8 дәріс Тамырдың анатомиялық құрылысы Өркеннің морфологиялық жалпы сипаттамасы Тамыр


Бүршік. Бүршік - өркеннің бастамасы



бет8/13
Дата25.11.2023
өлшемі53,87 Kb.
#127036
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бүршік. Бүршік - өркеннің бастамасы. Бүршік бой конусының вегетативті бүршігімен аяқталатын сабақ пен жетілу кезеңі әр түрлі болып келетін жапырақтардың бастамасынан тұрады. Вегетативті бүршікпен қатар бүршіктердің вегетативті - генеративтік (аралас) және генеративті немесе гүл бүршігі деген түрлері бар.
Вегетативті - генеративтік бүршікте вегетативтік мүшелердің бастамасы қалыптасады да, бой конусы гүлге немесе гүл шоғырына айналады. Мұндай бүршіктер шөптесін (құсықшөп Asarum) және сүректі өсімдіктерде (серігүл, ырғай) кездеседі Генеративті бүршікте жасыл жапырақтарсыз гүл шоғырының ғана бастамасы ғана жетіледі (мысалы, шие). Дара гүл жетілген жағдайда бүршікті - бітеу гул (гүлшанағы) деп атайды
Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік (терминальды) және жанама (қолтық) бүршік болып бөлінеді.
Төбе бүршік өсіп келе жатқан өркеннің өстік бөлігі сабағының ұшына орналасады да, оның ұзарып өсуін қамтамасыз етеді.
Жанама немесе қолтық бүршіктер аналық өркеннің ұшына жақын жерде жас жапырақтардың бастамасының қолтығында үнемі экзогенді жолмен меристемалық төмпешіктер түрінде пайда болады. Жанама бүршіктерден жанама бұтақтар өсіп шығады. Жанама бұтақтар да ұштары арқылы ұзарып өседі, әрбір жанама бұтақ төбе бүршігімен аяқталады.
Бір жапырақтың қолтығында әдетте бір бүршік орналаса­ды, кейде оның саны бірнешеге жетуі мүмкін. Қосымша бүршіктердің пайда болуы қолтық меристемасының ұзақ уақытқа түзуші ұлпалық қасиетін сақтауына байланысты. Егер жапырақ колтығындағы бірнеше бүршік бірінің үстіне бірі тік қатар түзіп орналасса, оны сериялы бүршіктер деп атайды. Сериялы бүршіктер бір буыннан өсіп шыққан желпуіш тәрізді бұтактар береді. Кейде олар ұзақ уақыт кезектесіп жас өркендердің өсуіне қатынасады. Егер бүршіктер жапырақ қолтығында бірімен-бірі бүйірлесе қатар орналасса, оларды коллатеральды бүршіктер деп атайды.
Қоңыржай белдеулерде бүршіктер күзде бірнеше айға созылатын тыныштыққа көшеді. Мұндай бүршіктерді қыстаған бүршіктер деп атайды. Қыстаған бүршіктерді тыныштық кезеңінде сырт жағынан қатыңқы қоңыр түсті қабыршақтар жауып тұрады. Жабындық қабыршақтар кутикуланың қалың қабаттарымен, кейде тозбен және склереидалармен жабдықталады. Бұл қабаттар бүршіктің нәзік бөлімін сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Қыстаған бүршіктер көктем туа тамырда, дінде және бұтақтарда жиналған қор заттарын пайдаланып, бүршік жарып жас өркендер береді. Қыстаған бүршікті басқа белдеулердің (тропика, ылғалды субтропика) климат жағдайларын (қыс болмайтын) ескеріп тыныштық бүршігі, ал қызметіне сәйкес жаңарту бүршігі деп те атайды. Өйткені мезгіддік тыныштықтан кейін өркендер жүйесінің қалыптасуы үнемі осы бүршіктердің есебінен жүреді. Шығу тегіне қарай жаңарту бүршіктері экзогенді (төбе) және эндогенді (қосалқы) болады. Мұңдай бүршіктер сүректі және көп жылдық шөптесін өсімдіктерге тән.
Өсімдіктердің тіршілігі және өсімдіктер шаруашылығының тәжірибесінде қосалқы немесе адвентивті бүршіктердің маңызы зор. Олар сабақтың буындары, буын аралықтары, тұқым жарнағының астыңғы қылтасында (гипокотиль), тұқым жарнағының үстіңгі қылтасында (эпикотиль), тамырда, тамырсабақта, сол сияқты жапырақтарда эндогенді жолмен ішкі ұлпалардан пайда болады. Қосалқы бүршіктер сондай-ақ сабақта камбийден (шоқ аралық), соңғы қабықтың паренхимасынан, паренхиманың радиальды сәулелерінен, өзектің сыртқы қабаттарының жасушаларынан, тамырдағы тоз камбийінен, қабықтан және перициклден өніп шығады. Қосалқы бүршіктер - гүлді өсімдіктерді вегетативтік жолмен көбейтудің қайнар көзі. Өсімдіктер тамырындағы қосалқы бүршіктерден өсіп шыққан өркендер тамыратпалары деп аталады. Мысалы, таңқурай, көктерек, қалуен, бақ-бақ, кәдімгі сиякөк, иваншай және т.б. өсімдіктер осындай.
Қосалқы бүршіктер жапырақта сирек кездеседі. Мысалы, бриофиллюмның, папоротниктің жапырақ жиегіндегі тісшелерінің ойысында қосалқы тамырлары бар кішкентай өркендер жетіледі. Олар аналық өсімдіктің жапырағынан түскен бойда жаңа өсімдік беріп өсіп шығады. Мұндай дайын жаңа өсімдік беретін бүршіктерді өсімтал бүршіктер деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет