8 ДӘріс практик психолог жұмысындағы құжаттар


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет9/11
Дата15.10.2023
өлшемі117,79 Kb.
#115367
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс 8-15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бурлакова Н.С., Олешкевич В.И. Проективные методы: теория, практика применения к исследованию личности ребенка. М., Институт общегуманитаных исследований, 2001
2. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. 7-е изд. СПб, Питер, 2005
13 – ДӘРІС
Психолог жұмысындағы психологиялық кеңес беру


Жоспары:
1.Психологиялық кеңес беру жайлы жалпы түсінік
2.Психологиялық кеңес берудің негізгі теориялық тұрғылары


Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т.б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес — қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т.с.с. Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау.
Психологиялық кеңес – бұл психолог жұмысының жаңа аймағы. Қазіргі уақытта өз бетінше дербес жұмыс істеу сферасында жұмыс істеу формалары – ғылыми-зерттеу, психологиялық оқыту, психологиялық коррекция, психодиагностика сияқты бағыттарымен сипатталады.
Психологиялық кеңес беру – практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етумен байланысты.
Психолог – кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының денелік және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар барады. «Жоғары риск аймағы» түсінігіне өмірлік ситуацияларға жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қаупі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа денелік-психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайдан шыға алады. Олар тек шаршағандықты ғана сезінеді.
Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте өмірге қабілеттілігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа көбінесе көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және де сол мәселелері оны психологқа баруға итермелейді.
Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра психологқа барады. Өйткені олар психологтан эмоционалды тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері - өзіне сенімсіз, берілген мүмкіндіктің қайсысын тыңдауды білмегендігінен барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. Төртіншілері - көбіне жалғызбасты адамдар, оларға біреуге ішін жарып, сырласу керек. Бұндай адамдарда әдетте психологиялық проблемалары жоқ, алайда олар зейін қойып тыңдайтын адамдарды іздейді.

Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.


Кеңес беру процесін басынан аяғына дейін белгілі бір тәртіппен кезеңдерге бөліп көрсетуге болады. Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар.
Кеңес берудің негізгі кезеңдеріне сипаттама:
Дайындық кезеңі. Бұнда психолог клиентпен жазбаша түде танысады (алдын ала жазылуы бойынша), сонымен қатар ол туралы ақпаратты басқа адамдардан да алуы бойынша. Мысалы: өтініш қабылдаған кеңесшіден, әріптестерінен т.б. адамдардан. Осы кезеңде психологтың өзі де кеңес беруді өткізуге дайындалады. Психолог кеңес берушінің бұл кезеңдегі жұмыс уақыты – 20-30 минутқа созылады.
Ыңғайлану кезеңі. Бұнда психолог клиентті өзі қарсы алады, онымен танысады және бірлесіп жұмыс жасауға ыңғай білдіреді. Бұл кезең кеңес өткізуге барлығы дайын болса, 5-7 минутқа дейін созылады.
Диагностикалық кезең. Бұнда психолог клиенттің мәселесін тыңдайды, оның мәселесін нақтылауға тырысады. Аталған кезеңнің негізгі мазмұнына клиенттің өзі туралы, мәселелері жайлы ақпараттары кіреді (баяндау арқылы). Сондай-ақ бұл этапта психодиагностика өткізіледі. Ол клиенттің мәселесін нақтылау үшін жүргізіледі. Бұл кезеңге нақты уақыт тағайындау қиын, сондықтан жұмыс 4 сағаттан – 6-8 сағатқа созылуы мүмкін.
Нұсқау беру кезеңі. Психолог кеңес беруші өткен этаптарда клиент жайлы жинаған ақпараттарды онымен бірлесе отырып, мәселені шешуге, практикалық нұсқауғалар жасақтайды. Бұл кезеңде барлық нұсқаулар тексеріледі, түсіндіріледі, нақтыланады. Осы кезеңге жұмсалатын уақыт – 40мин-1 сағатқа дейін.
Бұнда психолог пен клиент алынған кеңестер мен нұсқаулардың қалай бақыланатыны мен бағаланғандығы жайлы келіседі. Осы жерде нұсқауды орындау барысында туындаған сұрақтарды кімнен, қашан, қайда біле алатындығы жайлы, келесі жолы қай кезде кездесетіндігі туралы да келіседі. Уақыт – 20-30 минут.
Егер жоғарыда аталғандардың барлығын ескеретін болсақ, онда барлық 5 этапқа орташа есеппен (тестке жіберген уақытты қоспағанда) 2-3 сағат – 10-12 сағат уақыт берілуі мүмкін.
Кеңес берудің кеңістіктік және уақыттық аспектілері.
Кеңес берудің кеңістігіне келетін болсақ, бұл жұмысты жүргізу үшін, жайлы бөлме немесе үлкен бөлмеде арнайы бөленген бұрыш болуы керек. Клиентті есікке арқаымен отырғызып, кеңес беру процесінде болатын әңгімеге назарын аудару керек. Ең ыңғайлы варианты – психолог пен клиент арасында қашықтық болу керек. Екеуінің арасындағы арақашықтық тым жақын болмағаны жөнінде олардың аяқтары еркін сыятын, керек кезінде еркін отырып тұра алатындай болу керек.
Бөлмеде устел міндетті түрде болады, онда керекті жазбалар болады. Үстелдің үстінде немесе қабырғада ілулі тұрған сағат та – маңызды атрибут. Оған қарап белсенді жұмыс жасау керектігі ескеріледі.
Сонымен, психолог бөлмесі келесі жабдықтармен жабдықталуы керек: жұмыс үстелі, 2 кресло және журналдарға арналған үстелше, орындықтар, кілем, лампа, құжаттарға арналған шкаф, сейф, компьютер (принтер), көрнекі құралдар (тестер, сұрақтар, фигуралар, приборлар) және телефон.
Сейфте «Қызметтік қолдану үшін» деген жазу болуы керек және онда келесі құжаттар сақталады:
Психологиялық-педагогикалық тексерулердің жекелей картасы (паспорт);
Жекелей кеңес беруді тіркеу журналы;
Тест материалдары, олардың жауап-кілттері және олардың анализдері;
Келіп түскен және жіберуге керек құжаттар;
Психологиялық-педагогикалық консилиум және медико-психолопедагогикалық тексеру материалдары.
Психолог өзінің кеңес берулік жұмыстарын орындаған «жұмыс түрлерін тіркеу» журналына енгізіп отырады. Сонымен қатар жазбаша түрдегі педагогикалық кеңес бекіткен жұмыс режимі, жекелей және топтық кеңес беруге алдын ала жазылу журналы, барлық методологиялық материалдар мен әдебиеттер картотекасы болу керек. Қосымша мына ақпараттар болуы мүмкін:
Педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің үй телефондары;
Арнайы кеңес беру орталықтары мен медико-психологиялық кеңес беру орталқтарының тізімі мен сенім телефондарының номерлері.

Психологиялық кеңес берудің түрлері


Психологиялық кеңес беруді әр түрлі адамдар қажет ететіндіктен және әр түрлі себептерден көмек сұрайтындығынан кеңес беруді клиенттердің жекелей ерекшеліктеріне, сонымен қатар мәселенің мазмұнына қарап, бірнеше түрлерге бөлуге болады:
Интимдік-жеке бастық психологиялық кеңес беру. Кеңес берудің бұл түрі жиі және көп адамдарда кездеседі. Бұндай кеңес беру адамның тұлғалық сұрақтарымен, уайымдарымен айналысады. Бұндай кеңес алуға келген клиент айналадағыларынан өз проблемасын жасыруға тырысады. Мысалы: психологялық немесе мінез-құлықтағы жетіспеушілік, маңызды адамдармен қарым-қатынас, әр түрлі қорқыныштар, сәтсіздіктер, психогендік аурулар (дәрігердің қарауын қажет етпейтін) және т.б. Бұндай кеңес беруде адамның өз-өзіне көңлі толмаушылығы, интеллектік мәселелерін, қарым-қатынастарын жатқызуға болады.
Жанұялық кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі адамның өзінің және басқасының, туысының жанұясындағы мәселелермен айналысады. Тағы да болашақ жар таңдау, семьядағы қарым-қатынас, конфликтілерді шешу жолдары, әйелі мен күйеуінің туыстарымен қарым-қатынасы, айырылысу кезіндегі ерлі-зайыптылардың мінез-құлықы және т.б. сұрақтар қарастырылады.
Психологиялық-педагогикалық кеңес беру. Бұған балаларды оқыту мен тәрбилеуге байланысты сұрақтарды жатқызамыз. Сонымен қоса, ересектердің педагогикалық біліктілігін көтеру сұрақтары, балалар мен ересектер ұжымын басқару мәселелері қарастырылады.
Іскерлік кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі адамда қанша іс-әрекет түрі болса, солардың барлығына да қатысы бар сұрақтармен айналысады. Іскерлік кеңес беру деп, адамдардың іскерлік мәселелерді шешуі айтылады. Бұған мамандық таңдау, адамның түрлі қабілетін дамыту мен жетілдіру, оның еңбегін ұйымдастыру, жұмысқа қабілеттілігін жоғарылату, іскерлік келіссөздер жасауға үйрету жайлы мәселелер зерттелінеді.

Кеңес берудің этикалық принциптері


Кеңес беру барысында клиенттің құқығы.
Клиенттің кеңес берушіге тәуелділігі этикалық мәселе түрінде.
Кеңес берушінің кәсіби және этикалық құқы мен міндеттері.
Кеңес берудің құпиялылығы және оның шектеулері.
Психологтың клиентпен кеңес беру және басқа да қатынастарының этикалық және құқықтық сұрақтары.
Кеңес берушінің кәсіби білім және іскерліктерін психологиялық ықпал ету құралдары ретінде сәйкестік мәселесі.
Кәсіби мен-кеңес берушінің бейнесі, жеке бас тәжірибесі.
Кәсіби кеңес берушілердің жеке бас қасиеттері.
Кеңес берушінің жеке бас құндылықтарының және өмірлік философиясының іс-әрекетіне әсер ету мәселесі.
Кеңес беруші-психотерапевт түсініктерін салыстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет