Өркендердің түр өзгерістері Тамыр сабақ –жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен.Тамыр сабақтың ұшында бүршік болады, ол буын және буанаралықтан тұрады.Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Қабыршаққолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өрендері дамиды. Жерастында дамыған соң ашық жасыл түсті емес (бидайық, інжугүл, ұлпагүл).
Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктендамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп, түйнеккеайналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майдақабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзшедейді. Картопты көбінесе түйнек арқылы көбейтеді. Түйнектен жер өркендердамиды.
Жуашық (пиязшық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер астыөркені. Жуашықтар жер астында да, жер үстінде де дамиды. Жер асты жуашықтыөсімдіктерге пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа,қызғалдақ, т.б. жатады.