Кері қайтару стиль— ата-аналар өздерінің ашық немесе жасырын іс-әрекеттерімен баланы қабылдамауын көрсетеді. Мысалы, ата-ананың баланың дүниеге келуін немесе қыз бала болғанын қалап, ұл баланың дүниеге келуін қаламауы. Бала басынан бастап ата-ананың қалауына сәйкес келмейді. Кей жағдайда бала ата-ананың қалауымен дүниеге келіп, оны мұқият қарап, оны бағып-қағады, бірақ та оның ата-анасымен рухани байланысы жоқ. Мұндай отбасындағы балалар агрессивті немесе, тұйық, жасқаншақ, ренжігіш болып келеді. Мұндай қабылдамаушылық балада наразылық сезімін тудырады. Оның әсіресе үлкендермен қарым- қатынастағы мінез-құлқында тұрақсыздық, негативтілік байқалады.