8 дәріс мазмұны тақырып. Этнос және ұлт әлеуметтануы



бет5/16
Дата19.05.2023
өлшемі71,77 Kb.
#94928
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
қысқаша конспект

Әдебиеттер

  1. Фролов С.С. Социология образования. - М.: Наука, – 350 с.

  2. Добреньков В., Кравченко А. Социология. — М.: Академический проект, 2009. – 320 с.

  3. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2004. – 52 б.


Лекция №1 Өзіндік жұмыс туралы жалпы түсінік
Жоспар:
1. Өзіндік жұмыс ұғымы
2. Өзіндік жұмыстардың тұлға дамуында алатын орны
Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде студенттерідң өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Қазіргі таңда өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс. Студентің өзіндік жұмысы – болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеріуді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі. Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Олар педагогикалық әдебиеттерде алғаш өзіндік жұмыс мәселелерін В.К.Буряк, Е.Я.Голант, Б.П.Есипов, Р.Г. Лемберг, Р.М. Микельсон, И.И. Пидкасистый, Е.С.Саблик, М.Н. Скаткин еңбектерінде зерттелініп, оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмысын жүйелі түрде қолдану негіздері қарастырылды. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәнін дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И. Кобыляцкий, Р.Н. Низамов еңбектері арналған. Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады. И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс біліктілік пен іскерлік жиынтығы. Г.Н.Кулагина өзіндік жұмысты студенттің іс-әрекет құралы белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсінеді. Г.Н.Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша айтады. Бұл жұмысты студент өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжіріибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады.
Өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу т.б. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Сондықтан оқу орындарында әрбір курста оқытушылардың басшылығымен студенттер жаттығуларды өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады. Студенттерндің өзіндік жұмысы болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететіндіктен жаттығулардың маңызы зор. Р.С.Немов төмендегідей қорытынды жасаған: «Білік дағдылардың барлық түрлерін қалыптастыруда жаттығулардың маңызы зор. Олардың негізінде дағдылар автоматтандырылып, біліктілер жетіледі. Ал күнделікті, жүйелі жаттығуларсыз, білік, дағдылар өз қасиеттерін жоғалтады» Өз бетімен жұмыстың маңыздысы – студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол.
Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман: мұғалімге XXI ғасыр бәсекесіне сай, жан-жақты білімді, дарынды, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылатын жеке тұлғаны дайындауды міндеттейді. Мемлекеттің күшейіп гүлденуі, әрине, жеке тұлғаға, яғни болашақ дарындыларға тәуелді екені сөзсіз. Ұстазға, алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте cақтауы әрқилы жеке тұлғаның жүрегіне жол тауып, олардың танымдық құзіреттіліктерін дамыту күрделі құрылым екені даусыз. Сондықтан ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім тұлғаны тек жаңа тұрпатты тың көзқарасы бар педагог қана қалыптастыра алады.
Студент кез-келген өзіндік жұмыс түрінде өзіндік қорытынды жасай алуы қажет. Ал өзіндік қорытынды жасау дегеніміз – ақпарат көздерінен алған ақпараттарды жалпы қорытындылай алу. Бір мәселеге қатысты өзіндік ой тұжырымдау.
Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау білім беруде жеке оқытуды дамытуға көзделуі қажет. Мұғалім үнемі жеке тұлғаға танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі – осы. Ал жеке тұлға – қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай, жеке құқыққа, танымдық қаиетке ие, саналы әрекет, қарым-қатынас жасай алатын, рухани құндылықтарды бойына жинаған, дүниетанымдық, интеллектуалдық мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланған, өздігінен іздену арқылы білім мен іскерлігін жетілдіріп ұдайы даму үстінде болатын жан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет