№8 (1348) 22 ақпан 2017 жыл, сәрсенбі «экспо-2017» көрмесі қарсаңында өңірде қызғалдақ, қымыз және Қазақ хандығы фестивалі өтеді. 107 күн қалды



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата24.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#10230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Лариса КАЛьКовА,

 «Жамбыл облыстық «Полонез» поляк 

тілі мен мәдениеті орталығы» қоғамдық 

бірлестігінің төрайымы.

Ертеңге сенім

жетелейді

Халықтың бағасы оң.   суреттерді түсірген н.тұрғынбек.



МәңгіліК Ел

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348), 22 ақпан  2017 Жыл  //



 

„

Жергілікті 



бюджетке түсетін 

салықтар мен 

міндетті төлемдер 

жыл сайын артуда.  

Бұл көрсеткіш                            

2013 жылы 34 млрд 

781,2 млн теңгені 

құраған болса, 

өткен жылдың 

қорытындысы 

бойынша 

салыстырмалы 

түрде 17,6%-ға 

артып, 40 млрд 

915,3 млн теңгені 

құраған.

қарЖы толық иГЕрілді

Арайлым ШАбденовА

Бұл  туралы  облыс  әкімдігі  қаржы  басқармасының  басшысы  Асхат 

Қырықбаев алқа мәжілісінде баяндады. Жиынды облыс әкімінің бірінші 

орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, жүргізіп отырды. Ал хабарла-

ма жасаған басқарма басшысы алдымен өткен жылды қорытындылап, 

атқарылған жұмыстарға жіті тоқталды. Спикердің берген мәліметіне 

сүйенер болсақ, басқарма қызметкерлерінің ұйымдастырып, үйлестіру 

жұмыстарының нәтижесінде несиелік тұрғын үй құрылысының мақсаттары 

үшін өткен жылы 3,0 млрд теңге көлемінде облыстың жергілікті атқарушы 

органының ең алғашқы мемлекеттік бағалы қағаздары шығарылып, Тараз 

қаласында 6 көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталыпты. Ағымдағы 

жылы 1,4 млрд теңгеге бағалы қағаздар шығару үшін барлық құжаттар 

дайындалғанымен,  қор биржасында 2017 жылдың 9 ақпанында өткізілген 

сауда-саттыққа  қатысушылар  болмауына  байланысты  сауда-саттық 

өтпеген болып танылған. Басқарма тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару 

органдарының кіріс көздерін және дербес бюджеттерін қалыптастыру бойын-

ша пәрменді жұмыстар жүргізілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 

өткен жылы облыс бюджетінің кірістері 220 млрд 481,5 млн теңгеге немесе 

101,5 пайызға қамтамасыз етілген. Оның ішінде меншікті кірістері 40 млрд 

915,3 млн теңгеге немесе 108,7 пайызға орындалып, бюджетке 3 млрд 257,6 

млн теңге артық түскен. Кірістер 2015 жылмен салыстырғанда 9,0%-ға, 2014 

жылмен салыстырғанда 9,8%-ға ұлғайып, 2016 жылы 220,5 млрд теңгені 

құраған. Ал меншікті кірістер 2014 жылы 37 млрд 788,2 млн теңгені құраған 

болса, өткен жылдың қорытындысы бойынша салыстырмалы түрде 8,3%-ға 

артқан. Трансферттердің түсімдері бойынша республикалық бюджеттен 179 

млрд 566,1 млн теңге сомасында трансферттер, оның ішінде 94 млрд 008,0 

млн теңге сомасында субвенция түскен. Трансферттердің түсімдері 2015 

жылмен салыстырғанда 14,3%-ға, 2014 жылмен салыстырғанда 10,1%-ға 

өскен. Облыс бюджетінің қаражаттары жоспарда 234 млрд 824,0 млн теңге 

болса, 234 млрд 484,7 млн теңгеге немесе 99,9%-ға игерілген. Өткен жылдың 

қорытындысымен қаражаттарды игеру бойынша облысымыз Астана мен 

Алматы қалаларының арасында алғашқы орынды көрсеткіш көрсетіп отыр. 

– 2016 жылы таза табыстың бір бөлігінен 14,4 млн теңге түсіп, жоспардың 

орындалуы  101,6%-ды  құраса,  облыстық  меншіктен  13,3  млн  теңге 

түсіп,  100%-ға орындалды. 2015 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің 

қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған 78 мемлекеттік коммуналдық 

кәсіпорынның 41-і жалпы 192,0 млн теңге сомасында таза табыспен шықса, 

8-і жылды нөлдік қорытындымен аяқтады, қалған 29-ы жалпы сомасы 1 млрд 

247,4 млн теңге сомасында залалмен аяқтады. Ең үлкен залалмен аяқтаған 

кәсіпорындар: Жамбыл облыстық балалар ауруханасы – 227,7 млн теңге, 

Жамбыл облыстық ауруханасы – 203,8 млн теңге, «Тараз-Арена» – 158,1 

млн теңге. Аталған кәсіпорындардың мұндай залалдармен шығуының 

басты себебі денсаулық сақтау, дене шынықтыру басқармаларына жаңа әрі 

қымбат тұратын нысандар мен құрылғылардың пайдалануға берілуінен 

амортизациялық төлемдердің өсуі болып отыр, – деді басқарма басшысы.

Жиын соңында басқарма басшысы алдағы атқарылатын міндеттерді 

айқындап, жоспарлы түрде жұмыс жасалатындығын жеткізді. 

 

„

Өңірлік коммуникациялар 



қызметі алаңында қр 

инвестициялар және даму 

министрлігі техникалық 

реттеу және метрология 

комитетінің Жамбыл облысы 

бойынша департаментінің 

2016 жылы атқарған 

жұмысы қорытындыланды. 

Зергерлік 

бұйымдарға тексеріс 

күшейді

Индира бАЙҚонЫС

Брифинг  жұмысына  аталған  департа-

менттің  басшысы  Мейірхан  Сатыбалдин 

мен бас маманы Марат Сармолдаев, РМК 

«ҚазСтИн»  Жамбыл облыстық филиалының 

директоры Асқар Мыңбаев қатысып, хабар-

лама жасады.                                                                        

Алғашқы  болып  сөз  алған  Мейірхан 

Әбілхайырұлы  департаменттің  негізгі 

атқаратын  міндетіне  кеңінен  тоқталып, 

өткен  жылы  атқарылған  жұмыстардың 

бірсыпырасын тілге тиек етті. Оның айту-

ынша,  былтыр  метрологиялық  талаптар 

мен ережелерін сақтау бойынша 58 тексеріс 

(56 ішінара, 2 жоспардан тыс, құқық қорғау 

органдарымен бірге 1 тексеріс) жүргізілсе, 

оның ішінде ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз 

ету» заңнамасының талаптарының бұзылуы 

бойынша 38 факт анықталған. Яғни ол 66 

пайызды құраған.

– Тексеріс барысында заңды тұлғаларға 

қатысты  жалпы  сомасы  9  млн  226  мың 

теңге  әкімшілік  айыппұл  салынып,  33 

қаулы  шығарылды.  Ал  жарамсыз  бо-

лып  табылған  1540  өлшем  құралдарын 

қолдануға  тыйым  салынды.  Сондай-ақ 

департамент  «Сатып  алу  және  үлгілерді 

сынамалау» бағдарламасы  бойынша 2016 

жылы 139 мың теңгені құрайтын 52 буып-

түйілген  өнімдерді  тексерістен  өткізіп, 

нәтижесінде  5  млн  88  мың  761  теңге  бо-

латын  9  партия  өнімдерінің  стандартқа 

сай еместігін анықтады, – деген департа-

мент  басшысы  Бас  мемлекеттік  бақылау 

инспекторының қаулысымен 3 кәсіпкерлік 

субьектісі  әкімшілік  жауапкершілікке 

тартылғанын айтты. Бұған қоса, Мейірхан 

Әбілхайырұлы «ҚР Мемлекеттік рәміздері» 

заңнамасын  дұрыс  қолдану  бойынша 

бақылау  жүргізу  департаменттің  негізгі 

атқаратын жұмысы екенін де атап өтіп, 2016 

жылдың 1 қаңтарынан бастап 989-2014 ҚР 

Мемлекеттік Елтаңбасының жаңа стандарты 

қабылданғанын, ұлттық стандартын қолдану 

мерзімі  2017  жылдың  1  шілдесіне  дейін 

белгіленгенін  жеткізді.  Демек,  жоғарыда 

айтылған  мерзімге  дейін  бұл  талаптар 

орындалмаса, мемлекеттік мекеме басшы-

лары заңмен қудаланып, жүзден төрт жүзге 

дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде 

әкімшілік  жауапкершілікке  тартылатын 

болады.                                                                                                                            

Ал    департаменттің  бас  маманы  Марат 

Ахмедияұлы елімізде 2016 жылдан бастап 

бағалы  металдарды  өндіру  және  бағалы 

асыл  тастар  мен  металдардан  жасалған 

зергерлік бұйымдар төңірегінде туындай-

тын  мәселелерді  реттейтін  ҚР  «Бағалы 

металдар  мен  асыл  тастар»  Заңы  күшіне 

енгенін  атап  өтіп,  бүгінде  департамент 

өкілдері  зергерлік  бұйымдарды  сататын 

кәсіпкерлерге  түсіндіру  жұмыстарын 

жүргізіп жатқанын айтты. Сондай-ақ бри-

финг  барысында  спикерлер  денсаулық 

сақтау саласында стандартқа сай келмейтін 

медициналық құрал-жабдықтардың көптігін 

ашық айта келе, өз қызметкерлері арасында 

жемқорлыққа  жол  бермеу  мәселесі  мен 

сала  мамандарының  кәсіби  біліктілігін 

арттыру  бойынша  да  бірқатар  жұмыстар 

атқарылғанын әңгіме өзегіне айналдырды.   

Жиын соңында журналистер де  ҚР Инвести-

циялар және даму министрлігі Техникалық 

реттеу және метрология комитетінің Жамбыл 

облысы бойынша департаменті өкілдеріне 

көкейлерінде  жүрген  сауалдарын  қойып, 

оларға тиісті жауаптар алды. 

 

„

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында қол жеткен жетістіктерді 



қорытындылап, республикамыздың алдында тұрған ауқымды 

міндеттерді белгілеп берген Мемлекет басшысының үстіміздегі 

жылдың 31 қаңтарындағы қазақстан халқына арнаған Жолдауы 

бүгінде өңіріміздегі барлық қоғамдық-саяси бірлестіктерде, 

үкіметтік емес ұйымдарда, еңбек ұжымдарында талқыланып, 

қызу қолдау тауып жатқаны белгілі. 

қоғамның қозғаушы күші

Аталған  тарихи    құжатқа  қатысты  іс-

шара  Мемлекеттік,  банк  мекемелері  және 

қоғамдық  қызмет  көрсету  қызметкерлері 

кәсіподағының Жамбыл аудандық филиалын-

да  да  өтті.  Аудан  орталығы  Аса  ауылында 

ұйымдастырылған  жиында  ең  әуелі  салалық 

кәсіподақтың Жамбыл облыстық филиалының 

төрағасы  Оңласын  Есіркепов  сөз  алып,  Ұлт 

көшбасшысының  барша  қазақстандықтарға 

арнаған  «Қазақстанның  Үшінші  жаңғыруы: 

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және 

Елбасының  халыққа  Үндеуін  жұртшылыққа 

насихаттаудағы  кәсіподақ  ұйымдары  алдын-

да  тұрған  міндеттер  туралы  баяндады.  Ол 

республика  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

бас  құжатта:  «Табысты  өткен  екі  жаңғыру 

арқылы  баға  жетпес  тәжірибе  жинақтадық. 

Біз  енді  алға  батыл  қадам  басып,  Үшінші 

жаңғыруды  бастауға  тиіспіз.  Бұл  жаңғыру 

қазіргі  жаһандық  сын-қатерлермен  күрес 

жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді 

көпір  болмақ»  –  деп  республикамыздың  ел 

егемендігінің  екінші  жиырма  бес  жылдығы 

мен  үшінші  мүшелінде  кешенді  жоспар, 

жаңарған инновациялық ойлау және заманауи 

ақпараттық-технологиялық  құндылықтармен 

тарихтың жаңа парағын ашқалы отырғандығын 

атап  көрсеткендігіне  тоқталды.  «Ұлы  Дала 

Елінің  тағылымды  тарихы  өзінің  бір  жаңа 

кезеңіне  –  Үшінші  жаңғыру  дәуіріне  қадам 

басып отыр. Елбасы Жолдауы еліміздің жаңаша 

дамуына жол ашып, әр азаматтың өмір сапа-

сын  арттыратыны  анық.  Жолдаудың  талап-

тарын  орындау  –  баршамыздың  міндетіміз. 

Біздің ортақ жетістігіміз – қоғамымыздың әр 

мүшесінің  күш-жігеріне,  азаматтық  борышы 

мен  жауапкершілігін  жете  сезінетіндігіне                                                                                                 

байланысты.  Мен  баршаңызды  Мемлекет 

басшысының  Жолдауында  айқындалған 

міндеттерді  жүзеге  асыруға  жұмылуға 

шақырамын», – деді Оңласын Қарабайұлы.

Жиында  күн  тәртібіндегі  екінші  мәселе  – 

Мемлекеттік,  банк  мекемелері  және  қызмет 

көрсету  қызметкерлері  кәсіподағы  Жамбыл 

аудандық филиалының салалық кәсіподақтың Х 

съезі мен Қазақстан Республикасы кәсіподақтар 

федерациясы  ХХIV  съезі  шешімдерін 

орындаудағы  жұмысы  туралы  аудандық 

филиалдың төрағасы Мадияр Самбетов баяндама 

жасады. Филиал басшысы бүгінде 588 кәсіподақ 

мүшесі есепте тұратын 32 бастауыш ұйымның 

басын біріктіріп отырған аудандық филиалдың 

өңірдегі қоғамдық қозғаушы күшке айналып келе 

жатқандығына тоқталып, кәсіподақ мүшелерінің 

мүддесін қорғауда, еңбек дауларының шешімін 

табуда,  еңбеккерлердің  жұмыстан  тыс,  қолы 

бос уақыттарын мазмұнды өткізуде, олардың 

денсаулық жағдайларын түзеуіне ықпал жасауда 

бастауыш кәсіподақ ұйымдарының тарапынан 

жүзеге асырылған ауқымды істің барысы туралы 

таратып айтты. 

Іс-шара  соңында  салалық  кәсіподақтың 

аудандық  филиалының  ұйытқы  болуымен 

жыл  аралығында  өткізілген  байқаулардың 

жеңімпаздары марапатталып, оларға Құрмет гра-

моталары, дипломдар және бағалы сыйлықтар 

тапсырылды.  Мемлекеттік,  банк  мекемелері 

және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері 

кәсіподағы  Жамбыл  облыстық  филиалының 

Құрмет грамотасымен Ақбұлым ауылындағы 

бастауыш  кәсіподақ  ұйымының  төрайымы 

Гүлдерайым  Асқарова,  аудандық  мәслихат 

аппараты  бастауыш  кәсіподақ  ұйымының 

төрайымы  Дәнегүл  Абдуалиева,  аудан 

әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі 

бастауыш  кәсіподақ  ұйымының  төрағасы 

Ерсұлтан Жарқынбай марапатталды. Ал аудан 

аумағындағы салалық кәсіподақтың бастауыш 

ұйымдарының  жұмысын  жандандыру  және 

сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған 

«Күшті  бастауыш  ұйым  –  күшті  кәсіподақ» 

атты байқауда өзі жетекшілік ететін ұйымның 

жұмысын  дамытып,  қоғамдық  жұмыстарға 

белсене араласқаны үшін «Жамбыл ауылдық 

округі  әкімі  аппараты»  бастауыш  кәсіподақ 

ұйымының төрайымы Мейрамкүл Исмайловаға 

I дәрежелі диплом, «Қараой ауылдық округі 

әкімі аппараты» бастауыш кәсіподақ ұйымының 

төрайымы  Гүлшат  Инкашеваға  II  дәрежелі 

диплом, «Полатқосшы ауылдық округі әкімі 

аппараты»  бастауыш  кәсіподақ  ұйымының 

төрайымы Дильдар Тойбековаға III дәрежелі 

диплом тапсырылды.

Гүлбахрам дүЙСеКовА, 

банк мекемелері және қоғамдық 

қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподақ 

ұйымының президиум мүшесі.   

Перспективалық өсім.   суретті түсірген н.тұрғынбек.



Мақсат айқын, МүддЕ Бір

 

„

Мемлекеттік қызметке тағайындалуына байланысты қалалық №22 сайлау округі бойынша 



шығып қалған депутат Балабек нарбаевтың орнына «нұр отан» партиясынан тараз қалалық 

мәслихат депутаттығына кандидат ұсынылды. 

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348), 22 ақпан  2017 Жыл  //

ЖаңғыРту 3.0

5

 

„

Мемлекет басшысының «100 

нақты қадам» ұлт жоспарын іске 

асыру аясында 2016 жылдан бастап 

тараз қалалық деңгейдегі қоғамдық 

кеңес құрылып, өздеріне берілген 

өкілеттіктері бойынша  өз қызметін 

бастады.

қоғамдық кеңес                  

президент саясатын 

қолдайды 

Заңмен құқықтық мәртебесі айқындалған Қоғамдық 

кеңес атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару 

органдарының қызметіне, олардың азаматтық қоғаммен 

өзара іс-қимылына жаңа мазмұн беріп, азаматтық қоғамның 

мүдделерін білдіру мен жергілікті деңгейлердегі шешімдер 

қабылдауда жариялықтың басты құралына айналып отыр.

Осы тұрғыда қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңестің 

қызметін  ерекше  атап  өтуге  болады.  Қоғамдық  кеңес 

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Жұмыспен 

қамту–2020» жол картасы аясында қолға алынған құрылыс 

нысандарына  бақылау  жасап,  жұмыстардың  сапалы 

жүргізілуі үшін тиісті шаралар қабылдады.

Қоғамдық кеңес отырыстарында мақсаты индикаторларға 

қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдардың есептері 

тыңдалып, маңызды  мәселелерді шешуде бірлесе әрекет 

етті. Мәселен, қалалық қоғамдық кеңес 41отырыс өткізіп, 

онда қала өңіріндегі өзекті 31 мәселе қаралды. 

Қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңес мүшелері ағымдағы 

жылдың ақпан айының 1-15 аралығында Тараз қаласы 

әкімі Нұржан Календеровтің қала тұрғындары алдындағы 

есепті 12 кездесуіне 2751 тұрғынмен бірге кездесу оты-

рысына  қатысты.  Қала  әкімінің  2016  жылы  атқарған 

жұмыстары бойынша есеп беру кездесулерінде  әлеуметтік 

саласына айтылған 87 пікір қалалық қоғамдық кеңестің 

отырысында қаралып, қала әкімдігінің бөлім басшыла-

рына  аталған  пікірлер  бойынша  ұсыныстар  айтылды. 

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты 

құқықтық актілердің жобалары қаралып, заңнама аясында 

қорытындылар берілді.

Осылайша,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Ұлт 

жоспарына сәйкес қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңес 

мүшелері қала тұрғындарының талап-тілектерін үнемі 

назарда ұстап отырады.



Қаржаубай беКбоЛАТов,

Тараз қалалық деңгейдегі

Қоғамдық кеңесінің төрағасы. 

нұржан СеРІКХАнҰЛЫ

Қалалық мәдениет үйінде өткен «Нұр Отан» 

партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен 

тыс XIX конференциясына  партия облыстық 

филиалы төрағасының бірінші орынбасары 

Мұратхан  Шүкеев,  партия  Тараз  қалалық 

филиалының төрағасы, шаһар басшысы Нұржан 

Календеров және Саяси кеңесі мен Саяси кеңес 

бюросының мүшелері, Партиялық бақылау 

комиссиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, 

бастауыш  партия  ұйымының  төрағалары, 

партияның Тараз қалалық мәслихатындағы 

депутаттық фракциясының мүшелері, «Жас 

Отан» Жастар қанаты кеңесінің мүшелері 

қатысты. Күн тәртібіндегі басты екі мәселе 

Елбасының Үндеуі мен Жолдауына тікелей 

қатысты болғандықтан бірге қаралды. 

–  Елбасы  жариялаған  саяси  жүйе 

мемлекеттілікті нығайтуға, билік тармақтары 

қызметінің тиімділігі мен жауапкершілігін 

арттыруға  бағытталып  отыр.  Бұл  бағыт 

мемлекетімізді одан әрі демократияландыруға 

және биліктің барлық тармақтарын одан әрі 

күшейтуге арналған. Президенттік билікті 

сақтай отырып жүргізілетін мұндай реформа 

еліміздегі саяси тұрақтылық пен одан әрі 

өсіп-өркендеуіміздің берік кепілі болады деп 

сенеміз. Елбасы айтқандай, тәуелсіздіктің 

Жаһанданудың жаңа моделі. 



 суреттерді түсірген н.тұрғынбек.

 

„

тараз қаласының әкімі нұржан календеров ұзатылған жылдың қорытындысы 



бойынша қалалық деңгейдегі қоғамдық кеңес алдында есеп беріп, атқарылған жұмыстар 

мен алдағы жоспарларды түбегейлі талқыға салды. Әкім алдағы жылдары облыс 

орталығында жаңа екі мөлтек аудан соғылатынын айтты. осы жаңа аудандар қалай 

аталады?

Жаңа «тәуелсіздік» және «Мәңгілік Ел» 

шағын аудандары болады 

Айсана нҰРбАП

– Бүгінде Қоғамдық кеңестер атқарушы органдар мен жергілікті өзін-

өзі басқару органдарының қызметіне, олардың азаматтық қоғаммен өзара 

іс-қимылына жаңа мазмұн беріп, азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру 

мен жергілікті деңгейлерде шешімдер қабылдауда жариялықтың басты 

құралына айналып отыр. Осы тұрғыда қалалық деңгейдегі Қоғамдық 

кеңестің қызметін де ерекше атап өтуге болады. Қала деңгейінде жеке 

тұрғын үй құрылысына арналған алаңшаларды дайындау жұмыстары 

жүргізілуде. Атап айтқанда, Сүлейменов көшесінің соңындағы 362,2 га 

жерге тұрғын алқаптың құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 150 га 

жер жеке тұрғын үй құрылысына, ал қалғаны 15-ші мөлтек ауданның 

құрылысына арналған. Осы жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілетін 

аумақтағы 7 көше және 18 қиылыс бойында 800-ден 914-ке дейін жер 

телімдерін орналастыруға мүмкіншілік бар. 2017 жылдың аяғына дейін 

жалпы алқапта газ, жылу, байланыс желілері және сумен қамтамасыз 

ету құрылыстары аяқталатын болады. Бұдан бөлек, Асқаров көшесінің 

соңындағы 312 га, «Хамукат» 125 га, «Қарасай» 126,6 га  және  «Құмшағал-

Шалғай  Қарасу»  тұрғын  алқабындағы  369  га  жерге  инженерлік-

коммуникациялық желілер құрылысының жобалары әзірленуде. Жалпы 

бұл тұрғын алқаптарда 3752 жер телімдерін орналастыру жоспарланған. 

Болашақта «Арай» тұрғын алқабында 35 га, «Автобекет» аумағында 

166 га және «Казарма» тұрғын алқабында 315 га жерді жеке тұрғын үй 

құрылысын жүргізу үшін дайындауға мүмкіншілік бар. Көп қабатты 

тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу мақсатында, ағымдағы жылы 

«Бәйтерек» мөлтек ауданында 80 пәтерлі 2 үйдің және Сүлейменов 

көшесінің соңындағы 15-ші мөлтек ауданда 80 пәтерлі 10 үйдің жобаларын 

әзірлеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар  ағымдағы жылы 15-ші 

мөлтек ауданда жалпы 1780 пәтерді құрайтын 25 үйдің жобаларын бастау 

жоспарлануда. Бұл жобалар 2018-2020 жылдары жүзеге асырылатын 

болады, – деді қала әкімі. 

Жетістіктер мен жүйелі жоспарларға негізделген шаһар басшысының 

сөзінен кейін қалада алдағы уақытта бой көтеретін жаңа мөлтек аудандарға 

атау беру мәселесі қаузалды. Бұл жөнінде қала әкімдігінің мәдениет және 

тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева мәлімдеме жасады. 

– Тараз қаласындағы жаңадан соғылып жатқан  «Автобекет» маңындағы 

(100 га) 14 ықшам ауданына – «Тәуелсіздік», Ы.Сүлейменов көшесінің 

соңындағы (362,2 га) 15 ықшам ауданына – «Мәңгілік Ел», «Көлтоған» 

жеке тұрғын үй құрылысына арналған (250 га) шағын ауданына – 

«Шаңырақ», «Шалғай  Қарасу» алқабындағы №2 көшеге  (1300 м) – Қайым 

Мұхамедханов (ғалым 100 жыл),  №7 көшеге (600 м) – «Ханшатыр», 

№8 көшеге (450 м) – «Темірқазық», №24 көшеге (450 м)  «Наркескен» 

атауларын беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда жоғарыда 

аталған ықшам аудан, шағын аудан, көшелерде қазіргі уақытта тұрғындар 

тұрмайтындықтан, халықтың пікірін ескеру үшін Қоғамдық кеңестің на-

зарына  ұсынып отырмыз. Келісім берілген жағдайда ҚР Үкіметінің 2014 

жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық 

бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта 

атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен 

өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасы» талапта-

рына сәйкес Тараз қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында 

қарау үшін жолданады, – деді Бақыт Тілегенқызы.  Бөлім басшысы айтып 

өткен  жаңа атаулардың жобасы Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы Оно-

мастика комиссия отырысында қаралып, мақұлданған екен. Жиында бұдан 

бөлек «Тараз қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік 

әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту» және 

«2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу» 

туралы шешім жобалары талқыланды.                                                                                            

 Басқосу соңында қалалық деңгейдегі Қоғамдық кеңестің төрағасы 

Қаржаубай  Бекболатов  сөз  алып,  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  2017  жылғы  31  қаңтардағы  «Қазақстанның  Үшінші 

жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына 

Жолдауында белгіленген межелер, тиімді тетіктер мен ел үшін табысты 

басымдықтарды жан-жақты айтып өтті. 

Жүйелі жоба.   суретті түсірген н.тұрғынбек.

25 жылында екі жаңғыру кезеңінен өттік. 

Ендігі күн тәртібіне Қазақстанның Үшінші 

жаңғыруы жөнінде міндет тұр. Мақсаты – елдің 

жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз 

ету,  экономикалық  өсімнің  жаңа  моделін                                                                                                 

құру,  –  деді  партия  қалалық  филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары  Арын 

Асқарбеков.

Ал  жарыссөзге  шыққандар  қатарында 

жүйке  аурулары  интернат-үйінің  дирек-

торы,  делегат  Мұрат  Бердалиев,  Та-

раз  қалалық  әділет  басқармасының  бас-

шысы,  делегат  Гүлнар  Кушекова    Елбасы 

Жолдауындағы басымдықтарға байланысты 

ойларын ортаға салды. Бұдан кейін мандат 

комиссиясының төрайымы Ханипа Кембаева 

хабарлама жасады. Төрайым конференцияға 

сайланған 212 делегаттың өкілеттігін растап, 

қоғамның әр саласынан құралған олардың 

199-ы  жоғары,  13-і  орта  білімді  екендігін 

жеткізді.Ал  партия  облыстық  филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан 

Жүнісәліұлы  Жолдауда көрсетілген жүйелі 

міндеттерді жүзеге асыру бағытында өңірде 

атқарылып жатқан және алдағы белгіленген                                                                                                             

жоспарларды  тарқатып  өтті.  Талқыланған 

мәселелер  бойынша  қаулы  қабылданды.                                                                                                                  

С о н д а й - а қ   м е м л е ке т т і к   қ ы з м е т ке                                               

ауысуына байланысты №22 аумақтық округінен 

сайланған  Балабек  Жанбекұлы  депутаттық 

өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан бола-

тын. Оның орнына кандидат сайлау мәселесі 

конференция отырысында қаралды. Аталған 

өкілеттілікке  «Нұр  Отан»  партиясынан                                                                                                   

Батырбек  Құлекеев  негізгі  үміткер  бо-

лып  анықталған  екен.  Басқосуда  Батырбек 

Әбдірәсілұлы  сөз  тізгіндеп,  сайлауалды 

бағдарламасының  жобасымен  таныстырып 

өтті. Делегаттар кандидатураны ашық дауысқа 

салып,  бірауыздан  қолдау  білдірді.  Жиын 

соңында қалалық мәслихаттың депутаты Ләззат 

Қызылқұлова «Нұр Отан» партиясы Жамбыл 

облыстық филиалының кезектен тыс XIX конфе-

ренциясына сайланған 46 делегатты таныстырып 

өтіп, аталған мәселеге орай қаулы қабылданды. 


нҰР Отан

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348), 22 ақпан  2017 Жыл  //




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет