Индифферентті стиль — ата-аналар балаларға ешқандай шектеу қоймайды, оларға немқұрайлылықпен қарайды, қарым-қатынасқа түспейді. Көбінесе олардың өз мәселелерімен бастары қатып, балаларын тәрбиелеуге уақыты болмайды. Егер ата-ананың немқұрайлылығы өшпенділікке үйлессе, бала бейсоциалды қылықтарға бейімділік танытуы мүмкін.
Гиперсоциалды стиль — ата-аналар «үлгілі» тәрбиелеуде барлық нұсқауларды тәптіштеп орындауға ұмтылады. Мұндай отбасындағы балалар өте тәрбиелі және ұқыпты болып келеді. Олар үнемі өздерінің эмоцияларын және қалауларын тежеуге мәжбүр болады. Осындай тәрбиелеу нәтижесі қатты қарсылыққа, баланың өзін агрессивті ұстауына, кейде аутоагрессияға алып келеді.