№8 Дәріс Дамуында бұзылуы бар балалардың тұлғалық даму ерекшеліктері

бет2/26
Дата10.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#73255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Дәріс №8

Бастауыш сыныптарда, олардың жақсы және жаман туралы түсініктеріне үстірттік, терең бойламау сипаттары тән. Олар өнегелілік туралы ережелерді мұғалімнен, ата-аналарынан, кітаптардан оқып үйренеді, бірақ, күнделікті өмірлік ситуацияларда, ол ережелерге сәйкес, ойланып әрекет ете алмайды. Ақыл-ойы кем балалар өнегелілік ұғымдарын жете түсінбегендіктен, көп жағдайда әртүрлі кері әсерлерге ұрынады, қателеседі. Кейбір елдерде, ақыл-ойы кем балаларды оқыту, міндетті болып саналмайды, ауқатты ата-аналар ғана, мұндай балаларын оқытуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда, дебил немесе есуас балалар, оқу мен еңбек дайындығынан ада болады да, заң бұзушылыққа бет бұрады. Сөйтіп, заң бұзушылардың басым көпшілігін құрайды. Бұл балалардың моральды кемшіліктері, қоғамға жат көзқарастары мен әрекеттерінің туа біткендігі туралы ойлар айтылды. Бірақ, ешқандай ми науқастары мен кемістіктері, аморальды, қоғамға жат қылықтарға негіз болмайды. Қоғамдық тәртіпті бұзған, ақыл-ойы кем балалардың қылықтарын, олардың қоршаған ортадағы жағдайларды жете түсінбеулерімен немесе өз іс-әрекеттеріне есеп бере алмауларынан деп түсіндіруге болады.

Біздің елімізде, ақыл-ойы кем балалар, көмекші мектепинтернаттарда оқытылады. Олар қарапайым еңбек дайындығын меңгеріп шығады. Нәтижесінде, ақыл-ойы кем балалардың басым көпшілігінің, дұрыс тұлғалық дамуы қалыптасады. Жағымды қоғамдық жағдайларда, ақыл-ойы кем балаларды дұрыс оқыту мен тәрбиелеу, олардың дұрыс дүниетанымдарының тұрақты түрде қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Әрине, бұл балаларды тәрбиелеу, олардың тұлғалық дұрыс дамуын қалыптастыру жұмыстары оңай емес, ол дефектолог-мұғалімдердің жоғары біліктілігі мен қажырлы еңбектерін қажет етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет