8 сыныбына арналған №139 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. Т. Садақбаевтың іс-тәжірибесінен



бет8/19
Дата06.01.2022
өлшемі139,8 Kb.
#12539
түріМазмұндама
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Диктанттар жинағы 8 сынып

Балуан Шолақ
...Битабар кештетіп келсе, ауыл іші у-шу.

  • Балуан Шолақ келіп, байдың үйіне түсіпті.

  • Балуан Шолақ керемет қызық ойын көрсетеді дейді...

Битабардың көктен іздегені жерден табылғандай, бір аяқ айранды қотара салды да, шала жуынып, байдың үйіне тартты.

Бай – Әлім деген, бетінде секпілі бар, сопақ бет, ұзын ақ сары кісі. Көзі басқа қазақтан өзгеше, көкшіл. Әлім бай болғанымен, кісілігі мол, ел адамы. Өткен-кеткен қонақтар да бұл ауылға келсе, «Әлім» деп келеді.

Әлім бұл жолы да қонақжай мырзалығынан танбапты. Арқаның ерке серісі, балуан серісі Шолаққа арнап, ауылдан алысырақ көкорай шалғынға тоғыз қанат ақ боз үй тігіп, іргесін түріп тастаған. Айнала нөпір жастар.

Біреулер жабықтан сығалайды, біреулер ашылып-жабылып жатқан есікке үңіліп қалады. Үй іші – у-шу. Әйелдің сыңғыр күлкісі. «Беу шіркін!» деп көтермелеген ерлер дауысы. Солардан өзгеше бөлініп, баппен қағып тартылған сазына кешкі самалдай есіліп, майда қоңыр дауыс кеп қосылады.

Битабардың жүрегі шымырлап кетті. (С.Шаймерденов, 146 сөз).
Ән құдіреті
Сұлтанмахмұт кідіріп, сөйлеп кетті. Бұл жолы ән-күй халықтың қазынасы екенін, сол қазынаға «Жаяу жүріп, закон қуған» Жаяу Мұсаның мол мұра қосқанын, ән-күйі әсерлі болса, жұрт өзі-ақ ауыздан-ауызға қақшып алып, үйреніп айтып, өзінің төл дүниесіндей, төл атындай меншіктеніп алып, рақаттанатынын айтты. Тау арасында ат үстінде келе жатып Жаяу Мұса әндерін шырқаған адамдардың дауысын, әнін Баянауыл тауларының шың жартастары қосыла шырқап қайталап айтып жататынын сөз етті. Ал нашар ән, нашар күйді халыққа зорлап үйретіп

қабыл алдыра алмайсың. «Қойшы соны», - деп, қолдарын бір-ақ сілтейді. Немесе тыжырынып тыңдап, аяқталуына әрең шыдайды. Кімнің құлағын кесіп аларсың?! Ал жүрегі қабылдаған жақсы әнге сезім дүниелері қосыла кетеді. Демек, ән бағасы – халықта, - деді Сұлтанмахмұт. Ақшоқыдағы бұл ауыл – ән баптап, сөз күйттеген ауыл. Жаяу Мұса ашқан ән мектебінің, сөз көктемінің ауылы.

Дәулеті мен сәулетін бермеген құдайға наразылық ретінде сөз сарасын, ән шанасын тербеттіріп қойған ауыл. Оның қайнар көзі – Жаяу Мұса. (Д.Әбілов, 147 сөз).

«Бозайғыр» күйі


  • «Бозайғырды» тартып жібер! – деді Сұлтанмахмұт Жапашқа.

Осы бір күйді Махмұт Жапаш тартуында әрқашан сонша бір ыстық сезім толқынымен тыңдайтын еді.

Жапашта бәлдену де, баптану да болмайды. Әдеттегісінше, «Бозайғыр» оқиғасын айта отырып, ойната жөнелді.

Жаяу Мұса ойға шомып:


  • Сиқар дүние? Тозақ дүние? Тұзақ дүние? Сен кімді тұзақтамадың? Жануар екеш жануарды да бостандығынан зар еткен дозақ дүние? – деді.

  • «Бозайғыр» - Жаяу Мұсаның көп естіген, өзінің де талай тартқан күйі. Бірақ мына жігіттің бірі жас, бірі кәрі екі ұлы жанның алдында, екі ғасырдың екі өкілінің алдында тартуы тым басқа еді. Он екі жылға кесіліп барған Тобыл түрмесінен, қиянатқа жаны шыдамай қашып шығып, туған жерге – Баянауылға тартқан өзін көргендей болды.

  • Рақмет, балам! Рақмет! – деді Жапашқа. – Кеудесі бітеу біреуме десем, өнерлі жас екенсің. Мылтыққа әуестеніп, бұныңды тастап кетпе!

Жаяу Мұса аузынан мұндай баға естимін деп ойлап па, бұл Жапаш. (Д.Әбілов, 143 сөз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет