жасалып 

отырған үлкен мүмкіндік. Бұйыртса, жыл 

соңына дейін «Жаратылыстану» және «Эко-

номика және құқық» факультеттерінде білім 

алып жатқан студенттер үшін де бос жұмыс 

орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарда бар                                                                                     

деді, – университет ректоры Ерболат Саурықов.

Іс-шараға арнайы келген көп жастың бірі 

Әлімжан Қабылов алдағы жаңа оқу жылында 

өзінің сүйікті мамандығы бойынша жұмысқа 

орналасатынына сенім білдірді.

– Құдай қаласа, биыл дене шынықтыру 

мамандығы бойынша қолыма дипломымды 

аламын. Мен бұл жәрмеңкені ұзақ күттім. 

Бірнеше  мектепке  түйіндемемді  өткіздім. 

Сәтін салса, жұмысқа тұрып, оқушыларды 

саламатты өмір салтын ұстануға баулимын деп 

ойлаймын. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп 

тұрса, замандастарым өмірден өз орындарын 

табар еді, – дейді жас маман. 

Расында, бұл жәрмеңкеге қатысқан қыз-

жігіттердің  барлығы  мемлекет  тарапынан 

ұйымдастырылатын  осындай    игілікті  іс-

шараларға үлкен сеніммен қарайтындықтарын 

айтып, үлкен үмітпен тарқасты. 

   Бүгінде өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті елдер қатарынан көрініп 

келе жатқан біз үшін ұлттық дәстүрімізді терең меңгеріп, ұлттық болмысымызды 

сақтап қалу өте қажет деп білемін. Сондықтан еліміздің болашағын тәрбиелеп, 

білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар үшін бұл ең басты міндет деп санап, 

өз сабағымда осы мәселеге баса назар аударуға тырысамын. Жалпы музыка 

пәнінде оқыту ұлттық педагогикасыз болмайтыны белгілі ғой. Әйтсе де, оны 

студент санасына терең бойлату үшін күнделікті сабақта тиімді пайдаға асыра 

білу өте қажет. 

  Біздің  ұлттық  тәрбиелік  білім  берудегі  негізгі  мақсатымыз  адамның 

әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі белгілі. 

Студенттердің жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары 

ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау, 

т.б. болса, жалпы эстетикалық мәдениеттегі қарым-қатынас әдебі, киім-

кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, сөйлеу әдебі, дене қимылы, т.б. 

ұлттық сипатқа негізделе отырып, әлемдік мәдениетпен ұштасуы тиіс.  Жеке 

адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы – эстетикалық 

сұлулықтың белгісі. Сонымен ұлттық тәрбие – ұлттық құндылықтар арқылы 

жеке тұлғаның ұлттық санасын, намысын, дүниетанымын қалыптастыру. Олай 

болса, ұлттық негізде тәрбиелік білім беру барысында біз ұлттық бағыт-бағдары 

қалыптасқан, өмірлік ұстанымы ұлтына деген сүйіспеншілікпен сусындаған, 

қоғам үшін қажетті тұлға тәрбиелеп шығаруымыз керек.

 

Г. ЖҰМАШевА, 

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық 

колледжінің «Музыка» бөлімі

«Музыкалық білім беру» ПЦК-нің оқытушысы.


біліМ

10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348), 22 ақпан  2017 Жыл  //



 

„

Бүгінде сәби тілінің кеш шығуы мәселеге айналған. тіпті 



4-5 жастан асса да былдырлап, дыбыстарды өрескел бұзып 

айтатын бүлдіршіндер қатары артуда. Бұл жағдай елімізде 

логопедтерге деген сұранысты арттырып отыр. ал елімізде, 

керісінше, логопедтік балабақшалар аз, барының бағасы 

қымбат. оны кез келген ата-ананың қалтасы көтере бермейді.

Бала тілі нЕГЕ 

кЕШ Шығады?

Арайлым ШАбденовА

Бала тілінің кешеуілдеп шығуы тек  ата-

аналарды ғана алаңдатып қоймай, дәрігерлер 

мен  арнайы  логопед  мамандардың  да  жіті 

назарын  аударуда.  Десе  де,  ата-аналар 

баласының тілінің кеш шығуын біле тұра, ма-

мандар  көмегіне жүгінуге құлықсыз. Осындай 

немқұрайлықтан бала тілінің дамуы тежеледі 

дейді  арнайы  логопед  мамандар.  Әлбетте, 

баланың сөйлеу қабілетіне кері әсер етіп, оны 

бұзатын себептер өте көп. Құрсақта жатқанда 

анасының түрлі ауруларға ұшырауы, көп уақыт 

бойы емізік емген баланың таңдайының дұрыс 

қалыптаспауы, қатты шошынудан тұтығу пай-

да болуы секілді себептер тізіліп кете береді. 

Десе  де,  солардың  ішінде  баланың  тілінің 

кеш шығуына ата-ана тәрбиесі факторының 

рөлі зор. Мұны біз емес, арнайы мамандар 

айтып отыр.

–  Бала  1  жаста  10-15  сөзді  айта  алатын 

қабілетке ие болуы  қажет. Ал бізде 3-4 жас-

тан асып кетсе де, тілі шықпаған балаға «ер 

баланың тілі кеш шығады» немесе «еркелігі 

ғой» деп өз-өзімізді алдап, жұбатып жатамыз. 

Алайда бұл дұрыс емес. Өйткені 1 жаста 10-

15 сөзді айта алатын бала 2 жаста 300-дей 

сөзді айтып, ал 3 жастан асқан кезінде еркін 

әңгімелесетін шамада болуы керек. Ата-ана 

бала бесікте жатқанда-ақ  онымен сөйлесе 

білуі қажет. Өйткені сәби 5 айлығынан бастап 

үлкендердің  артикуляциялық  әрекеттерін 

қайталай бастайды. Сол үшін де әжелеріміз 

балаға бесік жырын айтып ұйықтатқан. Және 

бір мәселе – бүгінгінің балалары ет жемейді, 

сүйек  мүжімейді.  Сүйек  мүжудің  тілдің 

шығуына үлкен септігі бар. Бұл кезде ауыз 

қуысының бұлшық еттері ширап, баланың 

артикуляциясы жаттығады. Келесі себеп – ба-

ламен орысша араластырып сөйлесу. Мұндай 

жағдайға енді ғана тіл меңгеріп келе жатқан 

бала ұқсас әріптерді айыра алмай қиналады. 

Мәселен, «к» мен «қ», «н» мен «ң» секілді. 

Сондықтан осы айтылған жайттың бәріне ата-

ана назар аударып, балаға  қатаң қадағалау  жа-

сауы қажет, – дейді логопед Анель Қалдыбек.

Дейтұрғанмен ата-ананы оңды-солды ай-

ыптай беруден шығар нәтиже аз. Қалыптасып 

отырған жағдайға сәйкес, мәселені бұқаралық 

тұрғыда шешу қажет секілді. Мәселен, ло-

гопед  мамандарға  қазір  сұраныс  неліктен 

өсіп  отыр?  Баяғыда  логопед  дегенді  қазақ 

көрмек түгіл, естімейтін де, оның кім екенін 

білмейтін. Ал бүгінде бұл ұғым санамызға 

сіңіп, қоғаммен біте қайнасып кетті. Тіпті ар-

найы логопедтік балабақшалар ашылуда. Оған 

кезекке тұрғандары қаншама? Осы логопедтік 

балабақшалар мен  жай балабақшалардағы ло-

гопед мамандар өте тапшы.  Бұлай деуге себеп 

те жоқ емес. Қазір Тараз қаласы бойынша  64 

мемлекеттік және 35 жеке меншік мектепке 

дейінгі білім беру мекемелері қызмет атқарады, 

онда 18 003 бала тәрбиеленуде.  Аталмыш 

балабақшаның 2-і ғана  арнайы логопедтік 

болып саналады. Жыл сайын бала тілінің кеш 

шығуы артып отырғанын ескерсек, арнайы 

логопедтік балабақша санын көбейту керек-

ау. Өйткені әр баланың тіл мүкістігіне қарай 

көмек сатылық деңгейде көрсетіледі.  Мәселен, 

мүкістік ақауының дислалия, дизартрия, рино-

лалия, алалия, афазия сынды бірнеше түрі бар. 

Айталық, дислалия кезінде бала тек дыбыстар-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет