Отбасындағы қарым-қатынас стилдері: Демократиялық стиль.
Бақылаушы стиль.
Авторитарлық стиль.
Либералдық стиль.
Кері қайтару стилі.
Индифферентті стиль.
Гиперсоциалды стиль.
Эгоцентрикалық стиль.
Беделдік стиль.
Отбасы тәрбие стилінің бала дамуына әсері әлеуметтік қауіпсіздік немесе қорғансыздық сезімі, мейірімділік немесе қатыгездік, гиперактивтілік және т.б. болуы мүмкін.
Демократиялық стиль – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынаста вербалды қатынастың жоғары болуы; баланың отбасылық мәселелерге араласып, өз ойын білдіруі мен оны үлкендердің ескеруі; қажет болған жағдайда ата-ананың көмекке келуге дайын болуы және баланың өз бетімен жетістікке жететіндігіне деген сенім; баланы қарастырған кезде, өзіндік субъективтілікті шектеу. Демократиялық стильдегі отбасында тәрбиеленген балалар көшбасшылыққа деген қабілеттілік пен агрессивтілік, басқа балаларды бақылауға деген құштарлықпен сипатталады, бірақ ол балалардың өздері сырттай бақылауға әрең көнеді. Ол балалар дене дамуы тұрғысынан жақсы дамыған және өз қатарластарымен тез тіл табысып кететіндігімен ерекшеленеді.
Бақылаушы стиль – баланың іс-қимылына шектеу қою; балаға шектеу сөзінің мағынасын айқындап түсіндіру; тәртіп мәселесі бойынша ата-ана мен бала арасында келіспеушіліктің болмауы. Тәрбиенің бақылаушы стилі түрінде балалар тәртіпті, ұғымтал, қорқақ, өз мақсаттарына жетуде табандылық көрсетпейді, агрессивті емес. Тәрбиенің аралас түрінде балалар ұғымтал, тәртіпті, эмоционалды сезімталдық, агрессивті емес, жаңа нәрсені білуге деген қызығушылықтың болмауы, ойлаудың бірегейлігі, ой ұшқырлығының жұтаңдығы.