№8 (1348) 22 ақпан 2017 жыл, сәрсенбі «экспо-2017» көрмесі қарсаңында өңірде қызғалдақ, қымыз және Қазақ хандығы фестивалі өтеді. 107 күн қалды



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата24.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#10230
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Газет қазақ және орыс тілдерінде 

аптасына бір рет шығады. 

Газет «Сенім» баспа 

орталығы» ЖШС-

інде жарық көрді.

Тараз қ., Төле би 22.

АЛУАН


23

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348),  22 ақпан  2017 Жыл  //



«қазақстан республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне 

зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері 

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

қазақстан республикасының Заң жобасына түсініктеме

Заң  жобасы  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму 

ұйымының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы стандарт-

тарына жүйелі түрде өту бойынша Елбасының 2014 жылғы 12 

маусымдағы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар 

кеңесінің жиырма жетінші пленарлық отырысының қорытындысы 

бойынша берген тапсырмасын орындау үшін және ҚР Үкіметінің 

2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1153 қаулысымен бекітілген ҚР 

Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының 7-тармағына 

сәйкес әзірленді. Заң жобасының мақсаты – зияткерлік меншік 

саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, ғылыми-техникалық 

прогресті және еркін бәсекені дамыту, тіркеу рәсімін жеңілдету, 

құқықтық олқылықтарды жою, сондай-ақ зияткерлік меншік 

саласындағы әкімшілік кедергілер тудыратын нормаларды алып 

тастау.

Заң жобасы 2015 жылы 18 наурызда Әділет министрінің 



бұйрығымен  құрылған  ведомствоаралық  жұмыс  тобымен 

әзірленді.

Жұмыс тобының құрамына мүдделі мемлекеттік органдар, «Ата-

мекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҮЕҰ, Шетел инвесторлар 

кеңесінің өкілі «Филлип Моррис» компаниясы, Инвестициялық 

ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің мүшелері, патенттік сенім 

білдірілген өкілдері қатысты және т.б. кірді.

Заң жобасы Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім), «Салық және 

бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық 

кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне, «Әкімшілік 

құқық бұзушылық туралы» кодекске, Кәсіпкерлік кодексіне, 

Патент заңына, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар тура-

лы, Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы, Тауар таңбалары 

туралы, Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық 

қорғау туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы, Әділет органдары 

туралы, Мемлекеттік мүлік туралы заңдарға түзетулер енгізуді 

көздейді. 

Заң жобасының негізгі жаңалықтары:

- зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша 

өкілеттіктерді сараптама ұйымына («Ұлттық зияткерлік меншік 

институты» РМК) беру арқылы зияткерлік меншік объектілерін 

тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру; 

- тіркеуге қатысты дауларды сотқа дейінгі қарау мүмкіндігін 

кеңейту;


- құқық иелерінің тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін 

өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету;

- тауар таңбаларына өтінімдерді сараптама ұйымына түскен 

сәттен бастап жариялау

- шарттарды тіркеу тәртібін жеңілдету.

Заң жобасын іске асыру бюджеттік түсімдердің азаюын көздейді 

(қорғау құжаттарын беру үшін мемлекеттік баж алынып таста-

лады). 


Сонымен қатар сараптамаға түсетін өтінімдер санының жыл 

сайынғы өсуі есебінен (анықтама үшін: 2013 жылы – 4899, 2016 

жылы – 7767, 2014 жылы – 5909, 2017 жылы – 9867, 2015 жылы – 

6116, 2018 жылы – 12527) сараптама ұйымы жасайтын қызметтер 

үшін түсетін қосылған құн салығының сомасы ұлғаюда.

Ұсынылып  отырған  түзетулер  бойынша  Республикалық 

бюджет комиссиясының оң қорытындысы шығарылған. Жалпы 

алғанда, Заң жобасының іске асуы бюджеттен қосымша қаржы 

шығыстарын алып келмейді. 

Заң  жобасы  Қазақстан  Республикасының  Дүниежүзілік 

экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік 

индексінің «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» көрсеткіштерін 

жақсартуға бағытталған.

Асхат оРАЗХАн,  

Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы, 

«Қазақстан Заңгерлер одағы» республикалық 

коғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы 

филиалының төрағасы. 

 

„

тараз қаласының мамандандырылған 



әкімшілік сотында қр Әкімшілік құқық 

бұзушылық туралы кодексінің (ары 

қарай – қр ӘқБтк) 608-бабының 

8-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық 

бойынша азаматша Я-ға қатысты 

әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс 

қаралды. 

Масаң күйде көлік 

басқарғаны үшін айыпты

26.01.2017 жылы, сағат 04:40 шамасында азаматша Я. Тараз 

қаласының Жібек жолы көшесімен Балуан Шолақ көшесіне 

қарама-қарсы  Самарканд  көшесіне  қарай  бағытта  көлік 

құралдарын  басқару  құқығы  жоқ  бола  тұра,  алкогольдік 

масаң  күйде  «Volkswagen  Golf»  маркалы  көлік  құралын 

басқарған. Өзінің іс-әрекетімен, құқық бұзушы Я. ҚР ӘҚБтК-

нің 608-бабының 8-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты 

жасаған,  яғни  жүргізушінің  көлік  құралын  алкогольдік, 

есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, 

сол  сияқты  көлік  құралын  алкогольдік,  есірткілік  және                    

(немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына 

беру, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан әрекеттер, 

жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-

әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, 

жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге 

мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер, көлік құралдарын 

басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер, әкімшілік 

жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қарау түріндегі 

жаза қолданылмайтын тұлға қайталап жасауы, ӘҚБтК-тің 

50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу 

қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер, яғни жүктi 

әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, 

он сегiз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2-топтардағы 

мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен 

алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды 

қолдануға болмайды. Істі қарау қорытындысы бойынша аза-

матша Я. ҚРӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігінде көзделген 

әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып,оған 

әкімшілік жаза ретінде екі жүз айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерінде, яғни 453 800 (төрт жүз елу үш мың сегіз жүз) 

теңге көлемінде айыппұл салынды.



Қамар үСеМбАевА,

Тараз қаласының мамандандырылған 

әкімшілік сотының судьясы.

қала тұрғындарының 

назарына!

2017  жылдың  1  наурызы  күні  сағат  10.00-де,  Тараз 

қаласы, Сүлейменов көшесі, 3 мекенжайында, Тараз қаласы 

әкімдігінің  мәжіліс  залында  Тараз  қалалық  мәслихаты 

тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» алқабының кейбір 

көшелеріне атау беру.

2. 14,15 ықшам аудан, шағын аудандарға атау беру.

3. «Арай» алқабындағы №2 көшеге «Марау ана» есімін 

беру.


Көпшілік тыңдауына атқарушы органдардың, өзiн-өзi 

басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат 

құралдарының өкiлдерi мен азаматтар шақырылады.

М.МЫРЗАХМеТов,

Тараз қалалық мәслихатының

Заңдылық, азаматтар құқығын қорғау,

құқылық тәртібі және гендерлік

саясат жөніндегі тұрақты

комиссиясының төрағасы.                                               

2017 жылғы 26 наурызға тағайындалған тараз қалалық мәслихатының шығып қалған 

депутатының орнына қатысатын үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын 

жүргізу үшін «Жамбыл-тараз» газетінің бетінде баспасөзден орын беру төлемінің 

мөлшері, шарттары мен тәртібі жайлы

ақпарат

ҚР  «Қазақстан  Республикасындағы  Сайлау  туралы» 

Конституциялық  заңының  28-бабының  1,2,3-тармағына 

сәйкес «Жамбыл-Тараз» газеті редакциясы сайлауалды үгіт-

насихат материалдарын 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде                  

жариялайды.

Үгіт материалын үміткердің өзі дайындайды.

үгіт материалын газетке ұсыну үшін тіркелген кандидат 

немесе оның сенімді өкілінен сұралатын қажетті құжат:

1.  Редакцияға  кандидат  немесе  сенімді  өкілдің  толық 

аты-жөні, тіркелу нөмірі, күні, сағаты, сайлау округі толық 

жазылған, кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған 

жазбаша өтініш береді.

2. Құжаттардың көшірмесі және жеке куәлігі нотариалды 

бекітіліп берілуі керек.

Онда кандидаттың жеке куәлігі мен кандидат куәлігі, сенімді 

өкілдің жеке куәлігі және сенімді өкілдігін растайтын куәлігі 

қоса болуы кажет.



үГІТ МАТеРИАЛЫн ЖАРИяЛАУдЫҢ ТӘРТІбІ

Редакция тіркелген кандидаттардың үгіт материалдарын 

жариялау үшін баспасөз бетінен орын береді. Кандидаттардың 

газетке шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп 

түсу  ретімен,  егер  өтініштер  бір  мезгілде  келіп  түссе, 

материалдардың жариялану реті жеребе бойынша белгіленеді. 

Жазбаша өтініш редакцияға келіп түскеннен кейін үгіт ма-

териалына басылым бетінде лайықты орын берілгені үшін 

«Жамбыл-Тараз» газеті және кандидат мақаланың жариялану 

ақысы жайында екі жақты келісімшарт жасасады.

Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі 

редакцияның есепшотына жүз пайыз көлемінде түскеннен 

кейін барып бір-ақ жарияланады.

Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні – 24 наурыз, 

2017 жыл.

үГІТ МАТеРИАЛдАРЫн ҰСЫнУдЫҢ ТӘРТІбІ

Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама 

бөліміне «Жамбыл-Тараз» газетінің кезекті саны жарыққа 

шықпай тұрып, үш күн қалған мерзімге дейін ұсынуы тиіс. 

Материалдың  мәтіні  қағазға  басылып  шығарылып,  оған 

кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Соны-

мен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек (дискета, 

диск, электрондық пошта). Берілген күні және тіркеу нөмірі 

көрсетілген материалдың жазбаша нұсқасы редакцияға екі 

данамен тапсырылып, оған редакция тарапынан қабылданған 

күні, уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні, қызметі 

жазылып, қол қойылады. Мәтіннің біреуі газеттің жарнама 

бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып 

кетуі тиіс.

ҚР  «Қазақстан  Республикасындағы  Сайлау  туралы» 

Конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт 

мақалалары жарияланбайды.

үГІТ МАТеРИАЛдАРЫн ЖАРИяЛАУдЫҢ ТӨЛеМ 

ТӘРТІбІ

Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының 

жариялану құнын жүз пайыз төлейді. Төлемақы редакцияның 

алдын ала келісімшартта қарастырылғандай, арнайы реквизиті 

көрсетілген есепшотына аударылуы керек.

Баспасөзде ақпараттық үгіт материалдарын орналастыру 

құны (қосымша құн салығын қоса есептегенде) 1 шаршы 

сантиметрге – 200 теңге (ішкі беттер), 250 теңге (соңғы бет).



ДЕМалыС

24

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №8 (1348), 22 ақпан  2017 Жыл  //



Арайлым ШАбденовА

Облыстық  филармонияның  ұйытқы  болуымен 

өткен ән әлемінің падишасы, «Қазақ вальсінің королі» 

атанған Халық әртісі, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың 

шығармаларына  арналған  «Шәмшінің  шарықтаған 

әуендері» атты концерттің шымылдығы композитордың 

попурри  әндерімен  түрілді.  Қазақ  ұлт  аспаптар 

оркестрінің сүйемелдеуімен дирижер, ҚР Еңбек сіңірген 

қайраткері Мұхтар Рахманқұлов өнерпаздарға қолдау 

көрсетіп,  кеш  жанды  дауыста  өтті.  «Ақ  ерке  –  Ақ 

Жайықтың» жағасында шалқып, «Бақыт құшағында» 

балқып, айдын көлде жүзген «Қайықтаның» сазын-

да  тербелген  әсем  ән  мерекесі  бірнеше  бөлімнен 

тұрды.  Халқымыздың  рухани  өмірі  мен  музыкалық 

мәдениетіндегі композитордың алатын орны орасан 

екені ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Туған 

жерінің  әрбір  қуанышы  мен  шаттығына  ән  болып, 

жыр болып төгілген, шашу болып шашылған Шәмші 

жүрегі, Шәмші тілегі, Шәмші әуені үнемі халқымен 

бірге. Сағыныш пен сағымға айналған асыл ағаны ән 

әлемі ақ тілектің, тәтті үміттің құсына балап тағы бір 

еске алды. Кешті тамашалауға келген халықтың са-

нында есеп болмады. Сахнада ҚР Мәдениет қайраткері 

Р.Мәдіханова «Қайықта», Ж.Кәдіров «Арқалықтың ақ 

таңы», Ә.Уашева «Ақ маңдайлым» әндерін алғашқы 

бөлімде орындады. Ал Ә.Әбдікерімов, Ж.Қалташов пен                                           

ҚР Мәдениет саласының үздігі Б.Шағырбаев «Тамды 

аруы», «Ақ келес Арайлым» әндерінен шашу шашып, 

көпшілік көңілінен шықты. «Таным айдары» бөлімінде 

Ән ағаның өмірінен қысқаша мәлімет беріліп,  LЕD-

экран арқылы «Сыған серенадасы» әнінің шығу тарихы 

көрсетілді. Осы тұста облыстық қазақ драма театрының 

әртістері Исраил Сапарбаевтың «Сыған серенадасы» 

пьесасынан  үзінді  қойды.  Шәмші:  «Маған  жақын 

нәрсе – халқымның жүрегі. Менің әндерімнің болашағы 

халқымның тағдырына байланысты. Халқым барда менің 

әндерім бар» – деген екен. Кешті ұйымдастырушылар 

халықпен сахна арқылы тілдесіп,  «Кел, шырқайық» 

бөлімінде  Шәмші  әндерін  көрермендермен  бірге 

шырқады.  Онда  қазақ  кеңестік  музыкасындағы  ана 

туралы  тұңғыш  жазылған  «Ана  туралы  жыр»,  «Ақ 

бантик», «Кешікпей келем деп ең» әндері орындалды. 

Ұлы композитордың 18 жыл өмірі Жамбыл өңірінде 

өткен. Ән ағаның шығармашылығындағы бірқатар әндер 

біздің өңірде дүниеге келген. Осы орайда композитордың 

әндерін жарыққа шығарған да біздің өнерпаздарымыз. 

Мәселен, «Дүнген қызы» әнінің алғашқы орындаушы-

сы филармония әншісі Жандос Омаров болса, бұл ән 

жерлесіміз Ғани Мәтебаевтың «төлқұжатына» айналған. 

Өнерпаздар кеш барысында «Дүнген қызы» әнін алғаш 

рет  дуэтпен  орындап  шығып,  қалың  көпшіліктің 

ерекше ықыласына бөленді. Концерттік бағдарламада 

Шәмшінің  өмірін  кеңінен  насихаттау  мақсатында 

көрермендерге  бірқатар  сұрақтар  қойылды.  Дұрыс 

жауап берген тыңдарманға облыстық филармонияның 

ән қанатында қалықтап.   суреттерді түсірген н.тұрғынбек.



Ең кішкентай 

миллионер

 

„

Әр адам табысқа жетуді 



көздейді. көпшілігіміз өзіміздің 

жетістікке жетелейтін 

кәсібіміздің болғанын 

қалаймыз. Жетістікке жеткен 

кәсіпкерлердің өмір жолынан 

үлгі алып, олардың ерлігін 

қайталауға тырысамыз. 

Бүгінгі күні күллі әлемге 

ең жас кәсіпкер ретінде 

танылған райан росстың 

шағын еңбек жолы өзіңізге 

және жеке кәсібіңізге деген 

сенімділігіңізді арттыра түсетіні 

сөзсіз.

  Үш  жасында  тауық  асырап, 

кәсібін жұмыртқа сатудан бастаған 

кішкентай  ғана  балақай  өзінің 

алғашқы миллионын сегіз жасында 

тапқан. Алғашында оның иелігінде 

60 қана тауық болды. Райан Росс 12 

жұмыртқаны  үш  долларға  сатып, 

орташа есеппен күніне 15-20 дол-

лар қаржы тапты. Уақыт өте келе, 

ол жұмыртқа сатуға қарағанда көп 

табыс әкелетін кәсіппен айналысуды 

жөн көреді. Кішкентай кәсіпкердің 

келесі бизнес идеясы көршілердің 

көгалын 25 долларға ретке келтіріп, 

тазалап  беруге  негізделді.  Әрине, 

көгал  шапқышты  кішкентай  бала 

басқара алмайды. Өз ойын жүзеге 

асыру мақсатында Райан 20 долларға 

қызметкер  жалдап,  5  долларына 

табыс көрді. Жас кәсіпкердің кәсібі 

күннен-күнге көркейді. Жергілікті 

банк қызметкерлері оның жұмысына 

қолдау  көрсету  мақсатында  оған 

банктен  арнайы  шот  ашты.  Төрт 

жасар  Райан  Росстың  шотында 

1500 доллар сақталды. «Болар бала  

бесіктен» деген аталы сөз осындай 

бүлдіршіндерге арналып айтылса ке-

рек. Себебі ол ешкімнің көмегінсіз-

ақ ақша табудың тиімді жолдарын 

меңгеруді қолға алған ең кішкентай 

кәсіпкер атанып отыр.

Әрине,  көпшілік  кішкентай 

баланың небәрі үш жасында кәсіпті 

бастағанына  сенбейді.  Кішкентай 

балалар  тұрмақ,  үлкен  кісінің  өзі 

кәсіп көзін табуда небір қиындықтан 

өтетіні белгілі ғой. Сондықтан да 

Райан Росстың кәсібі ата-анасының 

көмегімен  ғана  табысқа  кенелді 

деп санайтындар аз емес. Алайда 

Райанның  ата-анасының  айтуы 

бойынша, олар баласына тек қана 

рухани көмек көрсеткен. Ал Райан 

уақытының бір бөлігін балабақшада 

өткізсе, екінші бөлігін өз кәсібіне 

арнап, дамылсыз дамып келеді.

Бүгінгі  күні  11  жастағы  Райан 

барлық  ақшасын  жылжымайтын 

мүлікке  инвестициялаған.  Оның 

иелігінде Онтариода орналасқан алты 

мекеме бар. Бос уақытында Райан 

Росс баскетбол, хоккей ойнағанды 

ұнатады. Сондай-ақ бала кәсіпкер 

өзін-өзі дамыту, жетілдіру кітаптарын 

сүйіп оқиды. Бір қызығы, ол ата-анасы 

рұқсат бермегендіктен, ұялы телефон 

пайдаланбайды. Ұялы телефонның 

уақытты алып қана қоймай, зиянын 

ескеретін болсақ, барлық балалардың 

Райан Росстан үлгі алуға тұрарлық 

екенін ескере кеткен жөн. Міне, осы-

лай шынашақтай ғана бала «Кәсіп 

түбі – нәсіп» екенін тағы бір мойын-

датып, өзінің жастығына қарамастан, 

ең  кішкентай  миллионер  атанып 

отыр. 


Материал әлеуметтік желіден алынды.

 

„

«Баласағұн»  орталық 



концерт залында 

ән көгінде жарық 

жұлдыздай сәуле 

шашып, айрықша із 

қалдырған, күллі қазақ 

халқының ұлттық 

мақтанышына айналған 

Шәмші қалдаяқовқа 

арналған ән кеші өтті. 

алғашқы үнтаспасы сыйға берілді. Ел арасында 

жатталып, халықтың жүрегіне жеткен барлық 

әндері кеш барысында орындалды. 

Жалпы  «Хабар»  телеарнасы  ком-

позитор  Шәмші  Қалдаяқовтың  өмірі  мен 

шығармашылығына негізделген «Ән аға» теле-

хикаясын түсіріпті. Төрт бөлімді картинаны 21 

қаңтардан бастап осы арнадан көрсетілуде. 

Туындыда  Шәмшінің  жас  кезін  сомдаған  –

Астанадағы Жастар театрының актері Дәурен 

Серғазин.  Сондай-ақ  композитордың  түрлі 

кезеңдердегі образдарын Дәурен Серғазинмен 

бірге  Нұрбол  Мейрамбаев  және  Мейірбек 

Қауымбаев сомдайды. Фильмнің режиссері– 

Жасұлан  Пошанов,  сценарий  авторлары  – 

Жайық Сыздықов пен Мұхамед Мамырбеков. 

Осы фильм арқылы Шәмші тыңдармандарымен 



қайта қауышты. 

Шарықтады 

ШӘМШі ӘндЕрі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет