9- дәріс тақырыбы: жоо-да оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары



бет5/5
Дата06.03.2023
өлшемі29,75 Kb.
#72207
1   2   3   4   5
Байланысты:
9- д ріс та ырыбы жоо-да о ытуды йымдастыруды дістері мен фо

Интерактивті оқыту – диалогтық оқыту, оның барысында оқытушы мен студент арасында өзара тікелей әсер ету, қарым-қатынас жүзеге асырылады. Оқыту үрдісінде интерактивті қарым-қатынасқа негізделген жеке әдістер бар. Олар: “миға шабуыл”, дөңгелек үстел, іскерлік ойын, пікірталас, кейс-стади, кубизм, синектика, кластерлер, Т-кестесі, атаулар туралы үш сұрақ, Венн диаграммасы, және т.б. т.б.


3. Оқыту құралдары
Оқыту құралдары – оқытушыға (мұғалімге) оқытуда көмектесетін аспаптар мен тұп деректер, яғни білім алушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі. Оқыту құралдарына оқытушының сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиет, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады.
Оқыту құралдары – білім алудың, іскерлікті қалыптастырудың, көзі, сонымен қатар, оқу процесінің тиімділігін арттыруға арнайы әзірленген, материалдық заттар, құралдар, құрылғылар.
Іс-әрекет субъектілеріне қарай оқыту құралдары және оқу құралдары болып бөлінеді.
Оқыту құралдарына: көрнекілік түрлері, демонстрациялау құралдары, ақпараттық құралдар, компъютерлер, электронды тақта, т.б. жатады.
Оқу құралдарына: оқулықтар, жұмыс дәптерлері, зертханалық құрылғылар, кестелер, модельдер т.б. жатады.
Нысандарына қарай оқыту құралдары: материалдық және идеалдық болып жіктелінеді.
Бүгінгі дәріс барысында біз жоспарға сай оқытуды ұйымдастыру формалары, оқыту әдістері мен құралдарына және олардың түрлеріне қысқаша тоқталдық.


Пысықтауға арналған тапсырмалар
1.Жоғары оқу орындарында оқытудың ұйымдастыру формаларына сипаттама беріңіз
2.Оқыту әдістерінің дәстүрлі және интербелсенді әдістеріне тоқталып, оларды салыстырыңыз
3. Оқыту құралдарының жоғары мектептегі оқыту үдерісін ұйымдастырудағы маңыздылығын негіздеңіз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет