8. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары


Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты



бет18/21
Дата18.05.2023
өлшемі64,18 Kb.
#94531
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
32. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты.  

33. XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы. 
XVII ғасырдың басында ішкі тартыстардың салдарынан Қазақ хандығы әлсіреді. Тәуекелдің інісі – Есім ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан әрі құлдырауын тоқтатты. Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды. «Есім ханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») атты заң жүйесі қолданылды. Көрші мемлекеттермен шайқастарда жетістіктерге қол жеткізілді. Ойрат тайпаларының бірнеше жорықтарына тойтарыс берілді. Қазақтың ұлы билеушілерінің бірі – Есім хан 1628 жылдың күзінде қайтыс болды. 1635 жылы ойрат тайпалары Қазақ хандығының басты қарсыласына айналған «Орталық Азиядағы соңғы көшпенді империя» Жоңғар хандығының негізін қалады. XVII ғасырдың 30-50 жылдары қазақтар жоңғар басқыншылығына қарсы күресті. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. Жәңгір хан қол астындағы 600 сарбазымен жоңғардың 50 мың әскеріне тойтарыс берді. 1680 ж. Тәуке ханның билікке келуі Қазақ мемлекеттілігінің жаңа сатыға көтерілуіне себеп болды. XVII ғасырдың аяғындаТәуке ханның тұсында мемлекеттілікті күшейту мақсатында «Жеті Жарғы» – Қазақ хандығының жаңа заңы қабылданды. 1715 ж. қазақтың үш жүзіне билігін жүргізген соңғы қазақ билеушісі Тәуке хан қайтыс болды. Оның өлімінен кейін қазақтың әр жүзінде өз ханы пайда болды.
34.  XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастарының сипаттамасы.


35. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы.
Жәңгір хан (1610—1652) — 1643–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды. 
Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиғалардың бірі. Бұл шайқас 1643 жылдың жазында Қазақ хандығының қолын басқарған Жәңгір Хан мен жоңғар қолын басқарған Батыр Қонтайшы арасында өтті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет