№8 Дәріс Дамуында бұзылуы бар балалардың тұлғалық даму ерекшеліктері

бет3/26
Дата10.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#73255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Біздің елімізде, ақыл-ойы кем балалар, көмекші мектепинтернаттарда оқытылады. Олар қарапайым еңбек дайындығын меңгеріп шығады. Нәтижесінде, ақыл-ойы кем балалардың басым көпшілігінің, дұрыс тұлғалық дамуы қалыптасады. Жағымды қоғамдық жағдайларда, ақыл-ойы кем балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу, олардың дұрыс дүниетанымдарының тұрақты түрде қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Әрине, бұл балаларды тәрбиелеу, олардың тұлғалық дұрыс дамуын қалыптастыру жұмыстары оңай емес, ол дефектолог-мұғалімдердің жоғары біліктілігі мен қажырлы еңбектерін қажет етеді.

Тағы бір қиын, әрі маңызды мәселе – ақыл-ойы кем балалардың жоғары мәдени қажеттіліктерін қалыптастыру. Бұл 140 мәселе, сау балаларды тәрбиелеуде кездеседі. Тұлға дамуын қалыптастыруда, қалыпты дамудағы оқушыларға, сөзбен айтып түсіндіру, эмоционалды әсер беретін, өнер шығармаларын қолдану т.б. жараса, ақыл-ойы кем балаларға, мұндай әдістер жарамайды. Ақыл-ойы кем балалар, анағұрлым көп уақыт пен еңбекті қажет етеді. Бұл олардың ойлау қабілеттерінің кемшілігінен ғана емес, қажеттіліктерінің үйлесімсіз түрде өсуінен болады.

Сау баланың қалыпты дамуында, оның қажеттіліктері өсіп, күрделеніп отырады, яғни, танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктері пайда болады (баланың әр нәрсені білгісі келеді: кітап оқығысы, музыка тыңдағысы, табиғатқа сүйсінгісі, өнер шығармаларына сүйсінгісі келеді). Сол сияқты, қоғамның жоғары бағасына және ұжымның құрметіне, беделге ие болғысы келеді. Э. Сеген арнайы мектепте оқымаған, ақыл-ойы кем баланың ешнәрсе білмейтінін, ешнәрсеге зауқы соқпайтынын айтады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет