Сөздік: ұзын сонар.
Мазмұндау жоспары:
1. Баласының келу қуанышы.
2. Тіршілік туралы әңгіме.
3. Жөкеңнің жорғасы.
4. Толасбай.
5. Үзілген әңгіме.
Құстар үй салады
Көктем келіп, жер жасарып, ағаштар жапырақтап, дүние-әлем жайнап тұрған кез. Ол кезде құс атаулы үй салуды білмепті. Осы жай қарт бүркіттің қабырғасына батады. Өйткені құстардың бәрі жерге жұмырқалайды екен. Ақ, көк, сары, теңбіл-теңбіл, шұбар жұмыртқалардан жердің беті кейде көрінбей қалыпты. Бірақ көбісі шірітіп кетеді, қалғандарын жан-жануар басып, рәсуа етеді. Бүркіт көрген сайын күрсініп, күніне бір жасқа қартая беріпті.
Мүлде ұша алмайтын халге де жетіпті. Содан ол ойлана-ойлана бір амалын тапқандай болып, қырғи, лашын, күйкентай, қаршығаны шақырып алып:
- Барлық құстарды шақырыңдар! Айтатын ақылым бар, - деп бұйрық береді. Бүркіт айтса болды, төртеуі төрт жаққа ұшып, лезде барлық құсты жиып келеді.
- Бірің қалмай келдіңдер ме? Біреу-міреу қалып қоймасын, тағы да бір-біріңді түгендеңдер, - дейді бүркіт айналасын шола қарап.
Біраздан соң құстар:
Көкектен басқамыз осында екенбіз, - десті.
Бүркіт қанатын көтеріп қойып:
- Тынышталыңдар енді, дабырламаңдар! Біздің бұлай қаннен-қаперсіз жүре беруімізге болмайды. Көрдіңдер ме, жер беті үлкенді-кішілі жұмыртқадан аяқ алып жүргісіз. Әркім басып кетіп, жарылып жатқаны қанша ма. Сондықтан біздер де адамдар сияқты үй салуымыз керек, - деп аз-кем тыныстады.
Мұны естіген көкектің зәресі ұшып кетті.
- Қалайша? – деді ол. – Біздің қолымыз жоқ қой. Ал адам деген – адам! Олар қолы болғандықтан, бәрін істейді. Күшті. Өздерінен үлкен нәрселерді де көтере береді. Ондай болу қайда?!
- Талаптансаң, бәрін де істеуге болады. Сен, көкек, жалқауланып, тілің мен жағыңа сүйенбе. Одан да болмасаң да, ұқсап бақ.
- Дұрыс айтасың, бүркіт ием, мен мұны аңғарып жүрмін. Үй салғандарын көргенде оларға сондай қызығасың, - деді қарлығаш мойылдай көздері ұшқын атып.
Бүркіттің көкекке түйілген қабағы қарлығаштың сөзін естігенде жазылып, жүзі жарқырап қалды.
- Менің де айтып отырғаным – сол. Қызығасың! Адамдардан үйрену керек, -деді де бүркіт айнала қарап, қайтадан жүзі қатуланып, бұйыра сөйледі. – Бүгіннен бастап адамдардың үйді қалай, неден салып жатқанын бақылаңдар да іске кірісіңдер. Енді үш аптадан соң бәріңдікін өзім көріп шығам. Түсінікті ме?!
- Түсінікті! – десті бәрі де.
... Адамдарды сырттай бақылап қызыққан құстар көп ұзамай, үй салуға кірісіп кетті. (Қ.Омарұлы, 305 сөз).
Достарыңызбен бөлісу: |