8-дәріс. Салт-дәстүрдің теориялық және діни негіздемелері мен оның ағартушылық арналары Дәстүр латынның «trаditiо»



бет26/32
Дата09.05.2022
өлшемі0,57 Mb.
#33136
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
Дәрістер Дін және діни культтік тәжірибелер Кусаинов Д.У.

Абай-Ақпарат

Мұхан Исахан, дінтанушы:Abai.kz

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ, ЖЫЛҚЫ ЖӘНЕ ИСЛАМ


Жылқы малы неге құрбандыққа шалынбайды?

Ислам діні тарих сахнасына шыққан он төрт ғасырдан бері әһлү суннаға жататын фиқһтық төрт мәзһаб ғұламаларының ешқайсысы жылқы малын құрбандыққа шалуға пәтуа берген емес. Оның басты себебі ислам шариғатының басты қайнар-көзі Құран Кәрімде:

«Біз әрбір үмбет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған бой ұсыныңдар. (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр» (Хаж: 34), деп бұйырылған.

Құран Кәрімнің осы аятындағы «әнъам» сөзі араб тілінде төрт түлік мал мағынасын білдіреді. Мәзһаб ғалымдарының көзқарасынша төрт түлікке сиыр, түйе, қой, ешкі малдары жатады. Яғни, шариғат бойынша төрт түлік малдан өзге ішіп-жеуге еті адал саналған жылқы, киік, арқар, тауық, қаз-үйрек, кекілік т.б. жануарлар құрбан ретінде шалынбайды.

Қазір кейбір «Құраншы» деп танылған ғалымдар Хаж сүресінің 30 аятындағы «Сендерге арамдығы білдірілгеннен басқа малдар, халал қылынды» деген аятты негізге алып «құрбандыққа тауықты да шалуға болады» деген оғаш пікірлер айтып қалып жүр. Бұл пікірмен фиқһтық төрт мәзһаб ғұламалары ешқашан келіскен емес. Өйткені, құрбан шалу үкімі кесілген Хаж сүресінің 34 аятындағы «әнъам» (төрт түлікке) сөзіне қой, ешкі, түйе, сиыр малы ғана кірген.

Сондай-ақ, Алла Елшісінің (с.а.с) сүннетінде һәм салаф (сахаба, табиғин, таба-табиғин) мұсылмандардың тәжірибесінде төрт түліктен басқа мал құрбандыққа шалынған емес. Яғни, құрбандыққа төрт түлік малды ғана шалуға қатысты фиқһ ғұламалары ижмағ (консенсус) жасаған. Осы себептен де, әһлү сунна қауымы құрбандыққа түйе, сиыр, қой, ешкі малын ғана шалады. Бұл он төрт ғасырдан бері жалғасын тауып келе жатқан дәстүр.

ЖЫЛҚЫ МАЛЫ ЖӘНЕ ЗЕКЕТ
Жылқы малынан зекет беріледі ме?

Әбу Ханифа қырда ғана жусап, қырда жайылатын жылқылар үшін зекет берілмейді деген көзқарасты ұстанады. Алайда, санын кө-бейту үшін арнайы бағылатын жағдайда әр басына бір динардан зекет берілуі қажет. Егер қажет болса, құнын негізге ала отырып, әр 200 дирхам үшін бес дирхам зекет берілуі тиіс. Ал, шәкірттері имам Мұхаммед пен Әбу Юсуф: «Қырдағысы болсын, мейлі қорадағысы болсын, жылқы малынан ешқандай зекет берілмейді»,– дейді. Өйтке-ні, Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Үмбетімнен жылқы малы мен есік көзіндегі құл-құтан үшін зекет алу міндетті емес. Бірақ, құл үшін пітір садақасын беруі қажет» (Шәйбәни. әл-Асл. 2-т., 64-тен И. Хаккы Үнал, 113-б.) деген хадис келіп жеткен.

Ал Әбу Ханифаның «Аллаһ елшісі: «Қырда өріп, қырда жусай-тын әрбір жылқы малына бір динар немесе он дирхам зекет берілуі керек»,– деген хадиске сүйенгендігі айтылған (Сарахси. Мәбсут. – 188 б. 2 – т.). Сонымен қатар, хазірет Омар (р.а.) Әбу Үбәйда ибн Жәррахқа хат жолдап, түзде жайылатын әр жылқы (айғыр, бие, байтал) үшін бір динар немесе он дирхам зекет алуды бұйырған. Осы мәселе халифа Мәруан кезеңінде қайта қозғалады. Халифа сахабаларды жинап, ақыл – кеңестерін сұраған кезде Әбу Хұрайра: «Жылқы малы мен құл үшін зекет берілмейді» деген хадисті риуаят етеді. Сол кезде Мәруан Зәйд ибн Сәбитке: «Әй, Әбу Саид, бұған не дейсің?», – дейді. Хадисті ести тұра халифаның бұлай сұрғанына таң қалған Әбу Хұрайра (р.а.): «Мен хадис бар екенін айтып тұрсам, «Бұған не дейсің, әй, Әбу Саид?» дегені несі?», – дейді ашуланып. Зәйд: «Пайғамбарымыздың айтқаны – күмәнсіз хақ. Бірақ, ол бұл сөзін жорыққа арналған жылқы малына қатысты айтқан. Ал санын көбейту үшін бағылатын жылқылардан садақа беру қажет», – деген кезде, Халифа: «Қанша мөлшерде?», – дейді. Зәйд (р.а.): «Әр жылқы үшін бір динар немесе он дирхам», – деп жауап берген болатын.

Осы жерден байқағанымыздай, шаруашылыққа, жорыққа арналған жылқы малынан зекет алынбайды, ал санын көбейту үшін бағылатын әр басы үшін зекет берілуі қажет. Зәйд ибн Сәбит осылайша Әбу Хұрайраның көзқарасына түзету енгізеді. Әбу Ханифа негізгі мақсатқа сәйкес келгендіктен, осы хадисті таңдаған. Сондықтан, бұл жерде сөз хадисті қабылдамау турасында емес, түпкі мақсатқа сай келетінін таңдау жайында болып отыр.

ҚАНАҒАТ
Араб тілінде «қанағат» сөзі «өзіңе тиген үлеске разы болу» мағынасын білдіреді. Діни терминологиялық мағынасына келер болсақ, «қанағат» – азға қанағат етіп, қолындағы барына шүкіршілік жасап, өзгенің мал-мүлкіне көз сүзбеу, тойымсыз болмау, ашкөздікке салынбау» дегенге саяды.

Ал, ихсан ілімінде «қанағат» мақамы деп – амбиция мен ашкөздік болмау, ғиззат-құрметті, атақ-даңқты іздемеу, тойымсыздыққа салынбау, дүние-байлықтың құлы болмау, азға шүкіршілік жасау түсінігінің адамның жан дүниесінде нық орнығуын айтамыз (Имам Ғазали, «Ихия…», III, 237-238 бб).

Құран Кәрімнің «Хаж» сүресінің 36-аятында қанағат мағынасындағы «әл-қани» сөзі өтеді. Рағиф әл-Исфахани аталмыш аяттағы «әл-қани» сөзі құрбандық шалғанда, өзгенің жәрдеміне мұқтаж болса да, ұятты ойлап, өзінікін қанағат ету мағынасында айтылғанын алға тартады (Рағиф әл-Исафахани. «әл-Муфрадат». 320-322 бб).

Бұдан өзге де Құран Кәрімде қанағатшылдықты насихаттайтын көптеген аяттар кездеседі. Мысалы, муфассирлер «Нахл» сүресінің 97-аятында: «Ер мен әйел түзу іс қылса, оларға көркем өмір сыйлаймыз» деп, олардың қанағатшылдығына Алла Тағаланың разылығы айтылған деп пайымдайды.

Иә, Ислам діні адам баласын қанағатшыл болуға үндейді. Қанағаты жоқ адамның көңіл күйі бұл дүниеде ешқашан байыз таппайды. Шынында да, өмір – өткінші болғандықтан, тойымсыздыққа салынғанның ешбір мәні жоқ. Аллла Тағала бұл жөнінде Құран Кәрімде «Әли-Имран» сүресінің 14-аятында: «Адам баласы үшін қатындар, балалар, алтын-күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында» деп бұйырады. Яғни, бақытты ғұмыр кешетін мәңгілік ғұмыр арғы дүниеде болғандықтан, бұл жалғанды жалпағынан басып, қанағатсыз ғұмыр кешу – адам баласы үшін аса қатерлі.

Сол үшін де Алла Елшісі (с.ғ.с.) үмбетін қанағатшыл болуға шақырады. Оның (с.ғ.с) қанағат жөнінде айтқан хадистері:

«Исламның тура жолы нәсіп болып, ішіп-жеуге жеткілікті азығы бар – неткен бақытты адам» (Тирмизи, «Зухд», 35).

«Әй, адам баласы! Егер артық дүниеңді Алла жолында жұмсасаң, бұл сен үшін қайырлы. Ал, өзіңде қалдырсаң, ол сен үшін зиян» (Муслим, «Зекет», 97),

«Адам малдың көптігімен емес, көздің тоюымен бай» (Бұқари, «Риқақ», 15).

«Кімде-кім жеткілікті дүниесі бола тұра, тіленетін болса, алған нәрсесі қиямет-күні тырналған, кесілген, тістелінген жара болып алдынан шығады» (Әбу Дәут, «Зекет», 23).

«Сіздердің іштеріңізде нәпсісіне сенімді, денсаулығы сау, күндік ішіп-жейтін азығы бар адам дүниенің бар байлығын иеленгендей» (Ибн Мәжа, «Зухд», 9).

«Адам баласының мына үш нәрседен артық нәрсе сұрауға қақысы жоқ: «Тұратын баспанасы, әуретін жауып киетін киімі, нан мен су» (Тирмизи, «Зухд», 30).

«Сіздер Аллаға тәуекел етсеңіздер, құстарды азықтандырған тәрізді сіздерді де рызықтандырады. Олар таңертең аш шығып, кешке тоқ болып оралады» (Тирмизи, «Зухд», 33).

Ихсан ілімі қанағатты – таусылмас қазына ретінде қарастырып, оны кемелділікке жетелейтін арнайы рухани мақам деп таниды. Мысалы, Ибн Хиббан: «Қанағат жүректе. Пейілі (жүрек) бай адамның қолы да бай, ал пейілі тар адамның байлығы өзінен басқа ешкімге пайда әкелмейді» (Ибн Хиббан. «Раузатул-уқала уә нузһатул-фузала». 151 б) – дейді.

Рағиф әл-Исфахани қанағат пен зухдты салыстырып, қанағатты кемелділікке баулитын рухани күй екенін, ал зухд оның тәжірибедегі көрінісі дей отырып, «қанағаты жоқ адам зухд кейпіне мүлде ене алмайды» (әз-Зәриа, 320 б) дейді.

Белгілі муфассир-философ Мәуарди қанағаттың мынадай үш дәрежесі бар дейді:

Біріншіден, өміріне жеткілікті дүние-байлығы болып, одан артық нәпақа іздемеу;

Екіншіден, пайдаланып жатқан мал-мүліктің қадіріне жетіп, одан артық ризық қаламау;

Үшіншіден, сен үшін мүмкін емес, шама-шарқың жетпейтін байлықтың соңына түспеу (Мәуарди. «Әдебуд-дүния уәд-дин», 224-225 бб).

Алайда, Мәуардидің пікірінше жоқ-жітік күйге көндігу қанағатшылдық емес. Өзгелердің қолтығынан демеу, аш-жалаңашқа жәрдем беру пиғылымен бай-дәулетті болуға ниеттеніп, қам-қарекетке көшу қанағатсыздыққа жатпайды. Себебі, кедей-кепшікке дүние-мүлікті беру арқылы көптеген ізгі істерге себепші болатынымызды, зекет пен садақа берумен көпшілікпен арқа-жарқа араласуға мүмкіндік туатынын алға тартады (Мәуарди. «Әдебуд-дүния уәд-дин», 146-147, 208-209, 214-224 бб).

Имам Ғазали өз шығармаларында қанағатсыздықты рухани дерт ретінде қарастырады. Оның пайымынша салиқалы мұсылман дүние-байлыққа ынтызар болмауы керек. Десе де, өмір сүруі үшін күнделікті керек-жарақ, ішіп-жем, киім-кешек болуы шарт. Одан артығын қалау – адамды қанағатсыздыққа душар етеді.

Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Екі дорба алтыны бар адам, тағы да үшінші дорба алтыным болса екен деп тілейді» (Ханбал, «Муснад», V, 117) деген ескертуін негізге алып, ашкөздік пен тамақсаулық адам табиғатында болғанменен, мұсылманның мізбақпай нартәуекел деп оған қарсы тұруы, сөз жоқ мақтауға тұрарлық екенін, тойымсыздықтың мұсылман әдебіне жат екенін алға тартады (Имам Ғазали. «Ихия…», III, 237-238 бб).

Ислам діні қашанда адамның бақытты күй кешуін қалайды. Ал, қанағаты жоқ адам ешқашан өзін бақытты сезіне алмайды. Шариғат – қанағатшылдыққа үндегенде мүлде дүние-мүлікке қызықпа демейді. Еңбектеніп, қалыпты өмір сүруі үшін керек-жарақ, ішіп-жем, киім-кешегіңді тап.

Одан артылса, жарлы-жақыбайды жарылқа, көмекке зәру кедей-кепшікке қол ұшыңды созуды бұйырады. Тіпті, тағдыр саған аста төк, балшекер ғұмыр кешуді жазса да, қанағатшыл рухани хәл өзгермеуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет