8 сыныбына арналған №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Т. Садақбаевтың іс-тәжірибесінен



бет7/19
Дата06.01.2022
өлшемі139,8 Kb.
#12539
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Диктанттар жинағы 8 сынып

Төл сөз бен төлеу сөз. Диалог

Жасылкөл. Қос аққу
Суы тұп-тұнық, мөп-мөлдір, өзін айнала қоршаған жасыл орманмен бояу таластырып, жасана түскен сияқты. «Жасылкөл» деп қалай тауып атаған!

Жап-жасыл көл бетінде жүзген қос аққуды көргенде,

бізде тіптен ес қалмады. Бәлі, мына сәттілікті қараңыз! Қос аққу бізге қарай жүзіп келеді.

Айнадай жалтыраған көлге ақ төсін төсеген қос аққу қандай жарасады! Жұптарын жазбай, қатар бұрылып, қатар жүзіп, көл бетін жұмсақ сызып жүр. Кербез керілген тамаша мойындары неткен сұлу еді! Буынсыз бұралып, мың бұралады. Өзге құсқа ұқсамайтын сүйір тұмсықтарымен ара-тұра су сүзіп қояды. Мойылдай мөлдіреген қара көздерінде көл бетіндегі шар айна сәулесіне шағылысқан нұр ойнайды.

Бір кезде қос аққу қатарласа келіп, көкірек түйістірді. Бірінің денесін бірі сылап, кеуделеріне бас қойысты. Мың бұралған ұзын мойындары бірін-бірі еркелетіп, тұмсықтарымен жеңіл ғана қытықтасқандай болды. Оның соңы жарасты ойынға ұласып, бірін-бірі қуалап, бір-біріне мөлдір күміс су шашты.

Жасылкөл беті тербеле толқып кеткендей еді!



  • Ғажап! – деді ұзын сирақ Ұзақбай.

  • Керемет! – деп қайталады оны Төкен. (Ы.Кененбаев, 150 сөз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет