89. Лимфа түйіндері,құрылысы,функциясы. Лимфалық жүйенің жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі рөлі


Қалқанша без, калқан серік бездері, айырша безі (тимус)тың құрылысындағы ерекшеліктерді кесте арқылы көрсетіңіз Әр гормонға сипаттама беріңіз



бет3/9
Дата17.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#57763
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
сессия адам

91. Қалқанша без, калқан серік бездері, айырша безі (тимус)тың құрылысындағы ерекшеліктерді кесте арқылы көрсетіңіз Әр гормонға сипаттама беріңіз.
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.
Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.
Қалқансерік бездер (glandula parathyroidea) aca үлкен емес эпителилі құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50 мг. Әдетте, олар қалқанша безінің артқы жағында, жоғарғы және төменгі ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақсы тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық және парасимпатикалық жүйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны паратгормон деп аталады. Паратиреоидэктомия – қалқансерік бездерін алып тастаудың салдарынан пайда болған өзгерісті иттерден айқын көруге болады. Бездерді алып тастағаннан кейін, алғашқы күндері тәбеті төмендеп, қатты шөлдеу сезімі пайда болғанын байқауға болады. Операциядан кейін 1-3 күн өткен соң, әуелі кейбір жеке бұлшықеттер тартылып, одан соң жалпы дененің барлық бұлшықеттерінің ұзақ уақыт тартылуының дайындығы басталады. Оны паратиреоидты тетания деп атайды. Арқа мен мойын еттері дененін алдыңғы жағындағы бұлшықеттерге қарағанда күштірек болғандықтан, жануарлар басын артқа қарай тартады (опистотонус). Кейбір бірыңғай салалы және көлденең жолақты еттердің кернеуі жоғарылап жиырылуы, тыныс алу бұлшықеттері, қарынның төменгі жағындағы 12-елі ішекпен жалғасқан бөліміндегі еттері (пилороспазм), жұтқыншақ (фарингоспазм) және басқа да бұлшықеттердің ұзақ уақыт күшті түйілуі пайда болады. Еттердің осындай ұзақ уақыт тартылып жиырылуы организмді өлімге әкелуі мүмкін. Қалқансерік бездерін алып тастағанда кальцийдің қандағы деңгейі төмендеуі еттердің ұзақ уақыт қатты тартылуының (су-дорога) тууына себеп болады. Кальцийдің деңгейі 9-12 мг%-тен (2,25-2,80 ммоль/л), 4-7 мг%-ке (1,25-1,35 ммоль/л) төмендейді. Егерде тартылу басталған кезінде жануарлардың қанына хлорлы кальций ерітіндісін енгізсе, сіреспе өте тез тоқтайды. Қалқансерік бездерін алып тастағаннан кейін пайда болатын сіреспе қозғалыс орталықтарының – орта, сопақша ми және жұлынның қозуымен байланысты болады, бұл жағдай орталық жүйке жүйесін әртүрлі деңгейде кесу әдісімен дәлелденген. Бұл адамдарда да кездеседі, әдетте қалқансерік бездерінің ішкі сөлініс қызметінің тапшылығы кезінде пайда болады (гипопаратиреоз). Осы кезде адамның бет және қол бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады. Қол «акушер қолы» қалпына келеді (шынтақ және білезік, басбармақ, сұқ саусақ және шынашақ буынынан бүгілген). Бет жүйкесін сәл басса, сол аймақтың бұлшықеттері тартыла бастайды. Бұл медицинада руссо симптомы деп аталады. Туа пайда болған қалқансерік бездері тапшылығынан балаларда қандағы кальцийдің деңгейі төмендеп, сүйек, тіс өсуі баяулайды, тырнақтары мен шаштары морт сынғыш болады.
Айырша без немесе тимус — омыртқалы жануарлар мен адам ағзаларындағы иммунды жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммунды жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен тұрады. Адам мен жануарлар ағзаларындағы жасушалық және гуморальдық (сұйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т-лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады. Ол гуморальды фактор — тимозинді организмнің ішкі сұйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөліп, шеткі лимфоидты мүшелер — лимфа түйіндері мен көкбауырдағы лимфоциттердің көбейіп жетіліп, әсерлі (эффекторлы) жасушаларға айналуын қамтамасыз етеді. Құрылысы жағынан айырша без лимфоидты-эпителиальды мүшелерге жатады.
Тимус кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі (30грамм) толады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20грамм).
Қызметі.Бұл без тимозин гормонын бөледі және тимозин гормоны ағзада иммундық жүйенің орталық жүйесі болып саналады.т Тимозин гормоны денеге жетіспесе, ағзаның иммундық қасиеті төмендейді. . Ал егер бұл гормон жеткілікті мөлшерде бөлінсе, көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсы дене түзілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет