8 ДӘріс практик психолог жұмысындағы құжаттар


Психофизиологиялық әдістер



бет7/11
Дата15.10.2023
өлшемі117,79 Kb.
#115367
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс 8-15

Психофизиологиялық әдістер – ол адамның табиғи ерекшеліктерін диагностикалайды. Бұл әдістің айырмашылығы анық теориялық негіздері бар. Бұл әдіс көбіне мектеп пен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылады.
Аппаратуралық мінез-құлықтық әдістің көмегімен қарапайым психикалық қызметтерді (мысалы, теңдік) және жүйке жүйесінің қасиеттерін диагностикалауға болады. Сол сияқты диагностикалық аппаратуралалық диагностика арқылы психологиялық сәйкестілікті жүзеге асыруға болады. Аппаратуралық әдістерде белгілі бір кәсіби қабілеттерді диагностикалау үшін тест-тренажерлер бар.
Ал, аз формализденген әдістер клиент туралы құнды мәліметтер береді. Соған қоса, аз формализденген әдістер көп еңбекті қажет етеді. Мысалы, бақылау бірнеше айға созылуы мүмкін.
1. Бақылау – психодиагностикалық ежелгі әдіс. Ол арқылы адам туралы ауқымды ақпарат алуға болады. Ол стандартталған процедуралар белгісіз, анық емес кезде қажет. Бақылау жүргізген кезде келісушілік немесе адамның өзінің қатысуының басқа формасы керек емес. Бақылау – белгілі бір мақсат қойып обьектіні әдійі қабылдау. Психологияда бақылау кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын, психикасын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды.
2. Контент-анализ – («контент» сөзі құжаттың мағынасы деген түсінікті береді) құжаттардағы зерттеп отырған құбылыс немесе процес жайлы сандық мәліметтерді жинау әдісі. Ол түрлі әлеуметтік зерттеулерде соның ішінде әлеуметтік психологияда кең қолданылады. Контент-анализдің мақсаты – құжат мәтінінің негізінде нақты адамдар мен құбылыстар туралы, олардың әлеуметтік-психологиялық қасиеттері туралы қорытынды жасау.
3. Рөлдік ойын - оқытушылық іс-әркетті ұйымдастыру барысында оған қатысушылардың өз тәжірибесі арқылы білім, дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің жүйелі түрі. Яғни, ережелермен анықталған жарысушылардың жеңіске жету немесе жеңілуін айқындайтын іс-әрекет. Іскерлік немесе рольдік ойын біртұтас әрекет ретінде сипатталатын қарым-қатынас жүйесінің бейнесі, маманның болашақ кәсіптік әрекетінің пәндік және қоғамдық мазмұнының қалыптасу формасы ретінде көрініс табады.
Іскерлік, рольдік ойындарда таңбалық құралдар (тіл, сөйлеу, графика, кесте, құжаттар) көмегімен шынайы мәндік негізге сәйкес кәсіби орта қалыптасады. Сонымен қоса мұнда біркелкі, әрі уақыт аясына сай жоспарланған жағдаяттар туындайды.
4. Эксперимент – бұл әрекет етушінің және эксперимент жүргізушінің бір-бірімен қарым-қатынасы. Әрекет етуші өзінің өмірін тәжірибесімен, мотивімен экспериментаторға келеді. Зерттеушінің нәтижесі тұлғалық эксперимент қарым-қатынасынан көрінеді. Эксперименттік әдістің артықшылығы – бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Экспериментатор өзіне қажетті үрдісті өзі тудырады.
Бақылау – зерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген бірліктерді (көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні мақсатты жүйелі қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – бұл: клиенттің психологпен қарым-қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез-құлқын мақсатты жүйені қабылдау.
Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктестік қарым-қатынасының барысында сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алатын тұлғаны зерттеу әдісі. Жиі бұл әдіс психологиядағы көмек көрсетудегі терапевтік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесудің барысында психологтың серігін билеген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы, оның тұлғасын және СӨЗ және басқа да құралдарымен хабарлағанның барлығын бағаламай қабылдайтын – күйзеліс жолымен түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау тыңдау әдісі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет