№86 (8494) 5 қараша, сенбі, 2016 жыл



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата19.01.2017
өлшемі3,89 Mb.
#2254
1   2   3   4

Қуаныш МАхАНБЕТ,

ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты,

Қазақстанның  Баспа және полиграфия 

ісінің қайраткері.

Біздің баһадүр бабалар

ХАЛҚЫНА ТАС 

ҚАМАЛДАЙ БЕРІК 

ҚОРҒАН


Тұрсынбайдай би,  датқа, батыр болған

                      

Шежірелі Сыр бойы

Бабам мекендеген өлкемсің

Мен үшін ғажап көркемсің

Ежелгі су мен ну елі,-деп жүрек  сы-

рын  шерткен  Сыр  бойындағы    Айдар-

лы  елді-мекенінің    киелі  топырағында 

дүниеге  келген  әкем  М.Нәлібаевтың 

дүниеден  озғанына  міне,  жыл  толып 

отыр.  Перзенттік  жүрегім  «әке»  деп 

соққан мен үшін бұл кісінің алар орны 

ерекше  биік.  Әрине,  әр    перзент  үшін 

дүние есігін ашқанда көз алдына келетін 

зор тұлға Ана мен Әке екені белгілі. Ана 

өмір  сыйласа,  сол  өмірді  барлығымен, 

байлығымен  мәнді  етуге  тынбай  еңбек 

ететін-Әке.  Ана-өмір,  Әке-байлық. 

Әрқашанда  өз  әкемді  басқалардан  биік 

қойған  мен  әлі  күнге  әкемнің  парасат-

ты сөздерін, жүзінің жылылығын аңсап 

тұрамын.


Әкеміз  Нәлібаев  Мәделхан  1933 

жылы Сырдария ауданы «Айдарлы» ау-

ылында  дүниеге  келді.  1950-55  жылда-

ры Ташкенттегі «ТИИИМСХ» суланды-

ру институтын үздік тәмамдаған ол Сыр 

бойына  оралып  алғашқы  еңбек  жолын 

бастайды.Өзінің  жауапкершілігі  мен 

ізденімпаздығы арқасында 1962-66 жыл-

дары Қызылорда су торабы және канал-

дары басқармасының бастығы қызметіне 

тағайындалады.  1966-68  жылдары 

өңірдегі  Сырдария  су  құрылыстарын 

салу-жөндеу  мекемесі  жұмыстарының 

жүйелі  жүргізілуін  ұйымдастырады. 

Әр ісінен өмірлік тәжірибе  жинақтаған 

әкем  өскелең  ұрпақ  үшін  өз  сала-

сы  бойынша  бағалы  дүниелер  жазып 

қалдырды.  «Су-өмір  шежіресі»,    «Су 

туралы  толғаныс»,    «Шежірелі  сыр 

бойы»  еңбектерінің  авторы  атанған 

әкемнің  еңбегі  еленіп  «Халықаралық 

экономикалық  Еуразия  академиясының 

Құрметті академигі» дипломымен мара-

патталды.  Қазақстан  Республикасының 

еңбек сіңірген гидротехнигі, «Сырдария 

ауданының Құрметті азаматы» атағы бар 

асқар таудай әкеміз біз үшін үлгі-өнеге.  

Өз  саласына  деген  жауапкершілігі 

мен  жұмысқа  деген  табандылығының 

арқасында  әкем  әріптестеріне  сыйлы, 

жастарға  үлгі  бола  білді.Әкеміздің  сөзі 

салқындау,  мінезі  салмақты  еді.  Бірақ, 

әкеміздің махаббаты жүзінде тұрмаса да 

жүрегінде, тілінде тұрмаса да тілегінде 

болды. Киелі Қарақұм өңірінде дүниеге 

келіп,  барлық  өмірін  елге  арнап,  елге 

басшылық  жасаған  елінің  құрметті 

азаматы  Т.Дүйсебеков  әкем  жайлы 

«Оқушы  кезінде  салмақты,  тәртіпті 

болған 


Мәделханның 

бойындағы 

салмақтылық  қасиеті  жасы  сексен-

нен  асқанша  сақталып  келеді,  оның 

сөйлеген сөзі де, істеген ісі де салмақты. 

Перзент сыры    

 

СУДА ДА ІЗІН ҚАЛДЫРҒАН

Сендер барда ақ төсінде даламның,

Өзендер де өрге қарай ағады.

Нақ сендердей еңбегі мол адамның,

Жер түгілі суда да ізі қалады.

Мұзафар Әлімбаевтың осы шумақтары менің ардақты 

әкеме арналып айтылғандай. 

БИІК ТҰЛғА

Мәделхан Нәлібаевқа

Айнымаған қарапайым қалпынан,

Ардақты жан сөз ермеген артынан.

Сыр бойының сырбаз биік тұлғасы

Мадақ алған ел жұртынан, халқынан.

Үлкенге ізет, қамқоршы боп кішіге,

Жел боп тиіп көрген емес кісіге.

Республика көлемінде танылған,

Көз сүйсініп, көңіл толған ісіне.

Салмақты сөз, жарасымды күлкісі,

Көз алдында сулы аймақтың түр-түсі.

Табиғатпен тіл табысып, сырласып,

Су жайында музей ашқан бұл кісі.

Суға толды бүгін қырат беліңіз,

Гүлге оранды туған әсем жеріңіз.

Туған елдің азаматы құрметті,

Сексен асып, жүзге аман жетіңіз.



Мұхтар САҚТАпОВ

Бұл  қасиет  Мәделханға  берген  Алланың 

сыйы  деп  білемін»-деп  айтқан  еді. 

Төлеген  ағайды  айтқан  кезде  ол  кісінің 

2012  жылы  киелі  «Айдарлы»  жеріндегі 

менің ұжымым үшін періштелер мекеніне 

айналған  «Нұр  сәби»балабақшасына  ба-

лалар  күні  мерекесінде    қонақ  ретінде 

келгенде  айтқан  мына  сөзі  маған  қанат 

бітірді: «Қызым, мұраптың қызы екеніңді 

дәлелдепсің,бұрын  ешкім  тал  өсіре 

алмаған  жерді  баққа  айналдырыпсың,-

деп  ризашылығын  білдірді.Өзімді  елі 

құрметтейтін  әкеме  балама  ретінде 

бағалаған  осы  сөзді  жасаған  еңбегіме 

берілген ең жоғары марапат деп сезіндім. 

Тапсырылған  жұмысқа  шын  беріліп, 

адалдықпен,  білімділікпен  жұмыс  жа-

сау  нәтижесінде    әкем  зор  құрметке  ие 

болды.  Әкемнің  су  шаруашылығы  тари-

хын баяндайтын, жас ұрпаққа өнеге етіп 

қалдыру мақсатында үлкен мұражай ашу-

да  қосқан  үлесі  зор  деп  білемін.  Әкем 

«Сыр  шежіресі»  мұрағат  мұражайын 

ашқандағы  мақсатын  былай  түсіндіреді: 

«Негізгі  мақсатым-өлкемізде  су-өмір, 

жер-байлық.  Су  мен  жерін,  елін  бірдей 

біліп  тиімділігін  арттырғанда  ғана 

халқымыз  тоқ,  еліміз  бай,  жеріміз  бай, 

келешек  ұрпақтар  дәулетті,  бақытты  бо-

латыны  туралы  жастардың  сана  сезіміне 

ой салып адал еңбекке баулу».  Мұражай  

мұрасының  толуына  өзіндік үлес қосқан 

әкемнің  еңбегі  жөнінде  қоғам  және 

мемлекет  қайраткері    С.Шаухаманов 

«Мұражай–арнайы 

ғылыми 

мекеме 


атқаратын  жұмыс.  Қасиетті  орын  болып 

қалыптасуына  атсалысқан  М.Нәлібаев 

еңбегінің 

нәтижесінде 

қастерлі 

шаңырақтың халыққа, болашаққа қызмет 

ететіні  сөзсіз»  деген  пікірлер  қалдырды. 

Әкем үшін бұл мұражайдың қаншалықты 

құнды екенін, ол төсек тартып жатқанда 

аңғардым.  Өз  тағдырына  мойынсұнып, 

«құрдастарым  қалмады»  деген  ойда 

жатқан әкеме мұражайдың  оқу ғимараты 

болғаны  жайлы  жақсы  жаңалық  жетеді. 

Ол  жаңалықты  естіген  әкемнің  көзі 

ұшқындап,  қолына  қаламын  алып  ақ 

қағазға  «енді  маған  өмір  керек»  деген 

сөздерінен оның көкірегінде әлі де ел үшін 

атқаратын  жұмысы  аяқталмағандығын 

байқадым. Әйел адамның  табынатын екі 

құдіретті  күші бар, ол-Алла мен қосағы-

Ер азаматы. «Әйелге-тірек, еркекке-жүрек 

керек» демекші біз үшін өміріміздің тірегі 

де, жүрегі де әкеміз болды десем,  артық 

айтқандық  емес.  Осыдан    бірнеше  жыл 

бұрын «Айдарлы» ауылында «Нұр сәби» 

балалар бақшасының ашылу салтанатына 

құрметті қонақ боп шақырылған әкемнің 

мына  батасы  көкірегімде  сайрап,  мені 

қанаттандыра түскендей.

Нұрын шашып бір Алла,

Сәбилерді жебесін.

О, ағайын аяла,

Болашақтың егесін.

Тәрбиелейтін бұл сала,

«Нұр сәби» деп білерсің.

Сәбиіңді қолға ала,

Ақ тілекпен келерсің.

Қазақта «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін 

көрген  өлмесін»-деген даналық сөз бар. 

Киелі «Айдарлы» топырағынан нәр алып 

елім, жерім деп өткен қанша жан, қанша 

ғажап тұлғалар бар. Есімдері бұл күндері 

ел аузынан түспеген, өмірге жүз жылда бір 

келер  жайсаң  жандар  қаншама  десеңші. 

Әкем  Мәделханмен  құрдас,  бұл  күндері 

бақилық өмірге аттанған құрдастары жай-

лы айтпай кету мүмкін емес. Бар өмірлерін 

елінің  бірлігіне,  ұрпағының  біліміне, 

денінің  саулығына  арнап  өткен  әкелер 

есімін атамау перзенттігіме сын болар еді. 

«Ашаршылық жылдары дүниеге келіппіз» 

деп өткен әкемнің құрдастары Ы.Торғаев, 

Б.Молдырайымов,  С.Әпсапаев  секілді 

азаматтардың ерен еңбектері әлі күнге ел 

аузында.  Ы.Торғаев  қырық  жылдан  аса 

білім саласында үздік басшылық жасаса, 

Б.Молдырайымов  ауылдың  бесіктегі  ба-

ладан  бастап  еңкейген  қарттарға  дейінгі 

тұрғындардың  сүйікті  дәрігері  бол-

ды.  Егін  шаруашылығын  өркендетудегі 

Сейілхан әкеміздің еңбегі  өзінше бір төбе 

еді.


Иә,  өмір-өзен.  Бір  толқыннан  соң 

екінші  толқын  жағаға  ұрғаны  секілді 

өмірге  біреу  келсе,  екіншісі  келместің 

кемесіне  мініп  кете  барады.  Әкемнің 

өмірден  озғанына  жыл  толу  қарсаңында 

әке  өмірін,  әке  еңбегін  ардақтауды 

перзенттік  парыз  санаған  мен  әлі  де  әке 

алдында  өтелмейтін  парызымның  бар 

екенін білемін және оны өмір бойы өтей 

алмайтыныма  сенімдімін.  Өйткені  Әке-

Алладан  кейінгі  шеберім,  жан  әке-жан 

жүрегім!


Тағдыр деген тым қатал

Құйындай тиер төтеннен

Қай әкенің қарызы

Баласынан өтелген?

Өз әкемнің қарызын

Балама  беріп  өтем  мен-демекші  ша-

рапатты ой ойлау барысында шарапатты 

сөз сөйлей отырып шарапатты іс жасасақ 

Қазақстан пейішке айналып Ұлы даланың 

Мәңгілік Ел болар еді.

Иә,  су  мен  жердің,  елдің  қадірін 

білетін  соңынан  өсіп  келе  жатырған  жас 

ұрпақ  ағалар  ісін  алға  апарып  еліміздің 

мәртебесін  асқақтатып  бірлігі  мен 

берекесі  жарасқан  тәуелсіз  еліміздің 

ұрпағы болуына ат салысып келеді.

Елі сүйген, елін сүйген бар ғұмырын 

халқына  қызмет  етуге  арнаған  абзал 

азаматтардың  рухы  әрқашан  ұрпақтарын 

желеп- жебеп жүргей!



 Жаннат МӘдЕЛхАНҚЫзЫ



Сұрақтар

Жауаптар

1

Ел азаматы ретінде, МӘлМС енгізуден 



мен не аламын?

Біріншіден, ҚР аумағында Сіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмек. Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын толығымен Қор 

өтейді;

Екіншіден,  ТМККК  және  МӘлМС  пакеттері  шеңберінде  қарастырылған  медициналық  көмекке  жұмсалатын  қосымша  төлемдердің  барлық 



түрінен босатыласыз;

Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынатын, құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған дәрілік заттардың тізбесіне 

толық қолжетімділік (Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген);

Төртіншіден,  ӘлМСҚ-да  Сіздің  пайдаңызға  аударылған  салымдар  және  медициналық  ұйымдарда  Сізге  көрсетілген  қызметтер  туралы  ай 

сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі;

Бесіншіден,  сапасыз  қызмет  көрсетілсе  немесе  МӘлМС  қатысушысы  ретінде  менің  құқықтарым  бұзылған  жағдайда  Қор  арқылы  өз 

құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғау.

2

1996-1998 



жылдардағы 

ММСҚ-

ның 

жұмыс 

тәжірибесі 

біздің 

есімізде.  Осындай  жағдай  қазір  де 

қайталанбайтынына кепілдік бар ма

Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген өзгерістердің өз жағымды және жағымсыз жақтары бар.

1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын көзбен ғана қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы жақтары бар.

Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және 

медициналық көмектің барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.

Мысалы,  осындай  мамандандырылған  бағдарламаның  болмауы  балалар  мектепке  дейінгі  мекемелерін  жекешелендіруге  әкеп  соқты,  оның 

салдары осы күнге дейін сезіледі.

Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық шындықтар ағымдағы жағдаймен салыстыруға келмейді.

20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, олардың көбісі банкротқа ұшыраған, 

еңбекақы бойынша үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс жаппай, оның ішінде медициналық сақтандыру қорына төлемеудің негізгі 

себебі болды.

Қордың  жағдайы  экономикалық  белсенді  емес  халық  үшін  тұрақты  аударымдарды  қамтамасыз  етуге  қаратылған  жергілікті  атқарушы 

органдардың да қиын жағдайға тап болғанына байланысты күшейе түсті.

Бүгінгі  таңда  біз  экономикадағы  жұмыспен  қамтудың  елеулі  өсімін  белгілейміз.  Отандық  кәсіпорындарда  6,5  млн-нан  астам  жалданған 

жұмыскерлер еңбек етуде, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына 

Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады. Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-а салымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді мемлекет 

өз мойнына алатынын атап өткен жөн. 

Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.

3

МӘлМС енгізу медициналық 

қызметкерлердің ақшалай 

«ризашылығын» шешуге қалай 

көмектеседі?

Медициналық  қызметкерлердің  ақшалай  «ризашылығы»  немесе  қосымша  бейресми  төлемдердің  негізінде,  бірінші  кезекте,  еңбекке  ақы 

төлеудегі теңгермешілік бар.

Қазір біліктілігі, тәжірибесі, дағдылары мен білімдеріне тәуелсіз бір мамандандырудың дәрігерлері бірдей еңбекақы көлемін алады.

МӘлМС  жағдайында  пациенттердің  өздері  таныған  дәрігер  көрсетілетін  қызметтердің  көлемі  мен  сапасына  сәйкес  (немесе  адекватты)  

еңбекақыға ие болады.

Азаматтар  жарналарды  аудара  отырып,  өзгоспитализацияларын  немесе  емханаға  жүгінуін  төлеп  отыр.  Осыған  байланысты,  жүйенің 

қатысушылары,МӘлМС жүйесі белгілеген жарналардан басқа қосымша төлемдерді жүзеге асырмауға тиіс.

Осылайша, сақтандыру медицинасының дамуымен медициналық көмекке бейресми төлемдердің проблемасы өзінің өзектілігін жояды. 

4

Мен үш баланың анасымын, 



ажырасқанмын, ресми түрде жұмыс 

істемеймін, алимент алмаймын, 

қосымша табыстар болып тұрады. 

МӘлМС-пен не істеймін?

Біріншіден, Сіздің балаларыңыз үшін 18 жасқа дейін мемлекетӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорына салымдар енгізеді.

Екіншіден, егер Сіз жұмыс істемесеңіз және 3 жасқа дейінгі баланы күтумен айналыссаңыз, онда мемлекет сол кезеңге Сіз үшін де міндетті 

әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды жүзеге асырады.

Басқа жағдайларда медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге:

а)  тұрғылықты  орын  бойынша  жұмыспен  қамту  орталығына  хабарласуыңыз  қажет,  ол  жерде  сіздің  біліктілігіңіз  бен  жұмыс  тәжірибеңізге 

сәйкес жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз және бұл жағдайда 

мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін салымдар төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына 

алады.  

б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге аласыз және Сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда минималды 

еңбекақы төлемінің 2%-ы көлемінде салымдар жасауға болады. 

в) егер Сізге алдындағы екі нұсқалар жарамаса, онда Сізге өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы минималды еңбекақы төлемінің 2%-ы 

көлемінде Медициналық сақтандыру қорына салымдар жасауға болады.                        

5

Айтыңызшы, ҚР барлық аумағы 



бойынша сақтандырылған 

азаматтарға, мысалы, іссапарға 

жіберілген, демалыстағы адамдарға 

медициналық қызметтер көрсетіле ме? 

Әлде тек тіркелген тұрғылықты орын 

бойынша ма?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘлМС) пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер, сақтандырылған азаматтық орналасқан 

жерінен тәуелсіз, Қазақстан Республикасының барлық аумағында көрсетіледі. 

100 сұрақ-100 жауап



Жалғасы бар

3082

1329

Газет  редакцияның  компьютер  орталығында 

теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-

да  басылды.  Қызылорда  қаласы,  Бейбарыс  Сұлтан 

көшесі,  4.  Тел:  8(7242)40-06-68.  Газеттің  таралымы 

бойынша  21-1-41,  21-5-73  немесе   8(7242)  70-14-08 

телефондарына хабарласуға болады. 

Газет Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат агенттігінде 

19.06.2014 жылы қайта тіркеліп, №14409-Г  тіркеу куәлігі берілген.

 “Тіршілік тынысы” аудандық газеті ҚР СТО ИСО 9001-2009 “Сапа 

менеджменті жүйесі” талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сәрсенбі, сенбі күндері шығады.

Қолжазбалар өңделеді және кері қайтарылмайды. 

Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасын білдірмейді.



4

ҚОҒАМ


№86 (8494) 5 қараша, 2016 жыл

Кезекші редактор: Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

№35 И.Тоқтыбаев атындағы мек теп-

лицейде  патриоттық  әндер  байқауы 

болды.  Байқауды  Тәуелсіздіктің 

25  жылдығы  аясында  «Зият-

кер  ұрпақ»  сынып  жетекшілер 

апталығының  барысында  «Да-

рын»  саз  үйірмесінің  жетекшісі 

Айнұр Ахметова ұйымдастырды. 

Жас  ұрпақ  бойына  еліне, 

жеріне,  ұлтына  деген  патриоттық  сезімін  қалыптастыру, 

туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында өткен 

шараға 4-10 сынып оқушыларынан 12 талапкер қатысты. 

Олар  байқау  шарты  бойынша  екі  әннен-біріншісі 

патриоттық,  екіншісі  еркін  тақырыпта  ән  шырқады. 

Мектеп-лицейдің  өнерпаз  ұл-қыздары  өз  қалауларымен 

орындаған әндерді жанды дауыста, актерлік шеберліктерін 

көрсетіп  орындады.  Жас  өнер  иелері  байқауда  «Жаса, 

қазақ»,  «Жайна,  Астана»,  «Қазақ  елі,  тек  алға»,  «Алға 

Қазақстан»,  «Байтақ  елім»,  «Туған  жер»  атты  әндерді 

нақышына  келтіріп  орындады.  Олардың  бойындағы 

өнерге  деген  сүйіспеншіліктері,  патриоттық  сезімдері 

әрбір шырқаған әндері арқылы байқалып тұрды. Әр әнші-

бір  жұлдыз  сияқты  ән  айту  өнерімен  ерекшеленетін  жас 

әншілерге  қазылық  еткен  мектеп-лицей  директорының 

тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Л.Сағымбаева,  «Жас 

қанат»  саз  үйірмесінің  жетекшісі  Р.Тұрмағанбетқызы, 

мектеп  мұғалімі  Қ.Ахметовтың  көңілдерінен  шығып, 

жанкүйерлерден қолдау тапты.

Ән байқауының қорытындысы бойынша бас жүлдеге 

6 «А» сынып оқушысы Нұрбек Әбіласан (суретте) ие бол-

ды. Жас өнерпаз өзінің ән айту шеберлігін үлкен сахнада, 

ауданда өтіп жүрген мәдени көпшілік шараларда шыңдап 

жүр. Бірінші орынды 10 сынып оқушысы Баян Болатова 

алды. Оның орындаған «Жас қазақ», «Өсиет» әндері сәтті 

шығып, сайыскерлердің алды болды. Екінші орынды 7 сы-

нып оқушысы Арайлым Зұлхарнаева алса, үшінші орынды 

Азамат Серікбаев пен Азиза Айдарова өзара бөлісті.

Осылайша,  мектеп-лицей  қабырғасында  өткен 

байқаудан  бастау  алған  өнерпаздардың  алғашқы 

қадамдарына  ұстаздар  қауымы  мен  ата-аналар  өз 

ризашылықтарын білдірді. 



Б.ЖАНӘЛІ 

Еске алу турнирі

АРДАГЕРЛЕР 

АРАСЫНДА

Сырдариялық ардагерлер спортқа жақын. Спорт өз кезегінде 

сергектік,  денсаулық  кепілі.  Ардагерлер  әсіресе  интелектуалдық 

ойын шахматты және «ақсүйектер» ойыны биллиардты ерекше ын-

тамен ойнайды. 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ұлы Отан соғысында 

қаза тапқан ағайынды Аппаз бен Мырқы Оспанұлдарын және тыл 

ардагерлері Айна Оспанкеліні мен Балдақ Оспанқызын еске алуға 

арналған ардагерлер арасында шахматтан аудандық турнир болып 

өтті. Жарыстың демеушісі ауданға белгілі кәсіпкер, зейнеткер Жа-

хия Мырқыұлы.

Турнирді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы 

ашып, абзал азаматтар мен ардақты аналарды еске алуға арналған 

турнирдің  тұрақты  өткізіліп  келе  жатқанын,  оның  дәстүрге 

айналғанын,  бұл  жас  ұрпаққа  патриоттық  тәрбие  берудің 

жарқын  үлгісі  екендігін  атап  өтті.  Сондай-ақ  жиында  кент  әкімі 

Ж.Сыздықов құттықтау тілегін білдіріп, кенттің қоғамдық өмірінде 

спортта белсенділік танытып жүрген ардагерлердің көп екендігін 

айтып, жарысқа қатысушыларға табысты ойын тіледі. 

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегендей турнирдің ашы-

луында жасы тоқсанның төріне шыққан қарт ойыншы Рахымжан 

Бәйменов  әруақтарға  бағыштап  құран  оқыды.  Жарысқа  11  арда-

гер шахматшы қатысты. Оған Сырдария спорт клубының үйірме 

жетекшісі Бауыржан Мәдешов қазылық етті. Күн ұзағына созылған 

турнир тартысты бәсекеге толы болды. Жарыс қорытындысында 

ұпай  саны  бойынша  жеңімпаздар  анықталды.  Бірінші  орынды 

шағандық Алмат Ақпанбетов жеңіп алды. Кент ардагерлері Мек-

тепхан  Елеусінов  пен  Тұрғанбай  Болғанбайұлы  екінші,  үшінші 

орындарды еншіледі. Ең жасы үлкен Рахымжан Бәйменов ақсақал 

«Қарт  ойыншы»  наминациясын  иеленді.  Жеңімпаздар  бағалы 

сыйлықтарға,  ал  қатысушылар  ынталандыру  сыйлықтарына  ие 

болды.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық, 

ғылыми практикалық орталығы мен облыстық білім басқармасының 

ұйымдастыруымен 

Қызылорда 

қаласындағы 

Т.Жүргенов 

атындағы  орта  мектепте  Халықаралық  гроссмейстер  Дәрмен 

Сәдуақасовтың  дәстүрлі  кубогына  арналған  мектеп  оқушылары 

арасында  республикалық  шах-

мат  турнирінің  облыстық 

кезеңі  өткізілді.  Бұл  турнирді 

ұйымдастырудағы 

мақсат 

мектеп  оқушылары  арасын-



да  шахмат  ойынын  наси-

хаттау  және  кеңінен  тарату, 

олардың 

интеллектуалдық, 

шығармашылық  қабілеттерін 

дамыту болып табылады. 

Республикалық  турнирдің 

облыстық  кезеңінде  Шіркейлі 

ауылының 

ұл-қыздары 

қабілетті  ойындарымен  да-

раланды.  Бұл  елді-мекенде 

мектеп  оқушыларының  шах-

маттан  шеберлік  мектебінің 

қалыптасып  келе  жатқаны 

қуантады. Облыстық кезеңде 9 

жасқа дейінгі ұлдар арасында төртінші сынып оқушысы Қуандық 

Кеңесов,  қыздар  арасында  үшінші  сынып  оқушысы  Айнель 

Жұмаділдақызы топ жарып, бірінші орындарды иемденді. Сөйтіп, 

Шіркейлі  ауылындағы  №129  Ә.Жәмішев  атындағы  мектептің 

екі  бірдей  оқушысы  Шымкент  қаласында  өтетін  республикалық 

ақтық сайыстың жолдамасын ұтып алды. Сондай-ақ, осы жарыс-

та шіркейлілік 9 сынып оқушысы Нұржігіт Кеңесов пен 6 сынып 

оқушысы  Шұғыла  Нұржанқызы  екінші  тұғырдан  көрініп,  жақсы 

нәтиже көрсетті. 

-Мен  осыған  дейін  балаларды  қоғамдық  негізде  дайындап 

келемін. Бұл ретте ауылдың жанашыр азаматы, аудандық мәслихат 

депутаты,  ел  ағасы  Аббас 

Камалатдиннің  моральдық 

және 


материалдық 

қолдауына  ие  болып  жүрміз. 

Енді  Әбекең  бар,  ауылдық 

қоғамдық кеңес, ауыл әкімдігі 

Шаған  спорт  мектебінің  ау-

ылдан  шахмат  үйірмесін 

ашуға 

жұмыс 


жасау да. 

Мен 


ауылдастарымның 

жас 


шахматшылардың 

болашағына 

үмітпен 

қарайтынына, 

қолдауына 

ризамын. 

Олардың 

ке-


лешекте  биік  белестерді 

бағындыратынына  сенемін,-

дейді  жас  шахматшылардың 

бапкері Үсен Махамбетов.

Кешегі  Рио  де  Жанейро 

олимпиадасында атой салған еліміздің саңлақтары, әлем чемпион-

дары ауылдың қара домалақ балалары емес пе. Ендеше болашақта 

Шіркейліден әлемдік дәрежеде чемпиондар шығады деп сенеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет