9- дәріс тақырыбы: жоо-да оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары


Жоғары оқу орындарында білім беруді ұйымдастырудың алуан түрлері кездеседі



бет2/5
Дата06.03.2023
өлшемі29,75 Kb.
#72207
1   2   3   4   5
Байланысты:
9- д ріс та ырыбы жоо-да о ытуды йымдастыруды дістері мен фо

Жоғары оқу орындарында білім беруді ұйымдастырудың алуан түрлері кездеседі: дәріс, практикалық сабақ, семинар, лабораториялық сабақ, практикум, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ), СӨЖ, оқытушылардың көмегімен жүзеге асатын студенттердің өзіндік жұмысы (СОӨЖ), педагогикалық практика.
Дәріс (лат. «lection» - оқу) – педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметтеріне ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық, эмоционалды-ынталандырушылық қызметтері жатады.
Дәрістің негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет. Дәріске қойылатын талаптар: 

Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы; 


Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі) 
Дәлдігі мен дәлелділігі; 
Түсіндірудің эмоционалдық жағы; 
Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру; 
Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы; 
Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу; 
Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру; 
Қорытындылау; 
Тілінің түсінікті және анық болуы; 
Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу; 
Дәрістер мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қагидалар ортақ болады. Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру барысында дәрістердің мынадай дәстүрлі және интербелсенді түрлері қолданылады:

  • Кіріспе

  • Ағымдағы лекция

  • шолу

  • Проблемалық

  • Визуалды (көру) 

  • Бинарлы 

  • Қатені түзету

  • Пресс-конференция

  • Проблемалық

  • Пікірталас

  • Кеңес беру

  • Конференция

  • Сұрақ-жауап - пікірталас

  • Сұрақ-жауап талдау

Лекция мазмұнының, құрылымының нақтылылығы, студенттердің ынта - ьқыласын өзіне аудара білуі студенттердің белсеңділігін, жұмысқа деген қабілеттілігін, педагогикалық қарым-қатынас орнатуға, еңбекке деген құлшынысты, пәнге деген қызығушлықты тудырады.
XVII ғасырда Батыс Еуропа елдерінде, ал ХІХ ғ.-дан бастап Ресей университеттерінде қолданылып келе жатқан оқытуды ұйымдастыру формасы – семинар сабақ.
Дұрыс әрі тиімді ұйымдастырган лекцияның тәрбиелік маңызы арта түседі, яғни, ойлау, еңбек әрекеті, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасады. Семинар және лабораториялық сабақтар. Семинар (лат. «seminarium» - көшет, егу) – студенттердің оқу-танымдық іс- әрекеттерін ұйымдастыру формасы. Ол бекітуге арналған, сонымен қатар өз бетімен алған білімдерді тексеру мен бағалау тәсілі. Семинар сабақтарының басты мақсаты – білім алушыларға зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Оқытушы семинар барысында білімді қайталау және бекіту, бақылау, педагогикалық қарым-қатынас орнату сияқты міндеттерді шешеді.
Кез-келген семинар сабағына мынадай ерекшеліктер тән:
- студенттердің семинарға даярлық кезінде оқу проблемаларын өз бетімен шеше алу жолдарын іздестіруі;
- сұрақты өз бетімен меңгеру мүмкіндігі;
- сұрақтар мен проблемаларды қарастырудағы жеке жұмыстар; педагогтың бағыт берушілік, түзетушілік көмегі.
Семинарлар негізінен үш бағытта қолданылады:

  1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында өткізілетін семинар. 

  2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық сипаттағы тақырыпты жан-жақты өңдеу үшін өткізілетін семинар. 

  3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар. 

Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу көзделеді (А.М.Матюшкиннің пікірі бойынша): 

  1. Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту; 

  2. Танымдық мотивтер; 

  3. Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану. Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, 

  4. Бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді шешеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет