8 сыныбына арналған №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Т. Садақбаевтың іс-тәжірибесінен


Сөздік: шаңырағы ортасына түсу. Мазмұндау жоспары



бет19/19
Дата06.01.2022
өлшемі139,8 Kb.
#12539
түріМазмұндама
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Диктанттар жинағы 8 сынып

Сөздік: шаңырағы ортасына түсу.

Мазмұндау жоспары:

1. Ортасына түскен шаңырақ.

2. Өрт.

3. Көл ортасы.

4. Белес басында Жалбыр тұр.

5. Әжібек.

6. Хабарлау.

7. Құлдықта өткен өмір.

8. Жалбырға жүктелген міндет.

Әкенің еркелігі
Ертеде бір бала әкесіне: «Сені кейін ер жеткен соң, аяғыңды жерге тигізбей, арқалап жүремін», - дейді екен. Бұл оның әке парызы туралы түсінігі болса керек.

Уақыт деген ұшқан құс, құйғытып шапқан тұлпар емес пе? Жыл артынан жыл өтеді. Бала жігіт болады. Әкесі қартаяды да, бір күні қатты науқасқа шалдығады. Ұлы «пәлен жерде ғұлама емші бар» дегенді естиді. Әкесіне: «Баяғыда көп айта беруші едім ғой, сол сөзім – сөз, емшіге апарамын», - дейді. Әке өз қадірін түсінген перзентіне тәнті болады. Әуе айналып жерге түскендей шілденің ыстық бір күнінде екеуі жолға шығады. Жігіттің арқасында – әкесі. Бірнеше күн өтеді. Айнала сағым, мұнар. Топырақ та, ауа да от. Аңызақ. Шөл. Жігіт шаршайды.

Ұлының арқасында отырған әкесі бір күні көз ұшында қарайған әлденені көреді. Баласынан: - Балам, анау не, көзім жетпей тұр? – дейді. Қанша шаршаса да, жас емес пе, жігіт дереу алға көзін тігеді. Ол қарайған түйе екен.

- Түйе ғой, әке, түйе! – дейді ол ашу ызасыз. Ішінен: «Әкем бала болып кетті ме сонша. Адам өзі діңкелеп келе жатқанда... Мазаны алмай тыныш отырмай ма?» - деп күбірлейді.

Бұлар емшінің ауылына қарай жылжи береді. Аздан соң әкесі жаңағы сұрағын қайталайды.


  • Анау не, балам?

  • Жаңағы түйе ғой, әке. Түйе, түйе!

Дауысы шаршау шығады. Бұған не болған дегендей әкесіне алара қарайды. Әуелде қу-сүйек жеп-жеңіл боп

көрінген әкесі, енді зіл қара тас секілді. Жігіттің қол-аяғының буын-буыны кетіп шаршайды. Осылай титықтап келе жатқан кезде артық сөздің өзі – артық қамшы. Арқасы терден удай ашиды. Ашуланып аударып тастай салатын зат емес. Әке. Ал әкесі баласының бұл күйін білмей келе жатқан сияқты. Ат үстінде отырғандай жайбарақат көңілді. Не болса соны әңгіме етіп қояды.

Сүт пісірім уақыт өткен соң, жаңағы сұрағын үшінші рет қояды.

Анау не, балам!

Жігіт қарайды да:

- Түйе ғой, түйе! – деп ақырып жібереді. – Осымен үшінші рет сұрадың. Неге қажет сонша. Мен мынау өлейін деп...

- Балам, тоқта, түсейін арқаңнан, болды енді, - дейді өкпелеп.

- Неге? Отыра бер!

- Жоқ. Болмайды. Әкеңнің бір еркелігін көтермедің. Баяғыда сен арқамда отырып, аспандағы жалғыз айды: «О не?» - деп жүз сұрасаң, ерінбей-жалықпай жүз рет жауап беруші ем. Жылқының түнгі күзетінен титықтап келгенде де, бетіңе жел боп тимейтінмін. Жасқаншақ болмасыншы дейтінмін. О, дүние-ай! Енді бұл аурудан айығам деген үмітім жоқ, тек сенің көңілің үшін шықтым. Бір еркелігімді көтермедің. Қой, осы жерден елге қайтам! –деді әкесі.

Бәрі көңілге байланысты ғой, мүмкін, еркелігін көтерсе, әкесі сырқатынан жазылып та кетер ме еді, кім білсін... (С.Оспанов, 370 сөз).



Сөздік: тәнті болу, көз ұшында, діңкелеу.

Мазмұндау жоспары:

1. Баланың серті.

2. Әкенің ауруға ұшырауы.

3. Әке парызын орындау.

4. Әкесін арқалаған жігіт.

5. Әкенің сұрағы.



6. Екінші, үшінші сұрақ.

7. Әкенің сөзі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет