8 дәріс мазмұны тақырып. Этнос және ұлт әлеуметтануы


Лекция №3 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда құзыреттілік тәсілдерінің маңызы



бет7/16
Дата19.05.2023
өлшемі71,77 Kb.
#94928
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Лекция №3 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда құзыреттілік тәсілдерінің маңызы
Жоспар:
1. Құзыреттілік ұғымы
2. Оқытудың құзыреттілік тәсіліне психологиялық-педагогикалық талдау
«Ең «әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеде хабардар, оқыта білетін мұғалім» А.Байтұрсынов
Қазіргі және болашақ мұғалімдер жоғары деңгейде кәсіби бірнеше құзыреттілікті игеруі қажет. Себебі, мұғалім мен студент қызметінің мақсаты жаңа талаптарға сай жауап беруінде болып тұр.
«Құзырет» термині соңғы кездерде ғылымның әртүрлі саласында қолданыс тауып, қолдану мүмкіндігіне қарай құзырет, құзыреттілік, құзыретті ұғымдары әр түрлі мәнде саралануда.
Латын тілінен келген «Компетентность» (лат.competentia – құқылы тиесілік) термині бір нәрсе жайында өзінің дәлелді, абыройлы пікірін білдіре алатындай білімді меңгеру, бір салаға қатысты хабардарлық, беделділік деген мағынаны білдіреді.
Competence – беделді тұлғаның нақты шарттарда белгілі бір іс-әрекеттерді жасай алуының заңдастырылған мүмкіндігі, өкілеттілік шеңбері. Осыдан келіп, (competens – тиесілі, лайықты, мүмкіндігі бар) – өзінің білімі мен өкілеттілігі тұрғысынан шешім қабылдап, пікір білдіре алатын белгілі бір саланың білімді, білгір маманы». 
«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский.
Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік – іс-әрекет сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. «Құзыреттілік – дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.
Құзыреттілік – білім алушының іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білімнің нәтижесі, оны өмірде қолдана алу қасиеті. Құзіреттілік адамдардың қарым-қатынас жүйесін игеріп, өзара іс-әрекетке қосылу барысында қалыптасады. Сонымен қатар, құзіреттіліктер арқылы жеке тұлғаның өмір байлығы-ақыл тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдауы, ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады. И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс - біліктілік пен құзіреттіліктер жиынтығы.
Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау білім беруде жеке оқытуды дамытуға көзделуі қажет. Мұғалім үнемі жеке тұлғаға танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі-осы. Ал жеке тұлға-қоғам мүшесі ретінде, өзіндік өмір сүру бейнесіне сай, жеке құқыққа, танымдық қаиетке ие, саналы әрекет, қарым-қатынас жасай алатын, рухани құндылықтарды бойына жинаған, дүниетанымдық, интеллектуалдық мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланған, өздігінен іздену арқылы білім мен іскерлігін жетілдіріп ұдайы даму үстінде болатын жан.
Жалпы құзіреттіліктердің негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатын болатындықтан, қазіргі білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі-тұлғаның танымдылық құзіреттіліктерін қалыптастырудың теориялық, практикалық шарттарын негіздеу болып табылады.
Оқушының өзіндік танымдық құзіреттілігі көбінесе оқушының жасына, шамасына, білімді қабылдай алу деңгейіне, дайындығына, ынтасына, қызығушылығына, түрлі деңгейдегі тапсырмаларға, мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс түсінушілікке, қарым-қатынасқа, мұғалімнің басшылығына байланысты. Мұндағы ең бастысы оқушы орындап отырған өзіндік жұмысының мазмұны мен сипаты онда танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға, тапсырмаларды орындауға деген талпынысты тудыру болып табылады.
Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Себебі, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде оқушылардың іс-әрекеттерінің дербестігі артып, танымдық қызығушылықтары қалыптаса түседі.
Өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
-Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
-Жұмысты өз еркімен және мұғалімнің қолдауымен жасауы;
Өзіндік жұмыстардың маңызын түсіну үшін өзіндік жұмыстардың негізгі міндеттерін атауға болады:
-Жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру;
-Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілетін дамыту және т.б.
Жалпы нормативтік құжаттарда білім сатылары бойынша оқытылатын пәндерден күтілетін құзыреттіліктер келесідей сипатталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет