9- дәріс тақырыбы: жоо-да оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары



бет4/5
Дата06.03.2023
өлшемі29,75 Kb.
#72207
1   2   3   4   5
Байланысты:
9- д ріс та ырыбы жоо-да о ытуды йымдастыруды дістері мен фо

Педагогикалық практика мамандықтың МЖМБС-да қарастырылған. Практика мерзімі академиялық күнтізбеде көрсетілген.
Педагогикалық практика қарастырылған базалық және профильдік пәндер циклы аяқталғаннан кейін немесе оқытудың теориялық курсы толығымен біткеннен кейін ұйымдастырылады.
Педагогикалық практиканың мақсаты:
- жалпығылыми, мәдениеттілік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және базалық немесе профильдік пәндер бойынша білімдерін тереңдету және бекіту;
- теоретикалық білім негізінде педагогикалық дағдылары мен іскерлігін және құзіреттілігін қалыптастыру.
Педагогикалық практика жалпығылыми, дидактикалық, әдістемелік, пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындығын біріктіруге бағытталған.


2. Жоғары мектептегі оқыту әдістері және олардың түрлері
Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту үрдісі, өмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы

Әдіс дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, тәсілі, айласы.
Ә.Мұханбетжанованың анықтамасы бойынша: «Оқыту әдістері – оқытушы мен білім алушылардың өзара біріккен іс-әрекетінің тәсілдері», И.Халитованың анықтамасы бойынша: «Оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың неғұрлым қысқа уақыт аралығында білім мазмұнын кең және тереңдетіп жеткізуіне мүмкіндік беретін тәсіл, амал, тетік, тегергіштер мен құралдардың тоғысқан түрі».
Литвалық зерттеуші педагог Л.Йовайши жоғары мектептегі оқыту жұмыстарын ұйымдастыру әдістеріне байланысты:
1. Ақпараттық әдістер тобы-амалдық әдістер тобы (операционалды) лабораториялық жұмыстарда қолданылатын әдістер;
2. Шығармашылық-тапқырлық-эвристикалық, проблемалы, зерттеушілік әдістер;
3. Мағлұматтар жинау- тыңдау, кітаппен жұмыс әдістері;
4. Оқудың практикалық әдістері-жаттығу, практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар;
5. Шығармашылыққа үйрету әдістері – танымдық іс әрекетті жүзеге асыру, оны бағалау, шығармашылық үрдісін ұйымдастыру.
Р.С.Пионова мектептегі оқыту әдістеріне қатысты әр түрлі зерттеулерді жинақтап, оларды жоғарғы мектепте пайдалану мүмкіндіктерін зерделей келе өз топтастыруын ұсынған:
1. Оқытудың теориялық ақпараттық әдістері – оқу материалын тұтастай ауызша логикалы айтып беру, әңгіме, түсіндіру, пікірсайыс, бригадалық әдіс, консультация, аудиовидео т.б. көрсетуді пайдалану;
2. Практикалық-амалдық әдістер – жаттығу, “мен істегенді қайталама” деген алгоритм, мәселелерді шешу, тәжірибеден өткізу, эксперимент амалдарын іске асыру, педагогикалық танымдық және рөлдік ойындар т.б.

Оқытудың интербелсенді әдістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет