8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


сағақ (саға). Мойынғақ пен қақпақтың қиысқан жеріне жапсырылатын  қатты зат. Бұл соңғы перненің де рөлін атқарады. Ішек



Pdf көрінісі
бет104/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сағақ (саға). Мойынғақ пен қақпақтың қиысқан жеріне жапсырылатын 
қатты зат. Бұл соңғы перненің де рөлін атқарады.
Ішек. Дыбыс шығару қызметін атқарады. Бұрын тарамыстан кейде қой 
немесе ешкі ішектерінен ширатылып жасалатын болған.
перне. Домбыра дыбыстарының ретті орны. Қазіргі домбыралардың 
пернелері, белгілі ноталық жүйеге түсірілген де, мойнындағы орны тұрақ-
тал ған. Ондағы дыбыс қатарлары төрт бөліктен тұрады: а) басқы шен, 
ә) орта шен, б) бірінші саға, в) екінші саға.
Қорған (желбезек). Қақпақ бетін тозып, қажалудан және шытынаудан 
сақтайды. Қақпақтың алдыңғы жағына, оң қол саусақтарының тиетін жеріне 
және ойықтың айналасына, төменгі тиектің төңірегіне жасырылады. Жаңғақ, 
қайың, қызылағаш қабыршақтарынан жасалады. Көзге көрікті көріну үшін 
қорған түрлі үлгідегі ою-өрнектермен әшекейленеді.
Ойық (тесік). Шанақ ішінде жаңғырған дыбысты сыртқа шығару қыз-
метін атқарады. Қақпақтың орта тұсында екі серіппенің арасынан ойылады. 
Жалпы Жошы ханға баласының өлгенін күймен естірткенде тиегіне қорғасын 
құйғаннан тесік пайда болған, көп шегі үзіліп, екі шегі қалған деген аңыз бар. 
сыбызғы. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде сыбызғы 
жиі ауызға алынады. Ал мұның өзі сыбызғының сол кезде халық тұрмысында 
кеңінен қолданылғанына дәлел. Сыбызғы жайында капитан И.Андреевтің 
1795 жылы жарық көрген кітабында айтылады. ХІХ ғасырдың екінші жар-
тысына шейін сыбызғының барлық жерге кең тарағаны жайында белгілі 
зерттеуші А.Левшиннің жазбаларында да бар. Этнограф И.Липаевтың дә 
мәлімдеуі көңіл аударарлық. “Семей облысындағы қырғыз музыканттардың 
қолынан сыбызғыны көресің,–деп жазды ол. – Сыбызғы тал шыбықтан немесе 
басқа да сондай ағаштан жасалады. Ұш жағына, тегінде сәндік үшін болса 
керек, терінің жұп-жұқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байла-
нады. Түтіктің іші жақсылап ойылып, асқан шеберлікпен өңделген. Дыбыс 
шығаратын тесік үшеу ғана ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып-жа-
былады”. Өткен ғасырдың аяғына қарай Қазақстанның бір қатар өңірлерінде 
бұл аспап тым сиреп кетеді. Сыбызғының әртүрлі облыс тұрғындарының 
арасында бір мезгілде емес, біртіндеп жоғалғанын этнографтардың көптеген 
мәліметтерінен аңғаруға болады. Мысалы, Түркістан өлкесін жете зертте-
ген этнограф П.Тихов былай деп мәлімдейді: “Түркістан он екі жыл тұрып 
сыбызғыны бір-ақ рет көре алдым, онда да тек көзім шалып қалғаны болма-
са...” Бұл өлкеде сыбызғының жоғалуын ол екі түрлі себеппен байланысты-
рады: жергілікті жердің табиғатында сыбызғы жасайтын өсімдіктің болмауы 
және онда ойнаудың қиындығы. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында атақты 
ғалым И.Лепехин өзі Орал қазақтарынан көрген бір тамаша сыбызғы жайында 
жазып қалдырыпты: “Ол түтікті, қалмақтар 
цур
, татарлар 
курай
, ал Жайық 


100
қазақтары (бұл аспап оларда да бар) осы күнбағыс сабағын 
сыбызғы
деп те 
атайды... Бұл аспаптың жіңішке ұшында үш ойық бар, оларды музыкант 
бір қолының үш саусағымен кезек пен кезек ашып-жауып тұрады, ал екінші 
қолымен қажет болған кезде түтіктің төменгі жағындағы сопақша ойықты 
жабады. Түтіктің кең аузын жоғарғы тіске тақайды да жоғарғы ерін мен 
тілге тигізеді. Мұндай аспапта ойнау үшін ерекше жаттығу керек: егер оны 
шебер күйші тартса, онда даусы шағын флейтравестінен аумай шығады”. Бұл 
суреттеудің біз үшін бағалығы осы, мұнда ойнау тәсілдері айтылған. Әсіресе, 
түтіктің төменгі ойығын ашып-жабу арқылы қосымша дыбыс шығаруға бо-
лады дегені назар аударарлық, өйткені біз мұндай тәсіл сыбызғы ойнағанда 
қолданылатынын білеміз. А.Гейнс сирек кездесетін құбылысты – сыбызғының 
сүйемелдеуімен ән салғанды көрген. Бұл жайында ол былай деп жазады: “...
Қоңыр салқын кешкі мезгілде, сондай-ақ түнгі айдың жарығында уақыттарын 
әрдайым үй іші болып әңгіме-дүкен құрып, сауық-сайран салумен өткізеді, 
мұндайда олар ара-арасында өздері жақсы көретін аспап “джабьязгының” 
көбінесе тамылжыта салған әнмен сүйемелдейтін мұңды сазына рахаттана 
құлақ түреді”. (Болат Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары. 96-99 бб.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет