8 ДӘріс практик психолог жұмысындағы құжаттар


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет10/11
Дата15.10.2023
өлшемі117,79 Kb.
#115367
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997
2.Гулина М.А. Основы индивидуального психологического консультирования. СПб., 2000
3.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985
4.Кошчо Й. Служба психологической консультации. Вопросы психологии.1984


14 – ДӘРІС
Психологиялық коррекция.
Топтық коррекция түрлері


Жоспары:
1.Психокоррекция жайлы жалпы түсінік, оның жіктелуі
2. Психокоректцияның түрлері
3. Психокоррекциялық бағдарлама құрудың түрлері

Психокоррекция дегеніміз – адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатында оған арнайы әсер етіп, оның әртүрлі қиыншылықта өзін-өзі ұстау стилін көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.


Психокорекцияның негізгі міндеті - жеке бас дамуына қажетті ақыл-ойды, мінез-құлықтық өріс деңгейі бірге қарастырылып, субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі қорды, күшті белсендіру болып табылады.
Психокоррекция бағытының ерекше сипатталуы:
психикасы сау адамның да шешілмеген мәселесі болады, психологиялық қиындықты сезеді, ашулана оған шағым жасайды, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ, жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидке жүргізіледі .
мінез-құлықтағы ерекшелікке коррекциялық жұмыс жүргізгенде, психикалық саулығы ескеріледі.
психокоррекция жұмысы жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады.
орта мерзімде көмек беруге бағытталған (индивидті қабылдаудағы психологиялық көмек 15- реттен аспайды).
психологтың жұмысы индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады.
әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады.
Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты – психиканың даму заңдылығын түсінетін, үлкенмен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.
Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді:
1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау.
2. Балада іс-әрекет түрін дамыту.
3. Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру.

Психокоррекцияның түрлері:


– сипатына қарай: симптомды (ауру белгісі ) және каузалды (себеп ) деп бөлініп, дер кезінде дамудағы кедергіні анықтайды.
– ұзақтығына қарай: тым қысқа , қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. Өзекті мәселені шешуіне қарай: бір немесе бірненше сағат, ай, сондай-ақ, кейде жылға созылуы мүмкін.
– міндеттің ауқымына қарай: жалпы, жеке және арнайы болып бөлінеді. Кешенді ұйымдастырылған жұмыс: жеке, жалпы және арнайы топпен жүргізіледі.
– мазмұнына қарай: танымдық өрісі, жеке тұлғалық, аффектілі-еріктік, мінез-құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік, ата-ана мен бала қатынасынантұрады.
– жұмыс түріне қарай: жеке ,топтық, табиғи жабық топпен (ұжым, отбасы, ерлі-зайыпты)
– бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған еркін тақырып.
– әсер етудегі басқару: директивті және директивті емес болып қарастырады.

Психокоррекция – бағыты индевидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады. Жеке бас дамуына әсер ету жас және дара психологиялық ерекшелігіне (танымдық, эмоционалды – еріктік, қалыпты мінез-құлық және қасиеттеріне ) қарай жүретін қалыпты үрдіс.


Оқу құралының құрылымы теориялық деңгейде мазмұн бере отырып, жас ерекшелігіне байланысты қолданылуы, сапасы ретінде психикалық жаңа білім беру қарастырылды.

Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері.


Психологиялық коррекция – баланың әлеуетті мүмкіншілігін ынталандыру мен дамытуға бағытталған әдістер жиынтығы Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негіге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығуларын қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.
Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталды, тура аудармасы «исправление-түзету» деген мағынаны береді... Психолог жеке тұлғаның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жопарын жасап, оны жүзеге асырады. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады. Р.С. Немовтың пікірінше «психокоррекция» ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсе ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет