Толеранттылық туралы түсінік беру. Көпұлтты Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып, төзімділікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Құндылықтарды дарыту
сынып оқушылары бір – біріне мейірімділікпен, төзімділікпен қарауды үйренеді.
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.
Толеранттылық туралы түсінік беру.
«Төлерантты адам» тезистерін құрастырайық. Толеранттылық- жеке қасиет.
Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.
Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісе алатын , оны түсіне білетін адам.
Абсолютті толерантты немесе толерантсыз адам болмайды.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
Сабақтың ортасы
Екі жұппен жұмыс. «Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыңдар. Енді сіздерге 2 минут уақыт беріледі, осы уақытта басқаларға қарағанда өздеріңіздегі ерекше қасиеттеріңізді айтуларыңыз керек» Мысалы, хоббиіңіз, істей алатын нәрселеріңіз. Жұптарыңыздан ол туралы естіген соң, орындарыңнан тұрып, не білдіңіздер сол туралы айтасыздар.
«Төлерантты тал » жасау. Барлық әлем мен үшін.
1 кезең. Әрбір топ бұл газетке толеранттылар үйін саласыздар. Толеранттылар жаңа айтып кеткеніміздей бәріне дос, қандай жағдайға да шыдамды, кез келген жағдайдың келісімін таба алатын, қамқор. Ендеше сендер осындай адамдарға арналған үй тұрғызасыздар. Үйлеріңіз әр түрлі формада болуы мүмкін.. Тек ұстанатын нәрсе –үй іздеген хабарландыру өте көп болады, сондықтан сіздер өздеріңіздің үйлеріңіздің көркем безендіріліп, басқалардың назарын бірден аударатын жағын ойластырғаныңыз жөн. Қолдарыңызға қағаз, фломастер, түсті қағаздарды алыңыз да іске кірісіңіз. Бес минут уақыт беріледі. 2 кезең. Берілген уақыт біткеннен кейін салынған үйлер тақтаға ілінуі керек. Топ мүшелері өз үйлерінің толеранттыларға арналғанын қорғап шығады.