8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет110/128
Дата19.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#140963
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   128
Мақсатты айқындау
Қазақтың тұңғыш ғалымы, тарихшы, публицист, лингвист, өнер зерттеуші, 
дін зерттеуші, археолог, этнограф, саяхатшы, демократ-ағартушы Шоқан 
Уәлихановтың өмір жолы мен шығармашылығын, ғылыми мұраларын оқушы-
лардың санасына сіңіру. Шоқан Уәлихановтың 12 жасына дейін Құсмұрындағы 
жеке мектептен білім алып, діни сауат ашып, шығыс поэзиясын оқумен, сурет 
салумен шұғылданғанын, шығыс поэзиясына деген ерекше сүйіспеншілігі осы 
мектеп қабырғасынан қалыптасқанын, әсіресе араб өлеңдерін сүйіп оқығанын 
айта отырып, оның білім мен ғылым жолындағы ізденісінің Кадет корпусында, 
одан әскери қызметті қоса атқарып жүріп жалғастырғанын жеткізу. Шоқан 
Уәлихановтың ерекше зеректік қабілеті оның тез есеюіне, жан-жақты болу-
ына әсер еткенін, ұстаздарының оның зерттеуші-шығыстанушы болатынына 
күмән келтірмегенін оқушыларға жеткізу. 
Дамытушылық маңызы. 
Шоқан Уәлихановтың Кадет корпусындағы 
ғылыми-ізденіс шығаршылығының дамуын қамту: географ, Орта Азия-
ны зерттеуге ерекше құмартқан белгілі ғалым Г.Н.Потанинмен ғылыми-
зерттеушілік көзқарастары бір арнаға тоғысып жатқан достар болуы; Омбыда 
жүріп Шоқан тарихи-географиялық, философиялық, шығыстану туралы 
әдебиеттерден өзіне жеке кітапхана жинауы; Омбыда оқып жүріп орыс 
зиялы ларымен, зерттеушілерімен танысып, пікір алмасуы оның ғылыми-
зерттеушілік құштарлығының артуына көп әсер етуі; Шоқанның өз ойын 
асқан шеберлікпен тартымды жеткізе білуі; Шоқанның орыс жазушысы Ф.М. 
Достоевскиймен және оның досы, патша самодержавиесіне қарсы күрескен 
революционер-демократ С.Ф.Дуровпен кездесуі рухани дамуына ерекше 
әсер еткенін, олармен үзбей байланыста болуы; Шоқанның әскери қызмет 
пен ғылыми ізденістерін қатар алып жүруі; рухани достары А.Н.Майков, 
В.С.Курочкин, К.К.Гутковский, П.П.Семенов-Тян-Шанский, А.Н.Бекетов, 


106
Е.П.Ковалевский, В.В.Григорьев, В.П.Васильев, В.В.Вельяминов-Зернов, 
А.Н.Майков, Я.П.Полонский, Василий мен Николай Курочкиндермен бай-
ланысы; Шоқан Уәлихановтың “Ыстықкөл”, “Қашқар” экспедицияларының 
бағыттары; ғылыми еңбектері т.б. мәселелерді белгіленген кесімді уақытта 
қамтуды жүзеге асыру. 
Тәрбиелік маңызы.
Шоқан Уәлихановтың өнегелі өмір жолы мен еңбектері 
арқылы оқушыларды патриоттыққа, төзімділікке, қажырлылыққа, еңбек-
қорлыққа, ізденімпаздыққа, білімпаздыққа баулу. Шоқан Уәлихановты 
“ұлттық тұлға” ретінде таныту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет