8 тапсырма Тақырыбы: Отбасындағы қарым-қатынас стилдеріне сипаттама беру. Жоспары: І. Кіріспе бөлім



бет3/8
Дата24.01.2022
өлшемі23,9 Kb.
#24285
1   2   3   4   5   6   7   8
Авторитарлық стиль — балалар мен ата-ана арасында қарым-қатынас мүлде жоқ, оны қатал тәртіп пен ережелер алмастырады. Ата-аналар көбінесе бұйрық беріп, оның нақты орындалатынына, талқыланбайтынына сенімді болады. Мұндай отбасыларда балалардың оқшау, тұйық, қорқақ, жалтақ болатыны заңды. Бойжеткен шаққа дейін қыз балалар әдетте пассивті және бағынышты болып өседі. Ұл балалар керісінше, басқаруға келмейтін агрессивті, шектеу қоятын талаптарға бірден қарсы шығатын қызу қанды болып өседі.

  • Либералды стиль — балалармен қарым-қатынастағы ашықтық. Ата-аналар балалардың іс- әрекетіне тиым салмайды десек те болады. Ата-ана тарапынан аздаған басқару жүргізіліп, балаларға толық еркіндік берілген. Ешқандай шектеу қоймау құлықсыздық пен агрессивтілікке алып келеді, балалар адамдардың көзінше өздерін көбінесе дұрыс ұстамайды, өздерінің қабілетсіздіктерін алға тартып, импульсивті болып келеді. Отбасындағы жағдай жақсы болса, мұндай отбасында тәрбиеленген балалар белсенді, сенімді шығармашыл тұлға болып өседі. Егер де жасалған бассыздыққа ата-ана тарапынан ашық түрде қарсылық болса, баланың ең бұзық ойларын жүзеге асыруына ешнәрсе кедергі болмайды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет