8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


Тұғыл (түйме-тұғыл). Шанақшалар мен қақпақтың төменгі ұшы желім- делетін және түймені ұстап тұратын түйін ағаш. Қалақша



Pdf көрінісі
бет103/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

    Бұл бет үшін навигация:
  • Түйме
Тұғыл (түйме-тұғыл). Шанақшалар мен қақпақтың төменгі ұшы желім-
делетін және түймені ұстап тұратын түйін ағаш.
Қалақша (тақтайша, тілік). Біртекті жұқа тақтайдан сүргіленіп, те гіс-
телген қалыңдығы 2-2,5 мм болатын қақпақтың негізін құрайтын бөлшек.
Қақпақ (беттақтай). Ішектің тербелісін тиек арқылы қабылдап, барлық 
жиіліктегі дыбысты күшейту қызметін атқарады. Қақпақ қалақшалардан 
құрастырылады. Шанақтың ауқымына қарай қалақшалар саны да өзгеріп 
отырады.
серіппе (кейде кергіш, белағаш дейді). Қалақшаларды біртегіс ұстап тұру 
және олардың мықтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ дыбыс жаңғырығын 
бүкіл қақпақ көлеміне тарату қызметін атқарады. Серіппелер қақпақтың 
астына белгілі ара қашықтықта желімделеді. Олардың орындарының ауытқуы 
домбыра дыбысының өзгеруіне әкеліп соғады. Серіппелердің көлемін үлкейтіп 
немесе кішірейту арқылы да дыбысты азайтып-көбейтуге болады. Серіппе 
ішектің тиек арқылы келген қысымын қабылдаушы боп есептеледі. Сондықтан 
оның ернеулікке нық орналасуына баса көңіл аудару керек.
ернеулік (сулық, көмкерме). Шанақтың кенересін толқу немесе шыты-
наудан сақтау және оның қақпақпен түйіскен жиегін ұстап тұру қызметін 
атқарады. Ернеуліктің екі басындағы ұштары тұғыр мен тұғылға бекітіледі. 
Бұл домбыра шанағының мығым болуын қамтамасыз етеді. Ернеуліктегі ар-
наулы кертіктерге серіппелердің ұштары енгізіледі.
Түйме (түйін). Ішектердің бір ұшын түюге арналған. Ағаштан жасалады. 
Бір ұшы сүйірленіп, екінші ұшы келпектеніп жонылады. Сүйір жағы тұғылға 
отырғызылады.
Кішітиек (түйметиек). Ішек қақпақтың жиегін жарып кетпес үшін түй-
менің үстіңгі жағына қақпақтың шетіне орнатылады.
Тиек (ортантиек). Ішектерді ұстап тұру және дыбыс тербелісін қақпаққа 


99
беру қызметін атқарады. Тиек сондай-ақ ішектің іске қосылатын бөлігінің 
бір ұшын шектейді. Ішек қозғалмас үшін үстіңгі қыры кертіледі. 
Тиекті орналастырудың да өз тәртібі бар. Қақпақтың кез-келген жеріне 
қоя салғанмен, әдеттегі қалыптасқан қажетті үнді алу мүмкін емес. Сағақ пен 
тиектің арасы 24 сантиметр, мойынның ұзындығы 48 сантиметр болуы керек. 
Тиектің табаны тегіс болғаны жөн. Бұл оның қақпақ үстінде орнықты 
тұруын қамтамасыз етеді. Астыңғы жағы ойылып алынады. Табанының ені 
5-6 мм, ал үстіңгі қыры әдетте 1 мм-ден аспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет