№9 (1349) 1 наурыз 2017 жыл, сәрсенбі «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық мұражайында «Болашақ энергиясының арғы тегі – шырағдандар шеруі» атты көрме өтуде. 100 КҮН Қалды



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата27.03.2017
өлшемі5,6 Mb.
#10439
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Арайлым БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Соның айқын бір дәлелі стратегиялық құжаттың мән-

маңызына үңіліп, оны жан-жақты талқылау мақсатында 

Тараз техника және бизнес колледжінде кезекті жиын 

өтті.

Қалалық «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болу-



ымен  өткен  жиынды  қалалық  «Жас  Отан»  Жастар 

қанатының төрағасы Бақкелді Тұрсынбек ашып, жүргізіп 

отырды. Ол өз кезегінде еліміздің жаһандық бәсекеге 

қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылғанына 

және  бүгінгі  жастарға  берілетін  тәрбие  мен  білім 

ертеңгі болашағымыздың кепілі болатындығын айтты. 

Ал қалалық мәслихаттың депутаты Серікбол Берікқожа 

студенттерге Жолдаудың басым бағыттарын түсіндірді. 

– Елбасының халыққа арнаған Жолдауының төртінші 

бағыты білім саласына арналады. Әсіресе, білім беруді 

экономикалық өсудің жаңа модулінің орталық буынына 

айналдыру, үш тілді оқыту жүйесіне кезең-кезеңмен 

көшуге ерекше басымдық берді. Жастарға арналған 

мемлекеттік  бағдарламалар  –  сіздер  үшін  жасалы-

нып  жатқан  мүмкіндіктер.  Еңбек  нарығын  жаңарту 

мақсатында Елбасымыз жұмыскерлердің жаңа заман 

салаларының  мамандықтарына  көшу  үшін  қолайлы 

жағдайлар жасау міндетін қойды. Оған жету жолдарын 

да саралап көрсетіп берді. Ендігі міндет – сол межеге 

жету, – деді Серікбол Қайратұлы. 

Жиын соңында студент жастар көкейде жүрген са-

уалдарын қойып, Жолдауға байланысты өз ойларын 

ортаға салды. 


ДАТА

8

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №9 (1349), 1 НАУРЫЗ  2017 ЖЫЛ  //



 

„

1 наурыз – Алғыс айту күні. Қазақ халқы қай дәуірде болмасын өзінің кеңпейілдігі мен 



қонақжайлығы арқылы танылған. Ғасырдан-ғасырға жалғасқан осынау қасиетіміз қазір 

көпке үлгі болып отыр. Оған дәлел, бүгінде кең байтақ қазақ жерінде 130-дан аса ұлт 

өкілдері тұрады десек, солардың барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір кешуде. 

Бұл біздің бірлігімізді, татулығымызды айғақтай түсуде. 

Арайлым  ШАБДЕНОВА

Жасыратыны  жоқ,  өткен  ғасырдың  30-40  жылдарынан 

бастап Кеңес үкіметі көптеген ұлттар мен ұлыстарды түрлі 

себептермен  ұланғайыр  қазақ  жеріне  жаппай  көшірді. 

Мәселен, 1936 жылы  Украина мен Польша шекарасынан бір 

ғана  Қарағанды облысына мыңдаған немістер мен поляктар  

жер  аударылды.  Сондай-ақ  1937  жылдары  кәріс  ұлтының 

өкілдері елімізге  қоныстанды.  Жаппай жер аудару соғыс 

жылдары  да  тоқтаған  жоқ.  1943-1944  жылдары  қарашай, 

қалмақ, шешен, ұңғыш, еврей, татар,  грек, армян, болгарлар-

ды құтты мекенінен айырып, қазақ жеріне күштеп көшірді. 

Бір сөзбен айтқанда, «сатқын», «халық жаулары» саналған 

көптеген ұлт өкілдері кең байтақ қазақ жерінен пана тапты. 

Отанынан жыраққа кеткендердің бөтен елде қалай, қайтіп 

өмір сүретіндеріне ол кездегі билік бас ауыртпады. Жер ау-

дарылып, панасыз қалған татар, кәріс, шешендерді қазақтар 

далада  қалдырған  жоқ.  Керісінше,  ашаршылықты  бастан 

өткеріп, соғыстан азып-тозып отырса да, аядай баспаналары-

на өзге ұлттарды кіргізіп, бір үзім нанын бөліп жеді. Әрбір 

қазақтың отбасы осылайша жер аударылғандарды қаңғытып 

жібермей,  жүрегінің  кеңдігіне,  көңілінің  дархандығына 

сыйғыза  білді.  Нәтижесінде,  ежелден  қонақжайлығымен, 

бауырмалдығымен  танылған  қазақтар  тағдыр  тәлкегімен  

қиын жағдайға тап болған халықтардың алғысына бөленді. 

Бертінде, сталиндік режимнің салқыны басылған соң, жер 

аударылған  халықтардың  біразы  өз  Отандарына  оралды. 

Қазір  Тәуелсіз  Қазақстанда  бірнеше  ұлттар  мен  ұлыстар 

ауызбіршілікте өмір сүріп жатыр.  Елімізде тұратын көптеген 

ұлттар  қазақ  халқының  дархандығы  үшін,  қиын  кездерде 

қол ұшын созған кеңпейілдігі үшін алғыс айтады. Қазақстан 

сан ұлттардың құтты мекеніне, әлем мойындаған татулық 

пен  тыныштықтың  ордасына  айналды.  Осы  ынтымақтың 

көрінісі ретінде ұлттардың бір-біріне және қазақтарға алғыс 

айту күнін енгізу туралы Елбасының өзі көпшілікке ұсыныс 

тастады. Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Мәңгілік Ел: 

Бір  ел  –  бір  тағдыр»    тақырыбымен  өткен    сессиясының 

ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұрсұлтан  Назарбаев: 

«Сталин  режимінде  әр  жылдары,  өздеріңіз  білетіндей, 

халықтар  түгелдей  жер  аударылды.  Оларды  вагондардан 

ауылдарға             тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған 

жоқ. Сол уақытта оларды  қазақ ұлты саман үйлерде тұрып 

жатса да қабылдады.  Саманнан жасалған  екі бөлмелі там 

үйде тұрған менің  отбасым  осындай үш баласы бар жанұяны 

қабылдады.  Көз  алдыма  әрқашан  олардың  бөлменің  бір 

бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды,  

киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда 

өмір сүрді, жұмыс істей бастады және бізге өмір бойы алғыс 

айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым. Сондықтан 

бүгін мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні  

– 1 наурызды Алғыс айту күні деп белгілеуді ұсынып отыр-

мын.  Бастысы, бұл күні  барлық ұлттың бір-біріне және осы 

адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс 

айту күні деп бекітілсе әділетті болар» – деді. Осы жиыннан 

кейін  көп  уақыт  өтпей,    еліміздегі  ұлттар  татулығы  мен 

бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке пайда болды.                                                                                                          

1  наурыз  Елбасы  Жарлығымен  Алғыс  айту  күні  болып 

бекітілді.

Иә,  ХХ  ғасырдың  ортасында  жер  аударылғандардың 

ұрпақтары бүгінде бейбіт елде өмір сүріп отырғандығы үшін  

қазақ халқына алғыстары шексіз. Өйткені біз сырттан келген-

дерге салқындық танытпай, төрімізден орын бердік. Қазіргі 

таңда  облысымызда  да  80-нен  астам  ұлттар  мен  ұлыстар 

өмір сүруде. Олар 73 этно-мәдени бірлестіктер құрса, оның 

47-сі аудандық жерде құрылған. Ұлттардың ішіндегі ең көбі 

дүнген, түрік, орыс, күрді, кәрістер Жамбыл, Қордай, Талас 

аудандарында  көптеп  қоныстанса,  небәрі  20-30  адамнан 

тұратын ұлттар да аз емес. Мәселен, өңірде авар ұлты 33 

адамды құраса, эстондықтар – 21, хакастар – 20, гагауздар– 

13, караимдар – 12 және лакцылар 11 адаммен Жамбыл жерін 

қоныс етуде. Тіпті 1 кубалық және 1 жапон азаматы да об-

лыс тұрғыны ретінде тіркелген. Міне, осылайша Әулиеата 

топырағы да өзге ұлт өкілдеріне құшағын кеңінен ашты. 



Лариса Калькова, 

«Полонез» поляк этно-мәдени бірлестігінің төрағасы:

–  Алғыс  айту  күні  –  бұл  ең  ал-

дымен  елімізде  тыныштық  пен 

үндестік,  өзара  сенім  пен  барлық 

қазақстандықтарға деген құрметтің 

орнығуына негіз болған Президенттің 

бейбітшілік пен келісім саясатының 

салтанаты  күні.  Бұл  –  тағдыр 

тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз 

қоныс аударылған түрлі этностардың 

миллиондаған  өкілдерінің  құтты 

қонысына  айналған  қасиетті  қазақ 



           ҚАЗАҚ ОСЫ,       ҚҰШАҒЫ КЕҢ БАУЫРҒА!

 

„

2016 жылғы 14 қаңтарда Мемлекет 



басшысы «Қазақстан Республикасындағы 

кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» 

ҚР Президентiнiң 1998 жылғы 20 

қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс 

пен толықтыру енгізу туралы» №173 

Жарлыққа қол қойған болатын. 

Бейбітшілік пен 

бауырластық мерекесі

Осылайша, Қазақстан халқы 

Ассамблеясының  құрылған         

күні – 1 наурыз елімізде Алғыс 

айту  күні  деп  жарияланып, 

Қазақстан халқы тұңғыш рет 

аталмыш мерекені атап өтті. 

Алғыс айту күні – халықтың 

бірлігін,  өзара  сенімі  мен 

қ ұ рм е т і н і ң   о р н ы ғ у ы н а 

н е г і з   б о л ғ а н   Е л б а с ы 

Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік 

п е н   ке л і с і м   с а я с ат ы н 

айшықтайтын айтулы мереке. 

Бұл күн – өзге елдерден тағдыр 

тәлкегімен қасиетті Қазақстан 

жеріне қоныс аударған түрлі 

этностардың  құт  сыйлаған 

мекені мен кеңпейіл қазақ халқына деген терең тағзымның белгісі. 

Халқымыз қиын-қыстау заманға қарамастан, қазақ жеріне көшін 

тоқтатқан ұлт өкілдерінің басына түскен ауыртпалықты бірге 

көтере білді, панасызға пана беріп, нанын бөлісті. Алғыс айту күнін 

мерекелеудің жаңа форматы «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих 

және тарихи сана негізінде нығайту, қазақстандық құндылықтарды 

насихаттау, азаматтардың Отанға деген патриоттық сезімін, бір-біріне 

деген құрметін қалыптастыру, ұрпақтың аға буынға алғысын, туған 

жеріне деген ықыласын туғызуға бағытталады. Алғыс айту күні – 

мемлекетімізді қалыптастырудың қиын кезеңдері бір атаның баласын-

дай ұйысып, Мемлекет басшысымен бірге Тәуелсіз Қазақстанды құру 

жолында жұмыла еңбек еткен барлық азаматтарға құрмет білдіретін 

және ата-бабасын сыйлаған халқымыздың әдет-ғұрпы мен жетімін 

жылатпаған қайырымды елдің дәстүрлерін көрсететін ынтымақ 

пен бауырластық мерекесі. Алғыс айту күні – еліміздегі барлық ұлт 

пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы 

Ассамблеясының күні. Бұл мерекенің Ассамблеяның ұйытқы болу-

ымен аталып өтілуі де осыдан. 80-нен астам этностар қоныстанған 

Жамбыл өңірі де айтулы күнді  лайықты түрде өткізуді жоспарлап 

отыр. Мерекелік шараларды өткізуге дайындық бойынша облыстық 

іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарды түзу барысында Алғыс айту күнін мерекелеуді 

ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар басшылыққа алынды. Мерекенің 

ақпараттық-идеялық және әлеуметтік маңызды мазмұнын қамтамасыз 

ету үшін жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдары үйлестіру 

жұмыстары жүргізілуде. Жоспар үш бөлімнен қалыптастырылды. 

Бірінші – мерекенің идеялық мәнін ақпараттық жұмыс арқылы 

насихаттау. Бұл жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан 

Республикасы Президентінің бейбітшілік пен келісім саясатын, 

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын, 

этностардың қоныстану тарихы мен қазақ халқының кеңпейілділігін 

және бауырмашыл әдет-ғұрпын бейнелейтін материалдар жария-

лау, телебағдарламалар ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Өңірлік 

Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің, шығармашыл зиялы 

қауым өкілдерінің, қоғам қайраткерлері мен жастардың Алғыс 

айту күніне арналған сөз сөйлеулері ұйымдастырылады. Жергілікті 

телерадиоарналардың «Жамбылдықтар алғысы» атты репортаждары, 

халық арасында сұраулар өткізулері қарастырылған.

Екінші бөлімі – облыстың аудандарында, мекемелерде өткізілетін 

жалпы форматтағы іс-шаралар. Яғни 27 ақпан мен 1 наурыз 

аралығында жоғары оқу орындарында этно-мәдени бірлестіктер 

өкілдерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, шығармашыл 

және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, жастармен Алғыс айту 

күнінің шығу тарихы мен дәстүрлеріне арналған тақырыптық 

іс-шаралар  өтеді.  Мектептерде  «Алғысым  шексіз  анама!»,                                                                                         

«Отаныма мың тағзым!», «Ұстазыма рахмет!» тақырыптары бой-

ынша сынып сағаттары, шығарма жазудан байқаулар, ашық сабақтар 

ұйымдастырылады. Бұл мереке тек өткенге тағзым емес, бүгінгі 

қоғамымыздың игілікті істерін көрсету болып табылады. Осыған 

байланысты, Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 

емдеу мекемелерінде тегін медициналық тексерулер, кеңестер, 

қабылдауларға арналған «Ашық есік» акциясы өтеді. Әкімдіктер 

мен ірі өндіріс орындары, кәсіпорындардың арасындағы әлеуметтік 

әріптестік келісімдер, меморандумдар аясында аз қамтылған 

отбасыларына  арналған  «Қайырымды  ел»  атты  әлеуметтік 

көмектер көрсетіледі. Жастар саясаты басқармасы тарапынан ҰОС 

ардагерлеріне, жесірлеріне, жалғызбасты қарттарға үй-тұрмыстық 

көмектер бойынша «Тағзым ету – парызым» атты жастардың                

акциялары ұйымдастырылады.

Үшінші бөлім – Тараз қаласында өткізілетін негізгі іс-шаралар.  

1 наурыз күні «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталық алаңында және 

Достық үйінде этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен «Алғысым 

шексіз халқыма!» атты театрландырылған көрініс, мерекеге арналған 

түрлі іс-шаралар өтеді. Аталмыш шара аясында «Жүректен жүрекке» 

атты қайырымдылық марафонын өткізу қарастырылған. Сол жерде 

«Алғысымды арнаймын қылқаламмен» оқушылар арасындағы 

сурет салудан, «Алғыс – сөздің асылы» бата беруден ақсақалдар 

байқаулары ұйымдастырылады. Сонымен қатар жамбылдық 

өнерпаздардың  «Рахмет саған, туған өлкем!»  атты концерттік 

бағдарламасы ұсынылады. 

Қайырымдылық шаралары «Ырзығы мол Жер ана» ауыл 

шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің, кәсіпкерлік субъектілері 

ұсынған  жәрмеңке  мен  Жамбыл  даңғылында  орналасқан 

коммуналдық базарда және қалалық емханаларда Ашық есік күні 

аясында тұрғындарды тегін медициналық тексерулерден өткізу, 

кеңестер беруі жалғасатын болады.



Маржан ҚОЖАЕВА,

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы 

төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі.

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №9 (1349), 1 НАУРЫЗ  2017 ЖЫЛ  //

ДАТА


9

           ҚАЗАҚ ОСЫ,       ҚҰШАҒЫ КЕҢ БАУЫРҒА!

жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. 

Қазақ  халқы  қиын-қыстау  заманда  біздің  басымызға 

түскен  ауыртпалықты  қайыспай  бірге  көтере  білді,  бұл 

бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы 

адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айнал-

ды. Қазақтың мейірімі халықтарды мәпеледі. Сол мейірімге 

ескерткіш тұрғызса да көптік етпейді. 



Людмила Корнилина, 

«Шиват Цион» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы: 

 

– Бұл күн – күрделі заманды иық 



тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім 

ішінде Елбасының басшылығымен 

Тәуелсіз Қазақстан құру жолында 

аянбай тер төккен еліміздің барлық 

азаматтарының бір-біріне құрмет 

білдіретін  күн.  Қазақстанның 

тағдыр  тоғыстырған  көп  ұлтты 

ха л қ ы н ы ң   о рт а қ   т а р и х ы н 

құрметтеу күні болады. Бұл күн– 

қайырымдылық  дәстүрлерін, 

әлеуметтік ынтымақты және өзара 

көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл 

репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқының 

бізге көрсеткен мейірімділік пен ақкөңілдік, қолда бар-

ды  бөлісу  мен  көмек  көрсетуге  дайындықтың  рухани 

дәстүрлерінің күні деп білемін. 



Лёля Узденова, 

«Бірлік» қарашай мен балқар этно-мәдени бірлестігінің 

төрағасы:

– Қазақстандық патриотизмнің, 

достығымыз  бен  бірлігіміздің, 

мәдени  сан  алуандығымыздың 

жарасқан күні, себебі Елбасы 100-

ден аса этностың әрқайсысы өзінің 

қайталанбас  өрнегін  салуының 

нәтижесінде  біздің  біртұтас 

ұлтымыз бірегей артықшылықтар 

иесіне  айналғанын  атап  өткен 

болатын.  Алғыс  айту  күні  – 

Қазақстан  халқын  мәңгілікке 

біріктіруге бағытталған «Мәңгілік 

Ел»  жалпыұлттық  патриоттық 

и д е я с ы н ы ң ,   қ а з а қ с т а н д ы қ 

бірегейліктің  негізгі  арқауы  еліміздегі  барлық  ұлт  пен 

ұлысты  бір  шаңырақ  астына  топтастыратын  Қазақстан 

халқы Ассамблеясының күні. Алғыс айту күні еліміздің 

әр азаматының жүрегіне жақын әрі жарқын мерекелердің 

бірі болады. Қиын-қыстау заманда біздің ата-бабамызға 

қол ұшын берген қазақ халқына қанша алғыс айтсақ та аз 

болады. Қазақ десе, менің көз алдыма мейірімді, ақкөңіл, 

жомарт,  қайсар,  өжет  адамдар  елестейді.  Жандары  тек 

жақсылық жасауға жаратылған қазақ достарымның талай 

шарапатын көргенімді осы мерекеде айтпасам, адамдығыма 

сын болар еді. Ұл-қыздарымыз қазақ балаларымен дос, 

тату-тәтті. Араларынан қыл өтпес достықтары құдалыққа 

ұласқандары қаншама! Лайым, олардың құдалықтарын мың 

жылдық, достығымызды мәңгілік етсін! Қазақ халқының 

талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткергені тарихтан 

аян. Басқа түскен қандай ауыртпалық болмасын мойымаған, 

қажымаған, қарттары қамқоршы, жастары жігерлі қазақ 

халқы үшін қиындықтың бәрі артта қалды деп ойлаймын. 

Бүгінгідей берекелі бейбіт заманда мерекелеп, той-тойлап 

жүруіміз елді басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың 

арқасы екені анық. Сондықтан ел болып Елбасыға алғыс 

айтуымыз керек дер едім.

Нұржігіт Сағымбекұлы, 

Қырғыз Ұлттық университетінің студенті:

–  Менің  туып-өскен  жерім– 

киелі  Әулиеата  топырағы. 

Ата-анам  сол  бір  қиын  жыл-

дары  елге  келгенін  әңгімелеп 

отырады.  «Сол  кезде  қазақ 

халқының  қонақжайлығы  мен 

бауырмалдығы  болмағанда, 

біздің  әулет  сақталып  қалмас 

еді» деген ой санама жиі келеді. 

Жалпы  мен  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  «Ақжелкен» 

жастар  лигасының  мүшесімін. 

Қалада болып жатқан түрлі іс-шараларға қатысу арқылы 

мен  өңірдің  өркендеуіне  қосып  жатқан  үлесімнің  зор 

екенін сезінемін. Бүгінде Қырғызстан Республикасының 

бас қаласы Бішкекте білім аламын. Ол елде де ҚХА жұмыс 

жасайды. Бірақ қаным бір ағайындарым болса да, аңсарым 

туған жерге ауып тұрады. 

Бекбулат Лолохаев, 

Шешен-ингуш  этно-мәдени  бірлестігінің  мүшесі, 

«Парасат» колледжінің студенті:

– Алғыс сөзі – тұнық сөз. Естіген жанды рухани ләззатқа 

бөлейді. Бір жағынан тілек, бір жағынан адамның ниеті, 

ризашылығы ғой. Оның мәнділігі, 

маңыздылығы сонда жатыр. Алғыс 

сөзінің  мағынасы  теңіздің  терең 

тұңғиығындай,  тіл  жетпейтін, 

дүниедегі қымбат сөз. Осы сөзді 

айту  бар  да,  сол  сөздің  жүректе 

қалуы бар. Қазақстан халқы Ас-

самблеясы достықтың да, бірліктің 

де,  тұтастықтың  да  ұйытқысы 

болып  отыр  дейміз  ғой.  Менің 

түсінігімде, алғыс сөзінің иесі бо-

луы тиіс. Бір-бірімізге айтып қана 

қоймай,  мәңгі  есте  қалатындай 

жасасақ.  Сондықтан  айтулы 

күнді жалпы ел болып атап өтіп, 

маңыздылығын ұрпақ санасына сіңіруіміз керек. Көптеген 

адамдар материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген 

болса да, алғыс айта білмегені үшін рухани кедей болып 

жататыны бар. Бұл тұрғыда әр адам жылдың бұл күнінде не 

үшін рахмет айту керек екенімізді ойлана жүрсе артықтық 

етпейді деп ойлаймын. Осы орайда, мен өзім қиын-қыстау 

кезеңде құшағын аша қарсы алып, бауырына басқан қазақ 

халқына ерекше алғысымды айтқым келеді. Біздің баба-

ларымыз сол кезеңде қазақ жерінен пана тапқан. Біздер 

бұл күнде бір қауым ел болдық. Білім алып, болашаққа 

бағдарымыз бар. Сондықтан қазақ еліне алғысым шексіз.

Хобиб Алиев, 

«Борбонг» күрді этно-мәдени бірлестігінің мүшесі:

– Ассамблея бүгінде заңды түрде бекітілген мәртебесі 

бар іргелі ұйымға айналды. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ 

халқы  мен  басқа  этнос  өкілдерінің  ынтымақтастығын 

нығайту  жауапкершілігі  Ассамблеяға  жүктелген. 

Алғыс айту идеясының Ассамбле-

ядан шығуының өзі де оның саяси 

деңгейінің  жоғарылағандығының 

дәлелі. «Мәңгілік Ел» идеясының 

темірқазығы  да  Асс амблея 

қызметімен  астасып  жатыр. 

Өйткені бірлік, тәуелсіздік, ұлттық 

құндылықтарды орнықтыру осын-

дай  іргелі  ұйымнан  бастау  алуы 

тиіс. Ұлтаралық татулықтың негізі 

болатын  ұлы  құндылықтарды 

ұлықтауды  Ассамблея  тарапынан 

жасалған  саяси  қадам  ретінде 

бағалауға  болады.  Ұлтымыздың 

татулығы, ауызбіршілігі, еліміздің тыныштығы, азаматтық 

келісім  –  бәрі-бәрі  қоғамның  баға  жетпес  байлығы. 

Асыра  айтқандық  емес,  тәуелсіздіктің  негізі  де  осы-

лар.  Қоғамдық  дамудың  іргетасы  да  мықты  бірліктен 

құралады. Уақыт өткен сайын, жыл өткен сайын бірліктің 

ең  маңызды  құндылық  екенін  түсініп  жатырмыз  ғой. 

Төрткүл  дүниедегі,  берекесіздік  жайлаған  елдердегі 

оқиғалар – осының дәлелі. Бірлігі болмаған елде береке 

де болмайды. Бірлігі жоқ елде даму да болмайды. Демек, 

елдің  дамуының  көзі,  алға  жылжуымыздың  тетігі  осы 

бірлікке негізделген. Қазақстан әлемдегі озық отыз елдің 

қатарынан көрінуге алдына асқаралы мақсат қойып отыр-

са,  ол  да  іс  жүзіндегі  бірліктің 

арқасында.

Сталина Пак, 

«Ноиндан» кәріс этно-мәдени 

бірлестігінің мүшесі:

– Менің бала-шағам осы ұлан-

байтақ  қазақ  даласында  өсіп 

өнді. Ата-анамның қазақ еліне, 

жеріне,  дархан  көңіліне  үнемі 

айтып  отыратын  алғысы  менің 

жүрегімнен  ойып  тұрып  орын 

алған.  Қазақтың  мейірімділігінің  арқасында  менің 

бабаларым қылышынан қан тамған репрессия жылда-

рында аман қалды. Олардың тағдырын еске алғанда, 

көзіме еріксіз жас келеді. Қоныс аударып келгендерді 

жергілікті  жұрт  бөліп  алып,  өз  қамқорлығына  алды. 

Бақты,  қақты.  Мәселен,  біздің  ата-анамыз  келген 

жылдары оқымаған, дипломы жоқ жандар қара жерді 

жыртып, егінмен айналысты. Ата-анамыз күріш егудің 

қыр-сырын батыс өңіріне біздің ата-бабалар үйреткен 

деп те айтып жататын. Сондай-ақ ұлты ұлысқа бөлмей, 

кәріс,  өзбек,  қазақ,  орыс  –  барлығы  бір  киіз  үйдің, 

бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Бұл 

ұстаным бүгін де қалды.  



Хамида Тұрдыева, 

М.Қашқари  атындағы  ұйғыр  этно-мәдени 

бірлестігі жастар ұйымының төрағасы:

–   Б а рл ы қ   ұ л т қ а   бе й б і т 

шаңырақтың  астында  өмір 

сүруге мүмкіндік беріп отырған 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

әрдайым алғысқа лайық тұлға. 

Бірлігі бекем біздің еліміз 1990 

жылғы қиын кезде де босаңсыған 

жоқ. Бүгінде жастарға мемлекет 

тарапынан  жасалынып  жатқан 

мүмкіндіктер орасан зор. Алғыс 

айту  күні  –  өткенімізге  көз 

тастап,  еліміздегі  достықтың 

к ү ш і н   н ы ғ а й т у ғ а   ү л к е н 

мүмкіндік.  Біз  Қазақстанды  мекендеген  барлық 

халықтың достастығы мен төзіміне, сыйластығына да 

ризашылық  білдіруіміз  керек.  Бүгінгі  бірлік  –  бірге 

еңбек етіп, төккен теріміздің нәтижесі. Жылдан-жылға 

бірлігіміз нығая берсін!

Луиза Нұрматова, 

Өзбек этно-мәдени бірлестігінің мүшесі:

–  Біздің  ұлтымыздың  тілін, 

с а лт-дәстүрін,  әдебиетін 

о қ ы т ат ы н   ж а л ғ ы з   ө з б е к 

тіліндегі  мектепті  ашып, 

балаларымызға  білім  алуға 

мүмкіндік  беріп  отырған 

а з а м ат т а р ғ а   а л ғ ы с ы м ы з 

шексіз. Алты атадан бері Тараз 

шаһарында  тұрып  жатырмыз. 

Осыдан  кейін  бұл  менің  От-

аным  емес  деп  қалай  айтуға 

болады?  Сол  себепті  қазақ 

халқына  алғысымыз  шексіз. 

Осы өлкеде дәстүріміз бен ұлттық құндылығымызды 

жоғалтпай өмір сүріп келеміз. Қазақстан – әр ұлттың 

басын қосқан үлкен арналы ғажап мемлекет. Бүгінде 

көптеген  елдер  Қазақстанды  өздеріне  үлгі  етеді.  Біз 

үшін бұл да мақтаныш. Алғыс айту күні – біз жеткен 

жетістікті жастарға аманаттайтын жарқын мереке.



Раиса Югай, 

Кәріс этно-мәдени бірлестігінің мүшесі:

–  Елбасының дара саясатының, 

көреген  көшбасшылығының 

арқасында  мемлекетіміз  тағы 

бір  тағылымды  мерекемен 

толығып отыр. Осымен екінші 

жыл  аталып  өтіп  жатқан  ме-

рекеде    кәріс  ұлтының  аты-

нан  барша  қазақстандықтарға 

алғыс  айтамын.  Кәріс  халқы 

да басқа ұлт өкілдерімен бірге 

аумалы-төкпелі заманда пейілі 

дархан  қазақ  даласына  табан 

тіреген  еді.  Қазақ  халқының 

арқасында  кәріс  елі  тірі  қалды,  мәдениетін,  тілін, 

дәстүрін сақтап қалды.  Қазақ жерінде тең құқықта өмір 

сүру – біздің ұлт үшін үлкен құрмет. Жаңа мереке қазақ 

халқының  бойындағы  бауырмалдылық  қасиеттерін 

өскелең ұрпаққа үлгі етіп, болашағымыздың жарқын 

болуына сеп болсын!



ҚҰРАҚ КӨРПЕ

10

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №9 (1349), 1 НАУРЫЗ  2017 ЖЫЛ  //




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет