8–сынып. Қазақ-жоңғар соғыстары


Патша үкіметінің жер саясаты



бет14/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,92 Mb.
#13150
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
8сынып

Патша үкіметінің жер саясаты.

Жыл.

Шара.

1734 ж.

Жайықтың оң жағында көшуге тыйым салынды.

1742 ж.

Қазақтардың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына жақын келуіне, мал жаюына тыйым салынды.

1756 ж.

Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың малын жаюға алғаш рет ресми шек қойылды.

1757 ж.

Қазақтарға Жайықтан мал айдап өтуіне тыйым салынды.

1765 ж.

Генерал Шпрингер Ертістегі Ресей бекіністеріне 30 км жақын келуге тыйым салды.

1799 ж.

Император I Павел Ертістің оң жағасына қоныстануға, мал жаюға рұқсат етті.

1801 ж, 11 наурыз.

Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берілді.


Ресей әскери шептерінің салынуы. ХVІІІ ғ 40-50 жылдары мен XIX ғ басы.

Шеп.

Сипаттама.

Горькая.

Ұзындығы 553 верста. Сібір редутынан Омбыға дейін. Көптеген тұзды көлдер болғандықтан солай аталды.

Ертіс.

Ұзындығы 1684 верста. Омбыдан Кіші Нарынға дейін.

Колыван.

Ұзындығы 723 верста. Өскемен бекінісінен Колыван арқылы Кузнецк шебіне дейін.

Пресногорьковск (Есіл).

Звериноголовск редутынан Омбыға дейін. Шептегі бекіністердің ең ірісі: Петропавл (1752 ж).

Ой шебі.

Ұзындығы 540 верста. Тобыл өзенінен Жаңа Есіл шебіне дейін.

Жаңаесіл.

1752-55 жж салынды. Үй шекара шебін Ертіс шекара шебімен жалғастырды.

Жаңаелек.

1810-22 жж салынды. Қазақтардаң (тама мен табын руларынан) 600 мың десятина жері тартып алынды.


XVIII ғасырдағы қазақтардың басқа елдермен саудасы.

Жыл.

Саудадағы белді оқиға.

1745-59 жж.

Қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген малдың жалпы құны 1 млн сом шамасында болды.

18 ғ ортасы.

Ертіс бойындағы бекіністерде керуен сарайлары салынып, баж салығын жинайтын арнайы мекемелер ашылды.

1766 ж.

Әбілмәмбет хан II Екатеринаға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды.

18 ғ екінші жартысы.

Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма бекіністері қазақ-орыс саудасының белгілі орталықтары болды.

18 ғ 60-70 жж.

Айырбас сауданың ірі орталығы-Семейде 330 қазақ көпестері сауда жасады.

18 ғ.

Ташкент, Бұхар, Қоқан, Қашқар копестері жиі келетін сауда орталығы-Қызылжар (Петропавл) қаласы болды. Осы қала Екатеринбург, Түмен, Тара, Курск, Қазаннан келетін көпестердің ірі сауда орталығына айналды.


ІІ. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.

Қазақтардың өз еркімен Ресей билігін мойындауы.

Жыл.

Қазақтардың әрекеті.

1817 ж.

Сүйік Абылайханұлы 66 мың жалайыр руымен Ресей билігін мойындады.

1825 ж.

Жетісудың 50 мың үйсін тайпасы сыртқы округ ашуға келісім берді.

1863 ж.

4 мың қоңырат, 5 мың бестаңбалы Ресей құрамына кірді.

Ресейдің әкімшілік шаралары.

Жыл.

Шаралар.

ХІХғ 20-30 жж.

Азия комитеті құрылды.

1848 ж.

Ұлы жүзге Ресей приставы тағайындалды.


Ұлы жүз жерінде Ресей бекіністерінің салынуы.

Жыл.

Бекініс.

1831 ж.

Аягөз бекінісінің салынуы Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы қапсарында

1835 ж.

Ақтау бекінісінің салынуы Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы қапсарында

1847 ж.

Қапал бекінісінің Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы қапсарында салынуы.

1854 ж.

Верный іргетасы қаланды. Орыс отрядын басқарған-Перемышельский. Тарихы: 1855 ж –Сібірден 400 отбасы келді; пристав Қапалдан Верныйға орын ауыстырды. 1857 ж –су диірмені салынды. Болғандар-Пржевальский, Семенов-Тяньшанский.

1859 ж.

Ұлы жүз бен қырғыз шекарасында Кәстек бекінісі салынды


Ресейдің Ұлы жүз жеріндегі шайқастары.

Жыл.

Шайқастар.

1851 ж, шілде.

Қоқан мен Ресей арасындағы Таушүбек шайқасы. Ресей әскерін басқарған-Карбышев.

1853 ж.

Перовский басқарған Ресей әскері қоқандықтардың Ақмешіт бекінісін алды.

1860 ж, 26 тамыз.

Орыстар Тоқмақты алды. Басқарған-Циммерман.

1860 ж, 1 қыркүйек.

Орыстар бес күндік қоршаудан кейін Пішпекті алды. Басқарған-Циммерман.

1860 ж, 19-21 қазан.

Ресей мен Қоқан арасындағы Ұзынағаш шайқасы. Орыстарды басқарған-Колпаковский.

1864 ж.

Ресей әскері Мерке, Әулиеата, Түркістан, Шымкентті алды. Орыстарды Черняев басқарды. Әулиеатаны алуға қатысқан Шоқан Уалиханов.

1865 ж.

Черняев әскері Ташкентті басып алды.

Қорытынды: Бұхар хандығы қосылды-1866 ж, Қоқан хандығы-1868 ж, Хиуа хандығы-1873 ж. Қазақстанның Ресейге қосылуы 150 жылға созылды.

7. Қазақстанға жер аударылғандар.

Саяси жер аударылғандардың шоғырланған өңірі - Шығыс және Орталық Қазақстан. Жер аударудың басты орталықтары-Семей мен Ақмола облыстары. 1881 ж 29 тамызда патша үкіметі саяси жер аударуды Қазақстанның Далалық губернияларына тарату туралы шешім қабылдады. Жер аударылғандар бастамасымен XIX ғ 80-90 жж Верный, Орал, Семей, Омбыда көпшілікке арналған кітапханалар ашылды. XIX ғ 80 жж Қазақстанға «халықшылдар» жаппай жер аударылды. «Халықшылдар» Орынбор (1871-74 жж) мен Оралда астыртын үйірмелер құрды. І. ХІХ ғасырдың І жартысы. Желтоқсаншылар мен петрашевшілер.



Есімі.

Еңбегі.

Қысқаша сипаттама.

Муравьев-Апостол.




Бұқтырмада емдеумен айналысты. Желтоқсаншы.

Семенов.




Өскеменде қызмет атқарды. Гумбольдт, Эренберг, Розе экспедициясына қатысты. Дәрігер.

Вольховский.

«Кіші жүз руларының картасы».

Бұхара экспедициясына қатысты.

Завалишин.

«Батыс Сібірді сипаттау».

1867 ж Мәскеуде шықты.

Коровков.

«Іле бекінісіне бару».




Достоевский.




«Петрашевский ісі» бойынша Сібірге айдалды. 4 жыл Омбыда болды, кейін Семейге жіберілді. Семейде археологиялық ескерткіштер жинаумен айналысты. Семейде Уәлихановпен кездесті.

Макшеев.




«Петрашевский ісі» бойынша Сібірге айдалды. Аралды зерттеген Бутаков экспедициясына қатысты (1848-49 жж). Шығыс зерттеушісі.

Баласогло, Ахшарумов.




«Петрашевский ісі» бойынша Сібірге айдалды. Ақындар.


ІІ. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы. Польша өкілдері.

Есімі.

Еңбегі.

Қысқаша сипаттама.

Зелинский.

«Қырғыз» («Қазақ») поэмасы.

XIX ғ 40 жж жазылды. XIX ғ 60 жж қазақтарды Ресейге танытуда белгілі шығарма болды.

Гросс.

«Қырғыздардың заң әдет-ғұрыптары үшін материалдар».

Қазақ халқының мүліктік құқығының көшпелі қоғам жағдайында ерекшеліктерін көрсететін тұңғыш еңбек. Ерекше көзге түсті. Петербург университетінің заң факультетінің түлегі.Семейге жер аударылды. Абаймен шынайы достық байланыста болды. Ағартушылық қызметі ерекше.

Янушкевич.




XIX ғ 40 жж Орталық Қазақстанға жасалған экспедицияға қатысты. Құнанбаймен жүзбе-жүз кездесті.

Бяловский.




Өскемен уезінің геологиялық картасын жасады.

Тэраевич, Домашевич.




Емдеумен айналысты.

Коншин, Чермак, Кочаровский.




Қазақстанның экономикалық мәселелерін зерттеді.

Леонтьев, Блек.




Заң, әдет-ғұрып саласында зерттеулер жүргізді.

Михаэлис.




Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеді.

Бірқатары Сібірге жіберілді. Ақмола мен Семей облысында 10 мың адам болды. 50% - дворяндар.

Басқа жер аударылғандар.

Есімі.

Еңбегі.

Қысқаша сипаттама.

1.Шевченко. «Ақын Тараз».

Өлеңдері: 1.«Менің ойларым». 2.«Түрмеден қашқан» («Варнак»). 3.«Егіздер». Суреттері: «Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келі түйген келіншек», «Боранда», «Қайыршылар», «Байғұстар», «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет