8. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары


 Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы



бет16/21
Дата18.05.2023
өлшемі64,18 Kb.
#94531
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Документ

28. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.
Қазақ тарихының маңызды сұрақтарының бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының пайда болуы, 14-15ғғ-да Қазақстан территориясында (Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу және Түркістан, Оңтүстік Қазақстан) орын алған, әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси процестердің заңды қорытындысы. 
Қазақ мемлекеттігінің Қазақ хандығы ретінде пайда болуының объектив ті себептері – ұзақ мерзімге созылған қазақ ұлтының қалыптасуымен қатар жүрген үш жүздің құрылуы. Көшпелі және отырықшы халықтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарының нығаюы, қазақ рулары мен тайпаларының этникалық бірлестігінің құрылуына әсер етті. ??????

29. Қазақ хандығы кезіндегі билер институты.  
Қазақ халқының өмірінде билер институтының алар орны мен үлес-салмағы, маңыздылығы айрықша. Өйткені, оның – мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайын тек әдеттегі құқықпен ғана емес, рухани-мәдени салт-дәстүр негізінде де ұштастыра әрі теңестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым ретіндегі рөлі ерекше. Бұл құрылым ол кезде мемлекеттік басқару жүйесімен тығыз астасып жатты. Билер ел, жер, жесір дауын, мал-жан, кәсіп мәселесін түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, қарарсыз, ауызша жүзеге асырып, бітіріп отырған. «Би – әлеуметтік категория ретінде қазақ халқының тарихында ерте заманнан бері қолданылып келе жатыр... Әлеуметтік қатынастардың дамып шиеленісумен бірге, кейде билердің көпшілігі қанаушы таптардың уәкіліне айналған. Билердің әдет-заң нормаларын талқылауда, билік айтуда, ол биліктің орындалу әдістерін белгілеуде кең құқықтары болды. Билер соты Қазан төңкерісіне дейін қылмыстық және азаматтық істердің көпшілігін қарайтын ресми орган болып, құн, барымта, қалың мал, әмеңгерлік, көп әйел алу, т.б. патриархтық кертартпа қалдықтарды қорғап келеді» – деп билердің қоғамдағы рөлін әдейі төмендетіп көрсеткен. 
Ел басқаруда билердің орны ханнан кем еместігін, тіпті ханның өзін «Билер кеңесі» сайлайтынынан сескенген Ресей империясы Қазақстанды отарлау барысында олардың рөлін шектеп, мүлдем жойып тынды. Ал, қарауындағы бодан елдің күшті хандықтардан тұруы, ондағы билердің кей жағдайда хандардан да беделдері асып тұратындығы Ресей империясының отарлау саясатын ойдағыдай жүзеге асыруына кедергі деп білді. Осы себептен билердің қызметін мүлдем жою көзделді. 1868 жылы қабылданған «Жаңа устав» қазақ даласында сұлтандық пен елді басқарудың ежелден келе жатқан дәстүрлі жүйесін жойды. Солай қазақ даласы ұсақ болыстарға бағынышты болды. Осындай ұсақталған болыстарды, бұрын көсемдігімен, шешендігімен халыққа танылғанда ғана өздігімен би атанатындарды енді халық сайлап, Ресей патшасының еркеше құқықты өкілдері заңдастырып бекітетін болды. Мұндай қадамға бару ғасырлар бойы мінсіз қызмет етіп, тарихтың, қоғамның қалыптасуына олардың бойындағы сан-алуан тума таланттарын біржолата жою еді. Өйткені, енді болыстыққа би – қазылыққа өзінің дара қасиеттерімен би атанғандар емес, пара беру арқылы, халықтың емес, қара басының құлқынын ойлайтын, Ресей патшасы өкілдерінің айтқанын істеп, айдағандармен жүретін дарынсыз, жетесіз мансапқорлар сайланды. Абайдың «Бас-басына би болған өңшең қиқым» деп қынжылуы осы кездің көрінісіне айқын куә. Арғы-бергі ауызша тараған немесе жинақталып қағазға түскен көне шежірелерімізге зер салсақ, бидің тек байлардың ғана арасынан емес, жоқ-жітікті кедейлер арасынан да талай шыққанын, «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген» билер болғанын тарих растайды.
Би дегенге үш арысымыз – Төле, Қазыбек, Әйтеке жеткен заңғар биіктен қарағанымыз абзал. Енді халық даналықтарына сүйене отырып, билер бойындағы дара қасиеттерге қысқаша болса да жеке-жеке тоқталып, сараласақ. Иә, би-көпті көрген, яғни «көре-көре көсем болған», көкірек көзі қиядағыны шалатын, ойы орамды, көнені ғана біліп қоймай, болашақты да тап басып, байламды, бағаналы болжам жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шығатын жан болуы шарт. Шешендік – көп халықтарда ертеден ұшырасатын қасиет. Тіпті, Ежелгі Рим империясы мен Грек, Мысыр елдеріндегі оқу орындарында шешендік өнер «Риторика» аталып, негізгі пәндердің бірі болып саналған. Ал, қазақ даласында билер біздегі секілді ешбір пәнді оқымай-ақ салиқалы ойдың түйінін дәл жеткізуге шебер болған. Даулы мәселені шешкен жерде кемі үш би қатысқан, бірі – айыптаушы (прокурор), екіншісі – ақтаушы (адвокат), үшіншісі –төбе би (судья). Қазақта, сондай-ақ жалпы түркі елдерінде би секілді қазы деген сөз жиі кезігеді. Қазы да билік айтушы, төрелік етуші болып саналады. Әйтсе де би мен қазы сөздерінің арасы жер мен көктей. Қазы бір өзі ғана даулы іспен жүгінушілерге шешім шығарып, төрелік айтады. Ал оның әділдігі мен әділетсіздігі көп жағдайда тең түсіп жатуы ықтимал. Ондай жағдайда даушылар қазыдан асып, билер алдына жүгінетін болған. Қазы өзінің дүниетаным, көзқарасына қарай дұрыс болсын, бұрыс болсын – төрелік айтушы ғана.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет