8 ДӘріс практик психолог жұмысындағы құжаттар


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет5/11
Дата15.10.2023
өлшемі117,79 Kb.
#115367
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс 8-15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Абрамова Г.С. Практическая психология –М.,1997
2. Гильбух Ю.З. Психодиагностика в школе. – М.,1989
3. Гуревич Г.М. Что такое психологическая диагностика. –М.,1985


9 ДӘРІС
Психодиагностика жүргізуге қойылатын талаптар


Жоспары:
1. Психодиагностиканың қазіргі түсінігі
2. Психологиялық «диагностика принциптері» мен оның тәжірибе жүзіндегі негізгі мәселелері.
3. Психологиялық диагностика кезеңдері.

Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.


Практикалық психологтың іс-әрекетіндегі психодиагностикалық әдістер клиенттің проблемаларын зерттеуге бағытталады. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау (ең алдымен клиенттің вербалды емес мінез-құлқы), өзіндік бақылау (клиенттің күйзелістері, ойлары мен қиыншылықтары жайлы әңгімелесуі), тестер проективті әдістемелер, рөлдік және басқа да ойындар қолданылады.
Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапияның аралық және ақырғы нәтижелерін бағалауда да қолданылады.
Диагностикалық процедуралар практикалық психологияның әртүрлі мектептерінде және бағыттарында әртүрлі қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше көреді.
Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі вариацияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал болып табылады
Психолог клиентпен оның мақсаттарын талқылайды, олардың тепе­теңдігінің дәрежесін бағалайды және ақиқатқа сай келмейтін үміттерін түзетудің шараларын қабылдайды. Мұндай әңгіме нақты да қол жетерлік нәтижеге саналы бадарлануға ықпал етеді.
Сұхбаттасуда психолог клиенттердің шынайы проблемаларынан алыс әртүрлі шағымдарына кездеседі. Шағымдардың неғұрлым жиі кездесетін түрлерін жалпылап, топтастыру әрекеттері жасалынған.
Психологтың диагностикалық жұмысындағы сұрақтар маңызды орынға ие. Ашық және жабық сұрақтар бар. Ашық сұрақтар «не», «қалай», «неге», «егер» деген сөздерден басталады. Ондай сұрақтар клиенттің таңдауын аз дәрежеде шектеп, оның «иә» немесе «жоқ» түріндегі бір мағыналы жауаптарды қолдануына мүмкіндік бермейді. Ашық сұрақ әңгімелесуге шақырады. Әрине, кейбір жағдайлардағы ашық сұрақтар клиентті ыңғайсыз жағдайға душар етеді. Онда ол: «Сізді дәл не нәрсе қызықтыруда?» ­ деген қарсы сұрақты қоюы мүмкін. «Неге» деп басталатын сұрақтар мазасыздандырып, қорғану тілегін тудырады. Сұрақтар тым көбейгенде де қорғаныс белсендіріледі.
Жабық (тұйық) сұрақтар клиентке шектеулі таңдауды табыс етеді. Олар клиенттің ұсынылған варианттардың біреуін таңдайтынындай құүрастырылады. Мәселен: «Сізді мазаландырған бетбұрыстар бір немсе екі жыл бұрын пайда болды ма?. Мұндай сұрақтар талқылау бөлімін, назарды тарылту қажет болғанда жарамды. Жабық (тұйық) сұрақ бұл конвергентті ойлаудың белгісі; ол проблемді кеңістік белгілі болған жағдайда орынды да тиімді. Келтірілген сұрақ проблема ұзақтығының мерзімі екі жылдан аспайтыны алдын ала анықталғанда жағдайды натылауға көмектеседі.
Клиентпен қарым­қатынаста психолог арқау болу, қайта әңгімелеу, сезімдерді сипаттау, резюме немесе рефлексивті емес және рефлексивті тыңдаудың басқа да амалдары қолданылады.
Арқау болу ­ адамға оны тыңдап отырғаныңды көрсету. Ондай жағдайда айтылғандар тікелей қайталанады, не болмаса қысқаша түсініктемелерді қамтиды («иә», «солай ма!», «сізді түсінемін», «тағы айтңызшы»). Мұндай амал клиенттің ішкі әлемне оны ас мезі қылмай енуді қамтамасыз етеді, әрі оның комуникативті белсенділігін мақұлдайды. Баспен изеу және басқа да арқау болатын белгілер, сондай­ақ дыбыстық белгілер (м­м,) ұқсас әсер етеді.
Қайталау ­ бұл тыңдаушының серігінің айтқандарынан қайсібір сөзді (сөздерді) қайталауға негізделген реакциясы. Қайталау үшін қандай сөзді тадау қажет екендігін психолог шешеді, әрі оның таңдауы диалогтың даму бағыттарының бірін алдын ала анықтайды.
Қайта әңгімелеу клиенттің негізгі ойларының қысқаша баяндалуы. Әңгімелеу диалогтың екі серігін де клиенттің не ойлап, сезінетінінің дұрыс баяндалып, түсіндірілгеніне сенімді етіп екеуіне де пайдалы. Әңгімелеу клиенттің хабарлағанын шатасудан және сөздегі, ойдағы қарама­қайшылықтардан тазартып, суреттелген көріністің тұтастай қабылдануына мүмкіндік береді.
Сезімердің сәулеленуі ­ бұл ең алдымен клиенттің сөздерінде немесе вербалды емес мінез­құлқында көрінген күйзелістері жалы сөзбен хабарлау: «Сіз қысым жайлы айтқанда мен оны сеземін...». Психологтың сезімдерді еске алғаны клиенттің өткен шақтағы күйзелістерін жаңғыртады. Психологтың серігінің шынайы эмоцияларын тану қабілеті аталмыш шағын техниканы қолданудың алғы шарты болып табылады.
Резюме ­ әңгіме бөлшектерінің тұтастай бірікірілуі, алныған нәтижелердің айшықталуы және бекітілуі. Резюме клиенттің ойлары мен сезімдерін жинақтап, оның айтқандарының деректері мен барлық мазмұнын реттейді. Резюме өзекті деректер мен идеяларды тіркейді, клиентке деген назарды көрсетеді және де мақсатты (қалаулы нәтижені) құрарастырудың негзн даярлайды.
Клиенттің вербалды емес мінез­құлқын зерттеуге мүмкіндік беретін, оның сөз арқылы жеткізілген мінез­құлқынан құндылығы төмен болмайтын ақпаратты қамтитын, практикалық психологияның маңызды диагностикалық әдісі болып табылатын бақылау сұхбаттасудан ажырамайды. Тәжірибелене бастаған психологтар назарын клиентке шоғырландырудың орнына проблемаға бағыттайды.
Практикалық психологтың жұмысы көптеген вербалды емес интеракцияларды қамтиды. Ым­ишара тілі ­ бұл кеңес беру, психологиялық түзету және псиотерапия құралатын негіз. Альфред Адлер: «Мен пациентті біршама уақыт бойында пантомимада қабылдағанды, яғни оның сөздеріне назар адармай, оның өзін қалай ұстайтынынан, ситуацияларды қалай қозғалатынынан едәуір терең ниеттерді оқығанды өте құнды деп есептеймін» ­деп жазған.
Дене тілі жайлы берік білім және оны түсіну ­ практикалық психологтың қажетті кәсіби дағдылары. Вербалды емес тілге төрт түрлі ақпарат жатады. Өзара әрекеттестік жағдайы: әңгімелесу уақыты мен орны, кабинетің безендірілуі, киім және клиенттің психологқа деген қатынасына ықпал ететін басқа да бөлшектер.
Психолог серігі денесінің белгілері (отырысы, ым­ишаралары, сөздегі интонациялары) сөз турасындағы ақтаңдақтарды өзгертетін маңызды ақпаратқа ие. Вербалды емес қатынастуды интерпретациялаудың жеке­дара тәсілі: бір ған белгілер өзге мәдениетке жататын аамдар үшін әрқилы маңызға ие. Вербалды емес хабардан біреудің түсінгені басқаның түсінгенінен түбегейлі өгеше болуы мүмкн. Сәйкес зерттеулер визуалды қатынастың орта стандарттарының, дене қозғалысының дауыс тембрінң кейбір клиенттермен жұмыста мүлде жарамайтынын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет