Беделдік стиль — баланың үйлесімді тұлғасын дамытудағы ең тиімді, әрі жақсы тәрбиелеу стилі. Ата-аналар балаларының өсіп келе жатқан дербестігін қабылдап, қолдайды. Белгіленген тәртіп бойынша балалармен ашық түрде өздерінің талаптарын талқылайды, шешімдерін саналы деңгейге дейін өзгерте алады. Мұндай отбасындағы балалар өте жақсы бейімделген, өздеріне сенімді, оларда өзін- өзі бақылауы және әлеуметтік дағдылары қалыптасқан, олар мектепте жақсы оқиды және өз-өздерін жоғары бағалайды. Қарастырылған ата-аналық қарым-қатынас түрлері баланың әлеуметтік бейімделуіне көп ықпал етеді.
Отбасында балалармен бірігіп жұмыс жасау керек, ол махаббат, құрмет және отбасының басқа мүшелері сияқты оларға деген талаптармен теңестірілуі керек. Әр отбасында өзіндік отбасылық дәстүрлер болуы керек. Отбасы, басқа әлеуметтік институттар сияқты, дәстүрлерді жасап шығару арқылы, нақты іс- әрекет үлгілерін қайталай отыра өмір сүреді, оларсыз отбасының өзіндік дамуы мүмкін емес.
Отбасының әртүрлі саладағы іс-әрекеті үлгілердің түрлерімен сәйкестендіру арқылы жасалады, олар жаңа жас отбасылардың дүниеге келуімен жаңарып, жаңа отбасын жасау арқылы реттеліп отырады: ерлі- зайыптылар, ата-аналар арасындағы қарым-қатынас, үй шаруашылығын жүргізу, бос уақытты өткізу және т.б. Әр отбасының өзі және оның құндылықтары мәдениеттің пайда болуына жеткізетіндіктен, онда кез-келген материалдық және рухани іс-әрекеттің үлгісі отбасылық дәстүрдің пайда болуына негіз бола алады. Дәстүр – нақты жағдайларда белгілі бір іс- әрекеттердің дәл көрсетілуі.
Дәстүрлер осы немесе басқа отбасылық қарым-қатынастардың буындарын тұрақтандырып, оларды жаңа ұрпақтардың өміріне енгізеді. Мысалы, балаларды бағып күту, қоғамдық орында өзін-өзі ұстау, қонақты қабылдау, отбасылық шығын мен кіріс кітабын жүргізу тәртібі және т.б. дәстүрлер. Дәстүрлер өзіндік мағынаға ие, бірақ үлгі формасында көрсетілмейді. Дәстүрлер не істеуге болады және не істеуге болмайтынын ғана көрсетеді, қандай болу керектігін нұсқамайды. Дәстүрдің негізі – дәстүрлі қылықтардың мәнін анықтайтын отбасы құндылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |