8 дәріс Тамырдың анатомиялық құрылысы Өркеннің морфологиялық жалпы сипаттамасы Тамыр


Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы



бет6/13
Дата25.11.2023
өлшемі53,87 Kb.
#127036
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.Ашық тұқымдылар мен қосжарнақтыларда өсімдіктер жасының артуына байланысты тамыр жуандап өсіп,соның алғашқы құрылысы соңғы құрылысымен ауысады.Папоротник тәрізділерде және дара жарнақтылардың басым көпшілігінде тамырдың анотомиялық алғашқы құрылысы сақталады.
Тамырдың алғашқы құрылысының соңғыға ауысуы кезіндегі өзгеріс орталық цилиндрден басталады. Ксилема сәулелері мен флоэма бөлімдерінің арасындағы паренхималық клеткалар меристемалық қасиет білдіріп бөлінеді.Одан соңғы түзуші ұлпа камбий пайда болады.Ксилема мен флоэманың арасындағы камбий қабаттары әуелде бір-бірінен бөлек орналасады.Көп кешікпей перициклдің протоксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан клеткалары тангентальды бөлініп,камбий қабаттарын бір-біріне қосады.Осыдан алғашқы ксилеманы қоршай орналасқан тұтас камбий сақинасы түзіледі.Камбий қызметінің нәтижесінде алғашқы флоэма сыртқа қарай ығысады.Камбий клеткаларының бөлінуінен пайда болған соңғы флоэма элементтері оның сырт жағына,соңғы ксилема элементтері іш жағына қарай орналасады.Сонымен,флоэманың ұлғаюы сырттан ішке қарай ,ксилеманың ұлғаюы іштен сыртқа қарай жүреді,соңғы ксилема радиус бойлап емес,каллотералды орналасып камбий түзуі шеңбер пішініне ие болады.Камбийдің перициклден пайда болған бөлігінен өткізгіш ұлпа элементттері түзілмейді,олардан алғашқы ксилема сәулелерінің қарсысында орналасқан өзек сәулелерінің паренхимасы қалыптасады.
Сонымен, анатомиялық алғашқы құрылымның соңғы құрылымға ауысуы барысында мынадай кезеңдерді өткереді:
1.Флоэма мен ксилеманың арасында камбий пайда болуы
2.Перициклден феллогеннің пайда болуы
3.Алғашқы қабықтың түлеп түсуі
4.Өткізгіш ұлпаның радиусты бойлап орналасуынан коллатералдыққа ауысуы.


Өркен және өркендер жүйесі

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік - жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет