8 сыныбына арналған №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Т. Садақбаевтың іс-тәжірибесінен


Сөздік: зым- зия, заматта, құдды. Мазмұндау жоспары



бет16/19
Дата06.01.2022
өлшемі139,8 Kb.
#12539
түріМазмұндама
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Диктанттар жинағы 8 сынып

Сөздік: зым- зия, заматта, құдды.

Мазмұндау жоспары:

1. Хош, Сахалин.

2. Түпсіз, мылқау мұхит.

3. Серт- туған елге жету.

4. Күшейген қауіп.

5. Үміт жағасы.

6. Домбыра бебеу қақты.

7. «Заман – ай».

8. Азаттық белгісі.
Ақылды құмырсқалар
Саяхатшылар өзенді жағалап жүрді. Шым топыраққа қаптай өскен жұмсақ қазотының үстімен аяқтарын еркін алып келеді.

- Шашырамай, бір ізбен жүріңдер. Бұл жерде жылан болуы мүмкін! - деп ескертті Мәди ағай.

- Ағай, ендеше мені алға жіберіңізші. Жыланнан қорқамын, - деді ең

соңында келе жатқан Жабын.

- Қорықсаң, сол артта жүргенің дұрыс, өйткені жатқан жыланға алдымен келіп ұрынатын да, оны үркітетін де бірінші жүрген адам.

Жан сергітер таңғы мөлдір болар-болмас тербеген самал жылдам жүріп келе жатқан саяхатшылардың тершіген маңдайларын, мойындарын лезде құрғатады. Өзен бірте-бірте сол жақ қапталда қалды. Саяхатшылар біраз уақыт ілесіп келген тау суының гүрілі «ары қарай өздерің барыңдар» - дегендей, еміс-еміс естіледі.

Табиғат бүгін кешегіден де ажарланып кеткендей. Жасыл желегі тербелген ағаштар шық шашыратады.

Сан-алуан шөптері мен гүлдері кілемнің түгіндей болып әдемі өрнектелген тау жоталары жұпар шашады. Ирелеңдей қашқан жіңішке сүрлеу кейде дөңкиіп-дөңкиіп шөгіп жатқан түйетастардың дәл түбінен алып өтеді.

Шұбатыла жөңкіліп, тау асып жатқан бұлт керуеніне зер сала қараған Арман:

- Бүгін алысқа ұзай қоймаспыз. Жауын жаууы

мүмкін, - деді.

- Расында да, мына бұлттардың түрі жаман екен, - деді аспанға үрке қарап, қабағын түйген Жабын да. – Сел жүріп кетпесе жарар еді.

Саяхатшылардың сөзін тыңдап келе жатқан Мәди ағай тоқтай қалып, аяғының астына үңілді.

- Балалар, мына құмырсқалар бір ізбен ары-бері зыр қағып қыбырлап жүр.

- Кемінде жарты миллион бар шығар, - деп, Бораш тізерлей отырып, лупасымен құмырсқаларды қарай бастады.

- Айналасына зер салып тұрған Мәди ағай аспанға бір көз тастап алды да, былай деді:

- Арман, сен жаңа «бүгін жауын жауады», - дедің ғой. Ана жөңкілген бұлттар сені алдады. Меніңше, бүгін күн ашық әрі өте ыстық болады. Өйткені, мына құмырсқалар илеуінен өте алыс кетіпті. Егер жауын жауатын болса, бұл жәндіктер бұлай жайбарақат жүрмес еді. Екіншіден, ана ағаш арасындағы құстардың үніне құлақ салыңдаршы. Бәрі де көңілді, шықылықтаудан тынбайды. Жауын жауардың алдында құстар бұталардың арасындағы жайлы орындарына жасырынып, тым-тырыс отырар еді. Бұл аз десең, жаңа құжынаған балаларын ертіп аналық ара да ұшып өтті. Күннің ашық болатынын білдіріп олар да бал жинауға асығып барады. (Н.Мұратәлиев, 318 сөз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет