9- дәріс тақырыбы: жоо-да оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары



бет1/5
Дата06.03.2023
өлшемі29,75 Kb.
#72207
  1   2   3   4   5
Байланысты:
9- д ріс та ырыбы жоо-да о ытуды йымдастыруды дістері мен фо


9- дәріс тақырыбы: ЖОО-да оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары.


Дәрісті оқу барысында төмендегі әдебиеттер пайдаланылды:
1. Қ.Қ. Шалғынбаева, Н.П. Албытова, Т.С. Сламбекова. Жоғары мектеп педагогикасы: Магистранттарға арналған оқу құрал: Алматы: TechSmith6 2019. - 85б.
2. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысы
3. Әлімов Асхат. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы –Алматы, 2013 ж.


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың түрлері
2. Жоғары мектептегі оқыту әдістері және олардың түрлері
3. Оқыту құралдары


1. Оқытуды ұйымдастыру формалары және олардың түрлері
Форма (лат. «forma» - сыртқы бейнесі, сыртқы көрінісі) – бұл белгілі бір мазмұнның сыртқы бейнеленуі.
Оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы оқытушы мен студенттердің іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі бұл - оқытуды ұйымдастыру формалары.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқытушы мен білім алушының мақсатты, дәл ұйымдастырған, терең мазмұнды және әдістемелік түрде жан-жақты қамтамасыз етілетін етілетін жүйелі танымдық, тәрбиелік өзара әрекеті мен қарым-қатынасы.
Оқытуды ұйымдастыру формасының ұзақтығына қарай Қазақстанның Болон процесіне қосылуына байланысты жоғары оқу орындарында 50 минут болып қабылданған.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында: «Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады. Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 40, 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін.
Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті СӨЖ сағаттарының санымен толығады, осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады» -деп көрсетілген.
Жоғары оқу орындарныда оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан, тағылымдамалармен каникулдан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет