№86 (8494) 5 қараша, сенбі, 2016 жыл



жүктеу 3.89 Mb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата19.01.2017
өлшемі3.89 Mb.
1   2   3   4

Ш.НҰРСЕЙІТОВ

ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ЖЕҢІСІ

Ауданда ағымдағы жылы Қызылорда облысы Төтенше 

жағдайлар  департаменті  бастығының  бұйрығымен  әр 

аптаның  жұма  күні  «Өрт  қауіпсіздігі  күні»  болып  жари-

яланып,  іс  –  шара  барысында  тұрғын  үйлерді  аралауға 

барлығы  35  қызметкер  жұмылдырылып  10  мың  679 

тұрғындарға  тұрмыстағы  өрт  қауіпсіздігі  ережелерін 

сақтау, жылыту пешін дұрыс пайдалану тақырыптарында 

дайындалған нұсқаулықтар мен ақпараттық парақтар тара-

тылды. «Тіршілік тынысы» редакциясы арқылы баспасөз 

беттеріне 26 рет мақалалар жарияланған.

Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан ағымдағы 

жылдың  10  айында  ауданы  бойынша  23  өрт  оқиғалары 

тіркелген.  Оның  16-ы  жеке  тұрын  үйлерде  орын  алған. 

Өрттен келген шығын – 4 млн 609 мың теңгені құрады. 

Сонымен  қатар,  2015-2016  жылдардың  жылу  беру 

маусымында  аудан  бойынша  көмір  қышқыл  газынан 

уланудың 2 фактісі тіркеліп, нәтижесінде 2 азамат қайтыс 

болып,  5 адам емдеу орындарына жүгінген.

Түтінге уланудың салдары тұрғын үйлердегі от жағу 

пештерінің моржа құбырының дұрыс тазаланбауынан не-

месе пеш есігінің дұрыс жабылмай ашық қалуынан болып 

жатады. Бұл өз кезегінде моржа арқылы түтіннің сыртқа 

шықпай, үй ішіне тарауына әкеліп соғуда.

Сондықтан  пештердің  моржа  құбырының  дұрыс  та-

залануына және пеш есіктерінің ақаусыз дұрыс жабылу-

ына, пеште жарықшалардың болмауына ерекше назар ау-

дару қажет.

Сонымен  қатар,  кенттегі  2  қабатты  тұрғын  үйлер 

орталық  бу  қазандығы  арқылы  жылытылуға  арналған.  

Алайда  қазіргі  таңда  орталық  бу  қазандығының 

жоқтығынан тұрғындар өз күшімен ішкі от жағу пештерін 

салып пайдалануда. Ал пештердің моржасы ретінде тұрғын 

үйлердің  көпшілігі  желдеткіш  құбырларын  пайдаланған. 

Бұл өз кезегінде желдеткіш құбырлары арқылы жіберілген 

түтін (көмір қышқыл газ) көрші пәтер тұрғындарына зия-

нын тигізуде. Мұның арты қайғылы жағдаймен аяқталуы 

мүмкін. 


Осы  жағдайларды  ескере  отырып,  Сырдария 

ауданының  Төтенше  жағдайлар  бөлімі  Сіздерден  2016-

2017 жылдардың жылу беру маусымында жоғарыда атап 

өткендей  оқыс  оқиғалардың  орын  алмауы  үшін  мына 

тиым салынған талаптарды орындауға  кеңес береді:

-  тұрғын  үйлерде  әртүрлі  қолдан  жасалған  электр 

жылытқыш құралдарын пайдалануға;

- желдеткіш жүйелерінің құбырларын моржа есебінде 

пайдалануға;

- ұйқыға жатар алдында пешке көп мөлшерде көмір от-

ынын салып жағуға;

- жағылып тұрған  пешті  қадағалаусыз  қалдыруға;

Естеріңізде  болсын,  өрттің  алдын  алу  оңай,  ал  оны 

өшіру мен зардабы ауыр.      «Өрт – тілсіз жау» екендігін, ал 

одан келетін зардаптардың орнын толтыру қиын екендігін 

әрбір азаматтың ұмытпағаны дұрыс! 

Орын  алған  Төтенше  жағдайлар  мен    оқиғалар 

кезінде  «101»,  «102»,  21-2-00,21-4-94  телефондарына 

хабарласуларыңызды сұрайды.

Н.АНуАРБЕКОВ,

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар 

бөлімінің басшысы

уЛАНуДАН САҚТАНЫҢЫЗ

Аптаның  дүйсенбісінде  ардақты  ана 

Ұлмекен  Жаналиева  редакцияға  бас  сұқты. 

Парасатты  жан  әдеттегідей  хәлімізді 

сұрап,  жұмыс  барысымен  танысты.  Мұнан 

кейін  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің 

қолдауымен  өзі  басқаратын  «Сырдария 

ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  өткелі  жатқан  кезекті 

шараның  мазмұны  жөнінде  әңгіме  өрбітті. 

Біз  білімі  мен  білігі  ұштасқан  үлгілі 

жанның  бастамасын  байыппен  тыңдадық. 

Ол  кісі  сабырлы  да  салмақты  қалпымен 

қызықты тақырыптың мәнін ашып, маңызын 

ұғындыра  түсті.  Ой  елегінен  өткізсек, 

ұйымдастырылғалы жатқан бұл жолғы шара 

бұрынғыдан өзгерек екен. Тақырыбы да са-

налы  адамды  ойландырады,  толғандырады 

сондай-ақ,  тиімді  шешім  шығаруға  бағыт 

береді. Қоғам белсендісі шара арқауы ретінде 

«Әдемі  қартаю  деген  не?»  тақырыбын 

таңдапты.  Расында  да  біздің  алдыңғы  буын 

өкілдер  қарттықтың  қадірін  ұғып  жүр  ме? 

Олар  қаншалықты  деңгейде  жастарға  үлгі 

көрсетуде?  Жасы  алпыстан  асқан  ағалар 

қария  ұғымының  қадір-қасиетін  сезіне  ме? 

Міне, Ұлмекен Жаналиева таңдаған бір ғана 

тақырып аясында айтылар ой осыншалықтың 

терең әрі ауқымды еді...

Тағылым аларлық тақырыптың талқынар 

тұсы  сәрсенбінің  сәтіне  тура  келді.  Елдің 

ертеңін  ойлайтын  ауданның  үлкен-кішісі 

кент орталығындағы «Достық үйіне» жинал-

ды. Барлығының ойында тақырыпқа тұздық 

боларлық  әңгіме  айту,  ортаға  ой  тастау 

тұрғаны  анық.  Бірі  қартаюды  бақыт  санаса, 

екіншісі жауапкершілік екенін алға тартады. 

Көп кешікпей шара басталып, алғы сөзді ел 

ағасы  Хайрулла  Әбенұлы  алды.  Аудандық 

ардагерлер  кеңесінің  төрағасы  ең  алды-

мен  талқыланар  тақырыптың  қазіргі  таңда 

аса өзекті мәселе екенін атап өтті. Сонымен 

бірге, әдемі қартаю  абыройлы іс екенін ай-

тып,  өз  замандастарын  әрбір  істе  мұқият 

болуға шақырды.

–  Жасыратын  несі  бар,  біздің  кейбір 

үзеңгілестеріміз соңғы уақыттары лайықсыз 

іс-әрекетке  бой  алдырып  жүр.  Үлкенді-

кішілі  тойларда  бата  бере  алмайтыны  бір 

бөлек, баласымен құрдас азаматпен шөлмек 

соғыстыратын ардагерлерді көзіміз шалады. 

Бұл қазаққа жараспайтын тірлік. Халқымызда 

«Қадірі  қашқаннан  сақта»  деген  сөз  бар. 

Даналық сөз ата-бабаларымыздың әрбір іске 

тиянақтылықпен  қарағанын  айшықтайды. 

Жалпы  алғанда,  жасы  егде  тартқан  жанның 

араққа  сылқия  тойып,  жұртқа  күлкі  болуы 

асыл 


дінімізде  де  күнә 

болып  саналады,-  деген 

Хайрулла Әбенұлы өмірі өнегеге 

толы  абыройлы  ақсақал  Рақымжан 

Бәйменовке сөз кезегін ұсынды. Парасат 

биігіндегі тұлға алыс-жақын ағайынмен 

тату-тәтті тірлік құру  әрбір адамның пары-

зы екенін жеткізді. Сондай-ақ, ұл-қыздарына 

берген  тәрбие  негіздері  туралы  өз  ойын 

ортаға салып, ардагерлерді жастарға үлгі бо-

лып, пәтуәлі сөз айтуға шақырды. Қазыналы 

қарияның  орнықты  ойын  кент  ардагерлер 

кеңесінің төрағасы Тұрғанбай Болғанбайұлы 

жалғады.


– Қазіргі жастардың көзі ашық, көкірегі 

ояу.  Кімнің  қай  жерде  ағат  басқанын  анық 

байқайды. Жақында мына бір оқиғаға тап бо-

лып, қоғамның кейбір мүшелері үшін өзімді 

кінәлі  сезіндім.  Жұма  намазынан  шыққан 

жас  жігіт  маған  «Ата,  зейнет  жасындағы 

бір  ардагер  анау  жерде  құлап  жатыр.  Удай 

мас,  араққа  тойып  алған.  Сіздер  неге  осы-

ны  назарға  алып,  ескерту  жасамайсыздар?! 

Біз  айтсақ,  жасың  кіші  дейді.  Сіздердің 

сөздеріңіз  өтімдірек  қой»  деді.  Жас  бала-

дан  осындай  сыни  әңгіме  есту  кімге  абы-

рой дейсіздер? Ойланатын, ой бағатын уақыт 

келді.  Мысалы,  әлгі  араққұмар  жан  ертең 

жастарға қай бетімен жол бер, үлгі тұт, сыйла 

дейді. Құлап, өлесі мас болғанын көріп өскен 

жастар оны сыйламақ түгіл, жат санайды деп 

білемін.  Осыдан  қорытынды  шығаруымыз 

керек.  Арақ  атадан  қалған  ас  емес,  ал  оны 

тұтыну  кешірілмес  күнәға  алып  келеді,- де-

ген  Тұрғанбай  Болғанбайұлы  шариғатта 

халықтың  ішіндегі  өнегелі  қария    үмбеттің 

ішіндегі пайғамбар саналатынын атап өтті.

Келелі  басқосуда  Сәкен  Сейфул-

лин  ауылдық  округінен  келген  Аманкелді 

Баймұрат  көршімен  тату  болу    ізгі  істердің 

төресі екені жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті. 

Бар  болса  беріп,  керек  болса  көмектесіп, 

бір  атаның  баласындай  бірлікке  бекем 

болу  мұсылмандар  ұстанған  жол  деді  арда-

гер.  Өз  кезегінде  халықаралық  «Қазақ  тілі» 

қоғамының  аудандық  филиал  жетекшісі 

Жұманазар Қонысбаев өнегелі отбасыларды 

баспасөз бетінде тұрақты жариялау жөнінде 

ұсынысын  айтты.  Аталған  жұмыс  жастарға 

үлгі  болады  деген  ол  бүгінгі  шараның 

талайға  сабақ,  талайға  таяқ  боларлық 

маңызды екенін де атап өтті. Өз замандаста-

рын пәтуәсіз сөзден аулақ жүруге шақырған 

тіл жаңашыры қарт кісінің өсек-аяңға жақын 

болуы абыройсыздықтың алғы шарты деді.

Ұзақ  жылдар  аудан  дамуына  сүбелі 

үлес  қосқан  Қуандық  Сарыбаев  басқосуда 

отбасындағы  келіндердің  тәрбиесі  жөнінде 

кеңінен  әңгімеледі.  Ұрпақ  тәрбиесі  ұяда 

берілетінін  атап  өткен  ардагер  қоғам 

мүшелері мәселенің себебімен емес сардары-

м е н 


күрес  жүргеніне 

қынжылысын білдірді.

–  Бұрын  ұстаз  ұғымы  өте  құрметті  еді. 

Қазіргі таңда оның қадірі кеміген сыңайлы. 

Мәселен,  біз  сабақтан  тыс  уақыттың  өзінде 

мұғалім  назарына  ілікпеуді  басты  назар-

да  ұстайтынбыз.  Ұстазымыз  келе  жатса, 

жол  беріп,  ол  кісі  өтіп  кеткенше  бір  орын-

нан тапжылмайтынбыз. Ал қазір ше? Мектеп 

оқушысы  бірнәрсені  бүлдіріп  немесе  сабақ 

үлгерімі төмендесе кінәні ұстазынан іздейді. 

Балаға  сәл  қабақ  шытса,  білім  ордасына 

жетіп барып, мұғалімді сөгетін ата-аналарды 

да  көріп,  біліп  жүрміз.  Меніңше,  мұндай 

қадамға  баратын  адамдар  өз  балаларының 

хас жауы. Ешқандай ұстаз оқушысының жа-

ман  болғанын  қаламайды.  Ұрысса  білім  ал, 

игілікті үйрен, меңгер, іске асыр деп ұрысты. 

Онда  тұрған  не  бар?  Ата-бабаларымыз 

«Үйренгенін  өзіңе,  істегенін  маған  жақсы» 

дейді  емес  пе?  Сол  себепті,  біз  отбасында 

мұғалімнің құрметін көтеріп, өнеге боларлық 

әңгіме айтып отыруымыз керек. Түптеп кел-

генде, кейбір келіндердің ата-енесінен асып, 

ерімен  ақылдаспастан  мектепке  барып  шу 

шығаруы    ақырзаманның  белгісі.  Дүниеде 

ұят,  дінде  күнә  бұл  істі  тоқтатуға,  ұстаз 

мәртебесін ұлы етуге қоғам болып атсалысу-

ымыз қажет,- деді ардагер.

Әдемі  қартаю  тақырыбынан  бастау 

алған мәселелердің ауқымы кеңейе түскенде 

Асқар  Тоқмағамбетов  ауылынан  келген 

Бәрзу  Жылқыбаев  сөз  алып,  шал,  қария, 

ақсақал  және  абыз  ұғымдарын  жіктеп 

берді.  Ардагердің  айтуынша,  өнегелі  ісі, 

жұрт  сүйсінерлік  тұсы,  отбасын  жөнге  са-

латын  күші,  бала  мен  келін  қаймығатын 

мысы жоқ адамды қазақ шал деген екен. Ал 

отбасының  бірлігі  мен  тындырымды  тірлігі 

үшін өнеге жолын ұстанған адам қария ата-

лыпты. Сәйкесінше, бүтін бір әулеттің, рулы 

елдің  атынан  сөз  сөйлеп,  ауыл-аймақтың 

амандығын назарынан тыс қалдырмаған жан 

ақсақал  аталса,  қазақтың  болашағы  үшін 

өмірін сарп еткен, өнегелі жан абыз ұғымын 

арқалапты.  Ақиқ  ақын  ауылынан  келген 

ақсақалдың сөзін темір шебері, ұста Сәйділдә 

Сәдуақасов жалғай түсті. Ол кісі әкесінің бала 

тәрбиелеудегі  ұстанымы  мен  жақсылыққа 

құштарлығы  туралы  айтып  өтті.  Жиында 

Б.Сауытбаев,  И.Әкімжанов,  М.Келдібаев, 

Б.Абдулпаттаев, П.Әләйдаровтар сөз сөйлеп, 

жас-кәріге  үлгі  боларлық  өнегелі  ойларын 

ортаға салды.

Жиын  соңында  айтылған  орнықты  ой-

ларды  іске  асуына  бастамашы  болуға 

уағдаласқан  ардагерлер  аудандық  ішкі  са-

ясат  бөлімінің  қолдауымен  «Сырдария 

ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің 

ұйымдастыруымен  өткен  шараны  жоғары 

деңгейде  ұйымдастырған  Ұ.Жанәлиеваға 

алғыстарын айтты.



Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

ӘДЕМІ ҚАРТАЮ ДЕГЕН НЕ?



аудандағы нәзік жандылар қауымын басқарып отырған ұлмекен жаналиеваның есімі жергілікті жұртшылыққа етене таныс. 

ақ жаулықты ананың барлық саналы ғұмыры ел дамуымен тығыз байланысты десек артық айтқандық емес. ол кісінің бастама-

сымен іске асқан барлық жұмыстар сапалы, әрі тиімділігі дәлелденген деп айтуға негіз бар. бір ерекшелігі, ұлмекен шанайқызы 

ұйымдастырған кез келген шараның ауқымы кең, маңызы жоғары, жасқа да, жасамысқа да берері мол. өйткені, ұзақ жылдар ау-

данда басшылық қызмет атқарған ардақты жан өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстырудың нағыз шебері.

Осы  күні  түстен  кейін  «Сырдария 

ауданының  әйелдері  қоғамдық  бірлестігі 

аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  қолдауымен 

«Отбасылық бюджетті үнемдеу – басты назар-

да» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізді.

Үстел  басына  жиналған  әртүрлі  сала  ма-

мандары,  кент  тұрғындары  осы  мәселенің 

маңыздылығын  талқылады.  Пікір  алысуға 

қатысқан  экономист  мамандар  отбасы 

бюджетін  үнемдеудің  басты  кепілі  –  табыс 

екенін  айтты.  Кез-келген  адам  өмірде  өз  ор-

нын  тауып,  табысты  болуды  қалайды.  Сол 

үшін  еңбек  етіп,  қаражат  табады.  Көбіне 

тапқан табысы отбасының қажеттілігін өтемей, 

қарызданып,  қалады.  Осы  ретте  үнемділіктің 

болмауынан  қиыншылықтарға  тап  болатыны 

түсінікті.  Басты  кемшілікте  үнемнің  болмауы, 

оның салдарынан туындайтын мәселелер. 

Көпшіліктің  пікірін  бір  жерге  түйіндеген 

қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Ұ.Жанәлиева 

«Тарта  жесең  тай  қалады,  қоя  жесең  қой 

қалады» деген ата-баба сөзін мысалға келтірді. 

Шетел мамандарының тәжірибесімен бөлісті.

– Негізінен қазақтан асқан үнемшіл халық 

жоқ. Құдайы қонағына азығын сактайтын дана 

халқымыз жоқшылықты білмеген.  Елбасының 

өзі  мына  дағдарыс  заманында  әрбір  отбасы-

на  үнемділік  қажет  екенін  айтты.  Кез-келген 

нәрсені,  жарық  пен  суды,  азық-түлік  пен 

киім-кешекті  ұқыпты  пайдаланып,  үнемдеуге 

үндеді.  Мысалы,  отбасының  кірісін  былай-

ша үнемдеуге болады. Базарға барарда қажетті 

нәрсенің  тізімін  жасау  керек.  Содан  соң  сол 

тізімдегі  ең  қажеттісін  қалдырып,  қалғанын 

сызу керек. Осыдан үнемделеді. Артық электр 

энергиясы, босқа аққан су да қосымша шығын,-

деді Ұ.Шанайқызы.

Мұнан  басқа  жиналғандарға  «Паретта» 

заңынан  түсінік  берілді.  Үйге  кірген  кірістің 

ең  кішкене  бөлігін  кем  дегенде  20  пайызын 

ай  сайын  жұмсамай,  жинау  арқылы  үнемдеу 

керектегін,  9  ай  бойы  жинақтасаң,  қаржы 

табысқа әкеліп, адам соған өзін қалыптастырып, 

әрі қарай жинай бергісі келетін болатынын айт-

ты.


Шын мәнінде қаржыны табу, оны жұмсау, 

үнемдеу мен сақтау бар. Ал сақтаудың бірнеше 

түрі, атап айтқанда депозитке салу, жинақ бан-

кте  сақтау,  бағалы  затпен,  жылжымайтын 

мүлік ретінде сақтау бар. Осы кеңестерге құлақ 

асқандар міндетті түрде үнемшілікке үйренеді. 

Оның салдары бақуатты өмір мен мол табыс.

Осылайша тізбектеліп үнемдеудің жолдары 

айтылған  әңгімелесу  көпке  ой  салады.  Жақсы 

сөзден  өзіндік  пікір  түйіп,  қорытындыланған 

шара әрбір отбасында талқыланатыны сөзсіз.

Б.ЖАНӘЛІ 

ҮНЕМ ТҮбІ – ТАбыс



Байқау

«ТуҒАН ЖЕРІМ-ҚҰТ 

МЕКЕНДІ ДАРИЯМ»

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет