Семинар сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау.
Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы озінің әдістемесімен, яғни әдістемесінің әр түрлі, көпқырлығымен ерекшеленеді.
Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрактар алдын-ала белгілі болады, онымен студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады.
Лабораториялық жұмыстар- оқу-зерттеу іс-әрекеттері барысында студенттерге теориялық әдіснамалық білім мен оны нақты іс жүзінде қолдануға қажетті іскерлік, дағдылар жүйесінің интеграциясын сипаттайды.
"Лаборатория" латынның - "Labor" еңбек, жұмыс, қиындық деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Лабораториялық жұмыстар оқу жұмысының ерекшелігіне байланысты, сондықтан әрбір нақты жағдайда жекеленген әдістемелік нұсқаулар қажет. Топтың біріккен іс-әрекеті - ең тиімді формалардың бірі. Оның нәтижелілігі оқытушының ұйымдастырушылық шеберлігіне байланысты, яғни студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға, мәселені зерттеуші ретіңде шешуде олардың ойлай білу іс-әрекеттерін белсендіру мақсатына бағыттаумен анықталады.
Практикалық сабақтарда студенттер есептер шығарумен, теориялық жағдайларды талдаумен т.с.с. айналысады. Бұл сабақтар қалыптасқан білім негізінде практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Практикалық сабақ барысында студент алға қойылған есепті ғана шешіп қоймай, алынған нәтижені талдау, өз құрбыларына жеткізуі, өз көзқарасын тұжырымдауы, есепті орындау әрекеттерін дәйектілеу, алынған нәтижені түсіндере алуы керек.
Оқытуды ұйымдастырудың аудиториялық формаларының тағы бір түрі – зертханалық сабақтар. Бұл оқу пәні бойынша шағын зерттеулер жүргізілетін оқытуды ұйымдастырудың формасы.
Оқытуды ұйымдастырудың аудиториядан тыс формаларына келетін болсақ, ол, әрине, студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) болып табылады. Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі.
СОӨЖ-ге студенттермен кеңес беру, интерактивті формадағы сабақтар өткізу, үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын тексеру, қосымша кеңес алу, рейтинг көрсеткіші төмен және берілген тапсырманы орындауға қиналатын студенттер үшін кеңес беру, бақылау жұмыстарын орындау кіреді.