8 сыныбына арналған №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Т. Садақбаевтың іс-тәжірибесінен



бет5/19
Дата06.01.2022
өлшемі139,8 Kb.
#12539
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Диктанттар жинағы 8 сынып

Ертіс өзені
Табиғаттың адамға, оның мінез-құлқына ететін әсері туралы айтқанда, есіме Ертіс өзені, Шыңғыстау аймағы түседі. Ертіс – сұлу, сылқым өзен. Сонау Зайсаннан бастап, алтынды аймақ кербез Алтайды қақ жарып өтеді. Ерке мінезді, сылаң қағып ағатын өзен. Арнасы кең тоғайы мол өңірді жара ағып, алысқа кетіп жатқан үлкен өзен өз өңіріндегі елге, жерге, тіпті, ерге талай мінез, талай сый берген. Кейде толқып, кейде кенересінен аса төгіліп, неше түрлі бұраңға, бұлтарысқа салып ағатын сұрғылт түсті асау ағын өз тұрғындарына талай ой сап, жанын тербеген болар.

Ертіс жағасында өскен Темірбек бойында сол өзі туған жердің суреті, жүрегіне салған ізі бардай. Байыпты, байсалды, кей кездегі екпінді, желдей ескен ағын да сонау бір туған жердің қанына құйған қасиеті еді. Оның ән салған кезіндегі күмістей сылдыраған әсем сұлу үн қайдан алынды деп ойлайсыз. Мүмкін, бұл сол Ертіс толқынының түнгі сылдыры шығар, мүмкін, бұл жағада өскен балауса көк құрақтың желмен шайқалған кездегі сәнді ызыңы болар. (С. Бақбергенов, 148 сөз).



Өнер мұраты
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына барсаңыз, Хакімжан қолынан туған жұмыстар алдыңыздан шығады. Күй атасы Құрманғазы, ақын Абай, батыр Аманкелдіден бастап, бүгінгі замандастарымыз бір топ Еңбек Ерлерінің ақ мәрмәр тастан қашалып істелген бюстері Хакімжанның жай ғана маман мүсінші емес, адам жанына үңіле білетін үлкен суреткер екенін танытады.

Абай даңғылының Алатау бөктеріне барып тірелер басындағы айналасы гүлге малынған әсем алаңда, биік тұғырлы жартас басында, қолына кітабын ұстап, маң-маң басып дана Абай келеді. Ұлы Абай Алматыны аралап арамызда жүргендей көрінеді. Естіген, көрген жұрт таңданады да таңырқайды да:

- Кім жасаған екен? – деп сұрайды. Сонда қазақтың тұңғыш мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев есімі аталады. Мұндағы Абай тұлғасы жадыңызда мәңгілік сақталып қалады. Жамбыл мүсінін басқалар да жасады, Хакімжан Жамбылында өзгеше қасиет бар. Көп суреттерден қартайған шал Жамбылды ғана көретін едік, Хакімжан Жамбылынан шын бақытқа кенелген, жасы кәрі болғанымен, жаны жас Жамбылды көрдік. Мүсінші Шоқан Уәлиханов бейнесін Шота Уәлихановпен бірлесіп жасаған. (С.Байжанов, 145 сөз).

Туған жер
Ол өзінің туған жерінің ой-шұқырын, тау-тасын, өзен-суын, өзі білетін жерлерін түгел аралады. Бұрынғы ескі қала үлкен қала: Құмкент, Баба-Ата, Қызылкөл, Қызылсеңгір, Қаратас, Қызылтас, Қапшағай, Сасықбұлақ, Шиеліөзен, Қанымсай, Шаштөбе – бәрін бірін қалдырмай аралап шықты. Осы аралауда табиғаттың кәрілік кезін, ұлғайған кезін есіне түсірді. Жер-су қартаяды екен. Қартайғанда кейде, тіпті, бір адамның көз алдында қартаяды, азады, тозады. Мұны Қамбарбек өзінше жер кәрілігі деп ұқты. Кеше ғана шиге

тұнып тұрған сол мол шиі үшін Шиліөзен атанған жердің жүрсе, адам адасатын қалың шиі қайда? Бұл шиді жергілікті жердің өзіндегі адамдарды былай қойып, сонау Сарыарқадан, Сарысу, Шу бойынан келіп тартатын. Шиліөзен шиінен тоқылған шилер талай- талай әдемі үйлердің салтанаты болған. Ал ши таусылды, өспей қалды делік. Қысы-жазы арық-арық боп, Үштөбе мен Жартытөбе бауырынан қайнап шығып жататын мөлдір сулы, сылдыр бұлақтар қайда? Бір ғана Үштөбе бауырынан ағатын бұлақ сулары бүкіл өңірді суландырып, атақты тоған арқылы сонау Мәнжі мен Тасшабайдың даласына шығатын. (С.Бақбергенов,148 сөз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет