№86 (8494) 5 қараша, сенбі, 2016 жыл



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата19.01.2017
өлшемі3,89 Mb.
#2254
1   2   3   4

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ           

Бейнет түбі – зейнет

КОМБАЙНШЫ, ТРАКТОРШЫ, 

КІТАПХАНАШЫ ӘЙЕЛ

шыдам  мен  еңбек,  бәрін  де  жеңбек.  бұл  көпке  танымал  тұлға,  еңбегімен  еленген  рахима 

досжанованың өмірлік ұстанымы. қаршадайынан қара жұмысқа бейімделіп өскен жан қарт ана-

сына қолғанат болып, еңбекпен ерте есейген. «жамбыл» атындағы совхозда жұмысшы болып, ер 

кісілермен қатар еңбек етіп, несібесін маңдай термен тапты. одан соң ауыл кітапханасында қызмет 

етіп,  қоғалыкөлдіктердің  білім  кілтіне  деген  құлшынысын  арттырды.  енді  міне,  талай  жылғы 

бейнеттің зейнетін көрмек.  

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы жаңа көшенің 

атын  беру  адалдықты,  адамгершілікті  серік  еткен  жанның  өмір  жо-

лымен  ұштасатынын  атап  көрсетті.  Әрқашан  жаңашыл,  бастама-

шыл  ұйымдастырушының  есімі  жаңа  көшеге  берілуі  сәйкестік  және 

үлкен  істерге,  нәтижелі  жұмыстарға  ұмтылатын  жанға  берілетін  көше 

аудандағы үлкен жолдың бойынан бастау алғаны сабақтастық екендігін 

тілге тиек етті. 

Құттықтау  сөздерден  соң  құрметті  қонақтар  соғыс  және  еңбек 

ардагері  А.Бисенов  атындағы  көше  тақтасының  салтанатты  ашылуына 

куә болды. Мұнан кейінгі еске алу шарасы өзі басқарған Н.Ілиясов ауы-

лында жалғасын тапты.

Сыр  өңірінің  біртуар  перзентін  еске  алуға  арналған  «Еңбегің  ел 

есінде»  атты  шара  «Нар  тұлға»  деректі  фильмімен  басталды.  Онда 

ауыл  шаруашылығы  саласы  білгірінің  өмір  жолы,  даналығы,  еңбектегі 

даралығы өрнектелген.

Саналы  ғұмырында  халық  үшін  еңбек  еткен  Алдаберген  Бисе-

нов 1926 жылы Жалағаш ауданы Аққұм ауылында дүние есігін ашқан. 

Оның  жастық  шағы  дүрбелеңі  көп  қиыншылық  кезеңмен  тұспа-тұс 

келіпті.  Ол  жастайынан  ұжымдастыру,  ашаршылық,  жаппай  қуғын-

сүргін  кезеңдерін  бастан  өткереді.  Қиыншылықтың  кермек  дәмін  та-

тып,  еңбекпен  ерте  есейген.  Ел  басына  қатер  төнгенде  қолына  қару 

алып,  жаумен  шайқасқан.  А.Бисенов  1944  жылы  қан  майданға  атта-

нып, Ұлы Жеңісті Германияда қарсы алған. Соғыстан кейін 6 жыл әскер 

қатарында болып, өз міндетін абыроймен атқарады. 1951 жылы елге ора-

лып, 1953 жылға дейін Қызылорда қаласындағы ауыл шаруашылығы тех-

никумында оқып, «Техник-механик» мамандығын игеріп шығады. Осы-

дан  кейін  оның  еңбек  жолы  басталды.  Әуелі  Жалағаш  ауданындағы 

Мәдениет  МТС-да  механик  болып  жұмыс  жасады.  Мұнан  соң  Еңбек 

колхозында  бас  инженер,  Жаңаталап  кеңшарында  басқарма  басшысы, 

кейіннен  директоры  болып  тағайындалды.  Жаңа  басшы  іскерлігімен, 

бастамашылдығымен ел мерейін асырды. Егін, мал шаруашылығы бой-

ынша  кеңшарды  көпке  танытты.  Ел-халықтың  әлеуетін  арттырудағы 

жанқиярлық  еңбегі  үшін  сегізінші  бесжылдықтың  қорытындысы  бой-

ынша  1971  жылдың  8  сәуірінде  КСРО  Жоғары  кеңесі  Президиумының 

Жарлығымен А.Бисеновке «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілген.  

1970 жылдары облысқа жақын шаруашылықты үлгілі кеңшарға айнал-

дыру мәселесі тұрды. Оған қолайлы Тереңөзек ауданындағы Қазақ ССР-

нің 50 жылдығы атындағы шаруашылық болатын. Шаруашылықты үлгілі 

етіп, республика деңгейіне көтеруге іскер басшы, білікті ұйымдастырушы 

қажет екені белгілі. Таңдау Социалистік Еңбек Ері атағын алған Алдабер-

ген Бисеновке түскен. 

1972  жылы  ізгілікті  мұрат  еткен  басшы  шаруашылық  директо-

ры  болып  барған.  Сол  шаруашылықты  17  жылдай  басқарып,  елді-

мекеннің көркеюіне зор үлес қосты, кеңшар белді ауылдардың бірі атан-

ды. Шаруашылыққа басшылық еткен  жылдары мал басы 4  мыңға  жет-

кен.  Олардың  әрқайсысынан  жылына  3800  литр  сүт  өндірілді  және 

сүт  өндірісінде  автоматтандырылған  жүйе  алғаш  қолға  алынған.  Егін 

шаруашылығында  да  мол  табысқа  қол  жеткізілген.  Егілген  өнімнің  әр 

гектарынан 50 центнерге дейін өнім алып, нәтиже сол кездегі республи-

ка көлеміндегі үлкен көрсеткішке айналды. Ауылдағы мәдениет үйі, мек-

теп жұмыстарына да араласып, мәдениет пен білім деңгейінің көтерілуіне 

өзіндік үлесі бар. 

1976 жылы Қазақстан Коммунистер партиясы Орталық комитетінің 

бірінші хатшысы Д.Қонаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен кел-

генде шаруашылықта болып, ауыл тіршілігімен танысады. Бірінші басшы 

іргелі шаруашылықтың ілкімді істеріне қанық болып, өзінің ризалығын 

білдірген.  Іскер  басшының  үйлесімді  жұмысын  көпке  үлгі  ету  керек. 

Сол  жылы  өз  ісінің  білгірі  Қазақстан  Коммунистік  партиясы  Орталық 

комитетінің  ХІV  съезіне  делегат  ретінде  қатысып,  ауыл  шаруашылығы 

саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Мінберде сөз сөйлеп, өз ойын ортаға 

салған. 


Өмірі  халыққа  қалтқысыз  қызмет  етуге  арнаған  А.Бисенов  аталған 

кеңшарды  1988  жылға  дейін  басқарып,  зейнет  демалысына  шыққан. 

Дербес  зейнеткер  ел  ағасы  атанып,  өзінен  кейінгілерге  үлгі  бола  білді. 

Туралықты  ту  еткен  тұлға  Құдай  қосқан  жары  Зүбәйрамен  бірге  9  ұл-

қыз өсіріп, жетілдірді. Әкелік ақылын айтып, адамгершілікке, адалдыққа 

тәрбиеледі. Бүгінде олар ел үшін еңбек етіп, әке жолын жалғап жүр. 

Халықтың  тұрмыс  деңгейін  көтеріп,  ауыл  шаруашылығы  сала-

сында  нәтижелі  еңбек  еткен  Алдаберген  Бисенов  Социалистік  Еңбек 

Ері  атағымен  бірге  «КСРО  жетістіктері  көрмесінің»  алтын  және  күміс 

жүлдегері, І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Ленин», «Октябрь революция-

сы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Есімі Қазақстанның 

«Алтын құрмет» кітабына жазылған. Өзі туып-өскен ауылдағы №38 орта 

мектепке есімі берілген. Сырдария, Жалағаш аудандарында көше аттары 

нар тұлғаның атымен аталады. Өнегелі өмірі жайлы кітаптар да жарық 

көрген. 

Ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы А.Бисеновтың 

90  жылдығына  орай  еске  алуға  арналған  шарада  облыстық  ауыл 

шаруашылығы  басқармасының  басшысы  Б.Жаханов  құттықтау  сөз 

сөйлеп, дара тұлғаның сара жолы өскелең ұрпаққа өнеге екенін жеткізді. 

Сондай-ақ,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  С.Далдабаев,  «Сырда-

рия  ауданының  Құрметті  азаматы»  А.Бақтиярова,  Н.Ілиясов  ауылдық 

ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  Т.Жұмабекұлы  естеліктерін  айтып, 

ұйымдастырушыларға  алғыстарын  білдірді.  Еске  алу  шарасының  ба-

рысында  айтыскер  ақын  З.Ибадуллаев  және  жасұландықтар  арнау 

өлеңдерін  оқыды,  аудандық  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімінің 

ұйымдастырумен өткен соғыс және еңбек ардагерін еске алуға арналған 

спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды.     

Шара соңында ұрпақтары әке рухына тағзым етіп, ас берді.



Е.БЕРКІНБАЕВ     

ІСКЕР БАСШЫ, НАР 

ТҰЛҒАҒА 

КӨШЕ АТЫ БЕРІЛДІ

Өз 

жұмысына 



тиянақтылықпен, 

жауапкершілікпен 

қарайтын 

Жұмагүл 


Құлназарқызын  әріптестері  зор  құрметпен 

сыйлайды.  Оқушыларға  сабақ  беру  бары-

сында  «Модульдік  оқыту»  технологиясын 

басшылыққа  алатын  Ж.Нұрымова  «Оқушы 

жетістігі  –  мұғалім  еңбегінің  көрсеткіші» 

дейді.


–  №131  орта  мектепте  1994  жылдан 

бас тап  еңбек  етемін.    Жүздеген  шәкіртім 

білім  жарыстарында  оза  шапты.  Облыста 

үздік  көрсеткіштерге  қол  жеткізіп,  жыл  сай-

ын  республикалық  пән  олимпиадаларында 

абырой  тұғырынан  көрініп  келеміз.  Жалпы 

алғанда шәкірттің қандай да болмасын белесті 

бағындыруы  ұстаз  үшін  теңдессіз  бақыт. 

Мен әрбір шәкіртімнің жетістігіне қуанамын, 

олардың  білімге  ұмтылысынан  жұмысыма 

тың  серпін  аламын,-  дейді  Ж.Нұрымова  өз 

сөзінде.


Иә,  бұл  саналы  ғұмырын  білім  саласы-

на  арнаған  жанның  пайымды  пікірі,  орам-

ды ойы іспетті. Ендігі кезекте ұлағатты ұстаз 

еңбегін  айшықтайтын  жетістіктерге  тоқтала 

кетсек.  2014-2015  оқу  жылында  Қызылорда 

облыстық білім басқармасының ұйытқы болу-

ымен  математика  пәні  мұғалімдерінің  сайы-

сы өтті. Аталмыш білім бәсекесінің аудандық 

кезеңінде І орын иемденіп, облыстық жарысқа 

жолдама  алған  Ж.Нұрымова  өзінің  білікті 

ұстаз  екенін  толық  дәлелдей  алды.  Айтулы 

облыстық жарыстың қорытынды нәтижесінде 

ұстаз  жүлделі  ІІІ  орынды  қанжығасына  бай-

лап,  арнайы  сертификатпен  марапатта-

лып,  облыс  әкімі  Қ.Е.Көшербаевтың  250 

000  теңге  сыйақысын  жеңіп  алды.  Мұнан 

бөлек,  математик  мұғалімнің  әдістемелік 

сабағы  «Қазақстан-Қызылорда»  телеарнасы-

нан көрсетіліп, әдістемелік жинақтары облыс 

көлеміндегі  білім  ордаларына  таратылған. 

«Үздік математика пәні мұғалімі» сайысында 

бірнеше мәрте бас жүлде иелегенген жанның 

шәкірттері  де  осал  емес.  Мәселен,  ұстаз 

тәлімін зердесіне тоқыған Әйгерім Ақназарова 

математика пәні бойынша өткен халықаралық 

олимпиада  жеңімпазы  атанса,  Гүлзира  Ба-

тишова  «Кенгуру»  сайысында  І  орын  иелен-

ген. Сонымен бірге, «Дарын» ғылыми конкур-

сы мен «Ақбота» интелектуалдық сайысында 

жеңімпаз атанған шәкірттері көп.

Бүгінде №131 орта мектеп директорының 

оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  қызметін  абы-

роймен  атқарып  жүрген  Ж.Нұрымова  ҚР 

Білім  және  ғылым  министрлігінің  Құрмет 

Грамотасымен,  облыс,  аудан  әкімдерінің 

облыстық  білім  басқармасының,  аудандық 

білім  бөлімінің  Алғыс  хаттарымен  бірнеше 

мәрте  марапатталған.  Бедел  биігіндегі  білім 

ордасының белді мұғалімі алдағы уақытта да 

білім  беру  саласының  дамуына  үлесін  қоса 

бермек.  Ұжымда  сыйлы,  отбасында  ардақты 

ана,  асыл  жар  Жұмакүл  Құлназарқызының 

өнегелі өмірі көпке үлгі деп білеміз.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ

ОзыҚ ОЙлы ҰСТаз



30  жылға  жуық  мектеп  оқушыларына  математика  пәнінің  қыр-сырын 

үйретіп, өзі ісінің білікті маманы атанған ұлағатты ұстаздардың бірі жұмагүл 

нұрымова. математик мұғалім облыс бойынша өз саласы негізінде ең үздік 

жетістіктерге жеткен жоғары санатты ұстаз. күрмеуі қиын есептердің әп сәтте 

шешімін тауып, көпке үлгі болып жүрген ол бір сөзбен айтқанда математикаға 

жан-тәнімен берілген десек артық айтқандық емес.

Облыстық көрме байқау

3

№86 (8494) 5 қараша, 2016 жыл

Алашымыздың  арыстары  айқын  аңдатқандай,  егер  ерім 

дейтін  елі  болмаса,  елім  дейтін  ер  қайдан  шықпақ?  Бұл 

тұрғыдан  келгенде,    біздің  Қазақ  елінің  Тәуелсіздік  таңының 

атуымен  бірге  тарихтағы  ақтаңдақтарымыздың  орны  то-

лып, өткен дәуірлерде өнегелі өмір сүріп, халқына қалтқысыз 

қызмет  қылған  баһадүр  бабалардың  ерен  еңбектері  еленіп, 

өлгеніміз  тіріліп,  өшкеніміз  қайта  жанғандай  келісімді 

керімсал  күй  кешіп  жатқанымызға  шүкіршілік  еткендейміз. 

Егемендігіміздің  биылғы  25  жылдық  мерейтойы  қарсаңыда 

өңіріміздің  және  Астана,  Алматы  қалаларының  бір  топ 

ғалымдары мен қаламгерлері облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың 

атына  осы  мазмұндас  арнайы  хат  жолдап,  өтініш  білдірген 

болатын. Онда Сыр бойының орта және төменгі ағысын ХІХ 

ғасырдың алғашқы жартысында Қоқан, Хиуа хандықтары ба-

сып  алып  билеген,  Ресей  отарлаушыларының  батыстағы, 

Арқадағы қазақ жерлерін жаулап, тажалдай төніп келе жатқан 

қатерлі, қиын кезеңде халқына аға да, пана да, көптің қамын 

ойлаған дана да болған Тұрсынбай би, датқа сынды қаһарман 

қайраткерді  ел  есінде  қалдырып,  ұлықтаудың  қажеттілігі 

хақында сөз қозғалған еді.

Ұсыныс  жауапсыз  қалмады,  тиісті  лауазымды  тұлғалар 

мен  идеология,  ғылым,  мәдениет  салаларына  көтерілген 

тақырып бойынша нақтылы жүктемелер, өтінімдер жолдаудың 

нәтижесінде көптен күтілген ілкімді іс жанданып жүре берді. 

Ең алдымен облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Руханият-

ты қолдау» қоғамдық қоры «Тұрсынбай датқа» (тарихи-деректі 

хикаяттар) атты кітап бойынша танымдық конференция өткізуі 

осы айдың 4 жұлдызына жоспарлап отыр. Онда республикалық 

және  Қорқыт  ата  атындағы  ҚМУ  ғалымдары,  зерттеушілер, 

жазушы-журналистер  баяндамалар  жасап,  сөз  сөйлейді  деп 

күтілуде.

Жалпы біздің жергілікті «Полиграфия Баспа үйі» баспасы-

нан жарық көрген бұл тұжырымды жинақ Тұрсынбай датқаның 

өмір  жолын  зерттеп  жазылған  тұңғыш,  үлкен,  ауқымды  әрі 

құнды  дүние  болып  табылады.  Мұнда  Тұрсынбай  би  тура-

лы мұрағаттық һәм мұражайлық тарихи зерттеу жазбалармен 

әдебиеттер,  өзге  де  деректермен  толықтырылып,  тақырыпқа 

сай қайта мазмұндалып жазылған. Елеулі еңбекте би бабаның 

ел аузындағы айтылып жүрген аңыз әнгімелер, көркем әдеби 

және  ғылыми  шығармаларда  ішінара  қамтылған  жәйттер 

(Ә.Қоңыратбаев, Н.Назарбаев, О.Сәрсенбай), әр дәуірде баспа 

және баспасөз бетінде жарияланған мақалалар (Ш.Уәлиханов, 

Г.Потанин,  Қ.Қоңыратбаев,  Ә.Бәкір,  Д.Дайрабай,  М.Әміреев, 

Қ.Маханбет,  т.б.)  негізінде  қайраткерлік  қызметі  көрініс  тау-

ып, тұғырлы тұлғаның бейнесі айшықтала түскен. Енді аз-кем 

кітап кейіпкерінің өмірлік баянына кезек берелік.

...Тұрсынбай  Бүркітбайұлы  ХІХ-ғасырда  Сыр  бойының 

орта ағысында өмір сүрген, дарабоз қарым-қабілетімен, ақыл-

ойының  сұңғылалығымен,  қайтпас  қайсар  өр  мінезімен  және 

басшылық  дарынымен  көпке  танымал  болған  қайраткер.  Ай-

тулы  тұлға  1798  жылы  қазіргі  Шиелі,  Сырдария  аудандары-

на қарасты  Ботабай, Тартоғай аумағында дүние есігін ашқан. 

Ата-анасы  қазақтың  кәдуілгі  мал  баққан  қарапайым  шаруа 

адамдары  болған.  Жаратылысынан  еті  тірі,  ширақ,  пайым-

парасаты мен табиғи күш-қуаты ерен, сөзге жүйрік жас жігіт өз 

қатарынан оқ бойы озған азаматтық белсенділігімен ерте көзге 

түседі.  Тым-ақ  балаң  кезінде  басқыншы  Қоқан  хандығының 

билеуші  элитасының  сеніміне  кіріп,  сұлтандардың  санатына 

қосылып, сол мемлекеттегі төртінші жоғарғы билік лауазымы 

– датқа атағын алады. 

Ал, біздің қазақ қоғамы оны би сыпатында таниды. Өзінің 

өмірлік  белсенді  қайраткерлік  қызметімен,  жаратылысы-

нан  дара  туған  өр  мінезі,  ақыл-ойының  жүйріктігімен,  үздік 

шешендік үлгісімен және әділдігімен, мәмілегерлік қалпымен 

танылған  Тұрсынбай  Бүркітбайұлы  біздің  қазақ  қоғамының 

бір  ауызды  ортақ  ұйғарымымен  мәртебелі  би  атағын  алады. 

Бұл ханның жарлығымен немесе үлкен ұлықтың бұйрығымен 

берілетін  шенді  лауазым  емес-ті.  Сайланбалы  ресми  қызмет, 

атақ,  дәреже  де  емес.  Бұл  Құдайдың  бір  аты  –  халықтың 

өзінің  соған  лайықты  тұлғаға  қабілет-қарымына,  ой-өресінің 

биіктігіне,  өмірді  сана  көзімен  оқып  білетін  және  сөз  өнерін 

жете меңгерген қасиетіне қарай жалпы бұқараның  мойындау-

ымен ғана арнайы бағышталатын ең жоғарғы атақ, танымалдық 

болатын. 

Кейіннен  Ақмешітті  жаулап  алған  әлеуетті  Ресейдің 

Александр ІІ патшасы 1859 жылы біздің қазақ ұлтының  сол 

тұстағы бетке ұстар бір шоқ зайырлы,  жақсы жайсаңдарымен 

бірге  империя  астанасы  Петерборға  өзінің  жеке  салтанат-

ты  қабылдауына  шақырып,  зауряд-хорунжий  (жорықтағы 

офицерлік шен) атағымен бірге иыққа тағатын Станислав лен-

тасымен марапаттаған. 

Оңтүстік қазақ жерін әуелде Қоқан, Хиуа хандықтары ба-

сып алып, соңынан орыс отарлаушылары толайымен өздеріне 

қаратқан  қиын-қыстау,  тағдыр-талайымыз  таразы  басы-

на  түскен  аласапыран  кез  еді  бұл.  Өз  жерімізді  өзіміз  би-

леу  құқығынан  айырылып,  жеке  дара  хандық  билігіміз 

әлдеқашан  жойылған.  Мұны  сыртқы  басқыншы,  отарлаушы 

озбыр  да  өктем  күштердің  ықпалынан  орын  алды  десек  те, 

бұған  сол  кездегі  қазақ  қоғамының  өз  ішінде  ынтымағының 

ыдырауының,  алауыздықтың,  бытыраңқылық  салдарының  да 

салқыны тигендігі де шындықтың ауылынан алыс емес.

Кең дүниені тарының тар қауызына сыйғызып, жер жахан-

ды  әлемтапырық  қылған  дүлей  дауылда  таудай  толқындары 

тулаған  алапат  мұхит  айдынына  басшысыз,  басқарусыз 

шыққан  шарасыз  қаңғалақ  кемедей  ғаріптің  күйін  кешкенбіз. 

Осынау тар жол, тайғақ кешулі қатерлі шақта ел ерге қарады, 

намысшыл,  қанына  қызған  атпал  азаматтарының  қауқарына, 

қабілетіне, қаһармандық қарымына үміт артты, сенді, соларға 

арқа  сүйеді.  Міне,  осы  екіталай  дүрбелең  сәтте  қалың  елі, 

қазағы – қайран жұртына қамқор болған өр тұлғалар тарих сах-

насына белсеніп шықты. Солардың бірі – Тұрсынбай датқа, би. 

Елі  үшін  туған  есіл  ер  тұтастай  жарты  ғасырға  жуық  ат 

үстінен түспей, күллі саналы ғұмырын жұртының амандығын, 

іргесінің  бүтіндігін,  тыныштығын  және  жерінің  тұтастығын 

сақтауға  аяусыз  сарп  етеді.  Қаскөй  қоқандықтармен,  озбыр 

орыс  отаршылдарымен  айла-шарғы,  өре  таластырып,  ер 

қайратын  да,  мәмілегершілік  мәулетін  де  ептілікпен  еңсере 

жұмсап,  халқы  үшін  қайтпас  қабыландай  арпалысып  бағады. 

Ауыртпалығы  мол  сынақ,  сындарлы  жолда  алуан  қырлы 

соқтықпалы  соқпақты  сораптар  мен  қауіпті  өткелдерден 

өтіп,  қыл  аяғында  қас  дұшпанның  сұрқиялығынан  қайғылы 

қазаға  ұшырайды.  Бұл  1863  жыл  болатын.  Асыл  арыстың 

сүйегі қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне 

қойылған.  Бүгінде  Әзірет  Сұлтан  мемлекеттік  тарихи-

мәдени қорық мұражайының осы кесенеде жерленген тарихи 

тұлғалардың  тізімінде  қыпшақ  Тұрсынбай  датқаның  есімі  де 

енгізіліп тұр.

Біздің білетініміз, Тұрсынбай датқа Қоқан ханы және оның 

Ташкендегі беклербегі, мынау Түркістандағы бегімен де қарым-

қатынасының  көбіне-көп  оң  сипатта,  мүмкін  болғанынша 

өзара  силастықта  қалыптасуының  арқасында  датқаның  қол 

астындағы  елі  шапқыншылықтан,  шеннен  шыққан  қорлық-

зорлықтан аулақ болып, жұрты тыншулы тіршілік кешкен.

Тұрсынбай би, датқа, орыс билігіндегі зауряд-хорунжий ла-

уазым – шенінде де тиісті деңгейінде туған елінің амандығын, 

тыныштығын,  шаруашылығын  қорғап,  ауыртпалығын 

жеңілдетуге  бар  ғұмырын  арнаған.  Қарадан  шығып  хан 

болғандай  бұл  жаратылысы  ерекше  жан  расында  қара 

шекпенді,  қарапайым  шаруа  табынан  тамыр  тартып,  үздіксіз 

үрдісті үдерістер үдесінде үлкен  мемлекеттік істерге араласты. 

Жатжұрттықтардың өздері сан мәрте мойындағандай, бұл рет-

те ол түрлі ақыл-ой жемісінің жетістіктерін, амалдарды, айла-

ны, мәмілегерлік  тәсілдерді шебер қолдана білді. Қарауындағы 

жұртына  барынша  қайырымдылық  көрсетіп,  алыс-жақынды 

болжай  білген  Тұрсынбай  атамыздың  өз  аумағындағы 

ауылдардың ауқатты, бейбіт, тыныш өмір сүруін қамтамасыз 

ете алғандығын сол кездегі Ресей шенеуніктерінің ресми хатта-

ры айғақтайды. (мұрағаттық дәйектеме материалдар бар)

Бұдан  бөлек,  қазақтың  соңғы  ханы  Кенесарының  жан 

жақтан қыспаққа ұшырағанда ашу-ызамен Сыр бойының өзіне 

көмектеспеген  20  ауылын  тонауға  душар  еткені  белгілі.  Ал 

осы орайда тапқырлық танытқан Тұрсынбай датқа әріптестері 

Бала  би,  Досбол  шешен,  Торғай  датқалармен  бірге  Кене 

ханның алдынан өтіп, 50 бас жылқыны сыйға тартып, өзге де 

көмегін көрсетіп, оның есесіне жанды да, малды да аман алып 

қалғандығы өз алдына бір бөлек ерлік. 

Тұрсынбай датқа ауыр тұрмыс тауқыметінен теперіш көріп, 

Арқадан ауа көшіп келген 60 үй арғын ағайынға Сыр өңірінің 

Ақмешіт төңірегінен жер телімін бөліп беріп, ашаршылықтан 

аман сақтап қалғаны үлкен азаматтықтың айқын айғағы. Қазір 

олардың ұрпақтары осынау құтты қонысты тұрақты атажұртқа 

айналдырып, өркен жайып, өсіп өніп отыр. 

Иә, жақсыда жаттық жоқ деген. Тұрсынбай би өз заманын-

да биік саялы бәйтеректей  көп адамдарға көлеңкесін түсірген. 

Мәселен, ол кіші жүздің Бекбау атты жігітін жаугершілікте жа-

раланып қарауына келген тұста қамқорлығына алып, баласын-

дай  көріп,  жанашырлық  танытады.  Сандыбай  деген  қыпшақ 

биінің  Ақмаңдай  есімді  қызын  құда  түсіп  алып  беріп,  өз 

қолымен үй қылып қондырады. Кейіннен еншісін бөліп беріп 

еліне қайтарады. Міне, сол Бекбау атадан өрген ұрпақ бүгінде 

бір қауым елге айналып отыр. Оның ішінде бүкіл аймағымызға, 

күллі  елімізге  танымал  Бименді  мен  Қожахмет  Баймаханов 

сынды тұлғалар өсіп шыққан. 

Көзі ашық, көкірегі ояу Тұрсынбай би қарауындағы халқын 

ілім,  білімге  баулып,  имандылыққа  ұйытуды  мақсат  тұтқан. 

Бұл ретте 300 шәкірт дәріс алатын медресе салдырып,  мешіт 

үйін тұрғызған. Жасампаз тұлғаның өзге де өзекті қайраткерлік 

қызметі тереңдеп зерттей түсуді қажет етеді. Аталған бағытта 

алғашқы құптарлық қадамдардың жасала бастағаны қуантады.         

Иә, елағасы болған, еселі де екпінді еңбегімен артында ізгі 

із,  қандастарының  жадында  игі  жақсы  атын  қалдырған  тари-

хи дара тұлға Т.Бүркітбайұлының ғұмырдерегі еліміз егемендік 

алған кезеңнен зерттеле бастады. Бәрінен де толағай тұлға ту-

ралы  жоғарыда  аталған  жаңа  кітаптың  дүниеге  келуі  атаның 

халқы  үшін  жасаған  қарымды  қызметін  зерттеу  жолындағы 

ізденістердің елеулі белесі, әрі болашақ ізденістердің жолаша-

ры болатындығына сенгіміз келеді.

Әсіресе, бұл ретте жинақта Тұрсынбай би, датқа атамыздың 

өмір  сүрген  дәуірі,  тіршілік  кешкен  ортасы,  сол  замандағы 

саяси-әлеуметтік  жағдайлар,  өз  дәурен  дәргейінде  тағдырлас 

әм  құлықтас,  туыстас  болған  тұлғалар  туралы  дәйттеп 

жазылғандығы  көп  жайттен  хабардар  еткендей.  Басқыншы 

Қоқан  хандары  кімдер,  хандықтың  құрылымдық  билік 

жүйесі  мен  бағынышты  халқының  тұрмысы  қай  сипатта  еді? 

Сарайішілік билік үшін толассыз талас, қырқыстар, соғыс оты 

неліктен,  қалай  өршіді?  Ресей  отарлаушыларының  жүргізген 

саясаты, орыс әскерінің Сыр бойына келуі қай сипатта жүзеге 

асты?  Жалпы  қазақ  жұртының  сол  тұстағы  тыныс  тіршілігі 

қандай  еді?  Міне,  осы  аталған  сыңайлас,  салалас  сауалдарға, 

т.б. тиісті сұрақтарға тұжырымды жауап табуға мейлінше тал-

пыныстар  жасалды.  Сол  арқылы  Тұрсынбай  бабамыздың  да 

қайраткерлік қырлары ашыла түсіп, адамгершілік, азаматтық, 

тұлғалық бейнесі айқындалып, биіктей берген тәрізді.        

Осыдан  соң  тарихи-танымдық  еңбек  біздің  Тұрсынбай 

би,  датқа  бабамыздың  қазіргі  бақуат  ағайын-ақсақалдарының 

айтқан қосымша пікір, ескертпе, қосымшалары ескерілгеннен 

кейін баспа бетін көріп отырғандығы құптарлық. 

Қазақ  өзінің  даңқты  ұлдарын  ұмытпайтын  халық. 

Сондықтан  қайраткер  бабамыздың  есімін  одан  әрі  ұлықтап, 

ілкімді  істерін  індете  зерттеп,  өрелі  өнегесін  насихаттау 

мәселесі күн тәртібінен түспек емес. 

Осы орайда қазіргі таңда облысымызда белсенді шараларды 

жүзеге асырып, туған елі мен жерінің мүддесі үшін асыл басын 

қатерге тігіп, аяулы ғұмырын құрбандыққа шалып, жан аямай 

қызмет еткен Тұрсынбай би бабаның аруағын ұлықтап, өнегелі 

ісін көпке үлгі ету шараларының бастау алғандығы ақжолтай 

жаңалық. Үлгілі үдерісті үрдіс үдей түссе екен дейміз. Қажетті 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көпшілік ат салысатын 

танымдық  жиын,  конференциялар  өткізіліп,  атаның  өмірлік 

өнегесі  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  жұртшылыққа 

кеңінен насихатталып, таныла берсе нұр үстіне нұр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет