8 дәріс мазмұны тақырып. Этнос және ұлт әлеуметтануы


Лекция №4 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы



бет9/16
Дата19.05.2023
өлшемі71,77 Kb.
#94928
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Лекция №4 Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы
Жоспар:
1. ӨЖ-ды ұйымдастыруға негізделген факторлар
2. ӨЖ-ды ұйымдастыру технологиясы
Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы бақыт жолына жеткізу жлдарын көрсеткен шығыстың әйгілі ойшылы Әл-фараби болды. Бүгінгі жылдам қарқынмен дамып жатқан заманда елімізге қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешім қабылдай білетін, дүниетанымы кең адам қажет. Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жеке қасиеттерін. Танымдық қабілеттетерін-олардың қабылдауы мен түйсігін, зейіні мен есте сақтауларын және ойлау қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.
Танымдық тапсрымалар өз дәрежесінде орындалып, тиісті нәтиже беруі үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
- Баланың танымдық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу керек
- Тапсырмаларды дұрыс ұйымдастырудың ролі зор
- Жаттығулар баланың ойлау мүмкіндігіне сай болуы керек
- Бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауға деген еркіндіктің болуы.
Оқудағы өз бетінше жұмыс - өзін-өзі оқыта білу, студентте оқу әрекетінің компоненттерін жоғары дәрежеде меңгеруді қалыптастырады. Бұл Ю.Н.Бабанскийдің, А.В.Усованың жеке т.б. авторлардың зерттеулерімен дәлелденген.
В.А.Ковалев, А.И.Кочетов, А.И.Рубинский өз бетімен жұмыстарды өзін-өзі тәрбиелеумен байланыстырады.
А.И.Выготский өз бетінше жұмыстың көріністерін оқушылардың іс-әрекетімен анықтайды. Студенттердің өз бетінше әрекет етуі басқа адамның көмегінсіз, қадағалауынсыз жұмыс істеуі деп біледі. Бұл әрекет студенттерді өзін қоршаған ортада ұстай білуге, өз жұмысын ұйымдастыра білуге, өзінің пікірін қорғай білуге үйретеді.
Л.Н.Лук өз бетінше жұмыс жасауды көрегендікке, қырағылыққа балайды, ақылдың алғырлығын, әрекетті сынай, бағалай білу қабілетін, болжай, іздене білу қабілеттерін атайды.
Т.С.Назаров: «Өз бетімен жұмысты студенттің оқытушымен өзі қалаған мәселелерді өзінің қабілеті мен еркі арқылы шешуі», деп санайды.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская, А.А.Любменская сынды ғалымдар өз еңбектерінде оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуы бағытына басым назар аударады.
«Өз бетінше жұмыс – студенттің берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы» - дейді Ө.Төлегенов. 
Студент оқу процесінде әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындаудың тәсілдерін, өз әрекетін бақылап бағалауды, нәтижесін салыстыруды меңгереді. (Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы, 6-бет). Осы тапсырмаларды өзіндік жұмыс арқылы меңгерудің әдістерін үйрету бүгінгі таңдағы басты мақсаттың бірі. Ал, ол үшін мұғалімнің арнаулы осы мақсатта жұмыс жасауы талап етіледі. Мектеп тәжірибесіне бақылау жасау, бұл бағыттағы жұмыстардың өз деңгейінде емес екенін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасаудан осы тақырыптағы нақты материалдың тапшылығы көрініп отыр. Осылардан келіп тақырыптың өзектілігі шығады. 
Бұл жұмыстың мақсаты: өз бетінше жұмыс арқылы студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық шарттарын негіздеу, тиімді жолдарын анықтап, тәжірибеге енгізу, әдістемесін ұсыну. 
Міндеттері:
1. Өз бетіндік жұмыс арқылы студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруға арналған педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге, бағдарламаларға, оқулықтарға, әдістемелік нұсқауларға және баспасөз материалдарына талдау жасау.
2. туденттердің танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейін анықтау.
3. Өз бетіндік жұмыс арқылы студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыру бағытында қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау.
4. Педагогикалық эксперимент жүргізіп, тиімділігін дәлелдеу, әдістемелік ұсыныс дайындау.
Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет атқарады: мотивациялық-тұлғалық компонент қызығуды тудырады, оқу-танымдық белсенділікті оятады. Мазмұндық-амалдық компонент оны іске асыру үшін негіз жасайды және жүзеге асыруға мүмкіндік береді, процессуалды-жігерлік компонент оның аяқталуын қамтамасыз етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу-танымдық белсенділіктің белгілі бір кезеңін жүзеге асырады.
а) оқу-танымдық белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып, қызығудан қажеттілікке ауысатын болса;
ә) Студенттер негізгі интеллектуалды іс-әрекеттерді және өзіндік жұмыстарды жүзеге асыратын болса;
б) Студенттің өзінің танымдық іс-әрекетін басқару сипаты сыртқыдан ішкі қажеттілікке ауысса;
в) Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті шығармашылық, зерттеушілік сипатқа ие болса, онда олардың танымдық белсенділігі қалыптасады деп саналады.
Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерінің сипаттамасын, оның бөліктерінің қалыптасу деңгейлерін қарастыруға болады.
Студенттің өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқалары бойынша жүргізілетін оқушылардың оқу жұмысының жеке-дара ұжымдық түрі. Оқытудың маңызды мақсаттарының бірі студенттерде өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Оқудағы өз бетінше жұмыс, өзін-өзі оқыта білу, студентте оқу әрекетінің компоненттерін жоғары дәрежеде меңгеруді қалыптастырады. 
Ал, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда мұғалімдер мынадай шарттарды қолдану керектігін Б.П.Есимов өзінің «Самостоятельные работы учащихся на уроке» атты еңбегінде көрсетеді:
- өзіндік жұмыстың мазмұнын оқушы түсінуі тиіс;
- оның орындалуы туралы оқушыға нұсқау беру керек;
- жұмыстың орындалуын қадағалау керек;
- оқушы жұмысын тексеру, қателерін анықтау;
студент өз жұмысына талдау жасау, байқау керек.
Студенттердің өз бетінше жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізгі міндеттерін атап өткен жөн. Олар:
1. Студенттердің дербестік қасиетін мейлінше арттыру.
2. Олардың алған білімінің саналылығы мен біліктілігін қамтамасыз ету.
3. Студенттерде оқуға деген біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
4. Студенттердің таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
5. Студенттерді дербес білім алуға әзірлеу.
6. Студенттердің оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілікті болдырмауға әсер ету.
7. Үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар өз бетінше жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
- мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
- жұмысты орындауының және аяқтауының уақытын белгілеуі;
- мұғалімнің басқаруы мен студенттердің дербестігінің өзара байланысы;
- студенттердің жұмысты өз еркімен істеуі, оған әсер ететін мотивтер;
- студенттердің өзіндік жұмыстарына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет